Жетписова Айгуль Амантаевна
Нұр-Сұлтан қаласы
№ 65 мектеп-гимназия
бастауыш сынып мұғалімі
Қазіргі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісі балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне ғана емес, білім беру жүйесінің ұйымдастырушылық жағына да байланысты болып отыр. Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының болмауынан, түсінбеуі салдарынан мұғалім жұмысында көптеген қиыншылықтар кездесуі мүмкін. Егер білім берудің әр сатысының арасында пәннің мазмұны, оқыту әдістері, оқыту құралдарының сабақтастығы толық орындалып отырса, яғни білім берудің әр сатысында берілетін математикалық білім бір – бірімен сабақтас болған жағдайда бұл қиыншылықты жеңуге болады. Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы – дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытады.
Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.
2-сыныптың оқушысының абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан бірінші сыныпқа арналған «Қызықты математика» арнайы курс бағдарламасы осы ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған.
Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. «Қызықты математика» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса математикалық, логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, ойлау қабілеті жетілдіріледі.
«Қызықты математика» бағдарламасы арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. «Қызықты математика» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.
Көңілді жаттығулар, викториналар, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.
Kosai. Arailym @gmail.com