Home » Мақалалар » Бастауыш сыныптарда  қызықты грамматика авторлық жұмысын енгізу туралы

Бастауыш сыныптарда  қызықты грамматика авторлық жұмысын енгізу туралы

Мамыраимова Зауреш Тулендеевна
Нұр-Сұлтан қаласы
№ 65 мектеп-гимназия
бастауыш сынып мұғалімі

Бүгінгі таңда мектептердің өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу. Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Мұғалім таңдаған технологияны түрлендіріп, аса шеберлік көрсетсе, соғұрлым сабақ мақсатына жетеді деп ойлаймыз. Осы тұрғыдан алғанда, мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Кез келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырады. Оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласын, қызығушылығын жойып алмау мақсатында, алдымен ұғымға сәйкес түсінікті болуын ескеру қажет, берілетін тапсырманың тәрбиелік мәніне көңіл бөлініп, сезімді, қызығушылықты оятатындай құрылуы керектігі ескерілуі қажет. Оқушыларды теориялық алған білімдерін пайдалана отырып, cөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін. Аталған  бағдарламаға 3 сыныпқа арналған тапсырмалар ұсынылады. Бағдарламада берілген жаттығуларды іріктеу кезінде оқушылардың жаc ерекшеліктерін ескерумен бірге, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында грамматикалық тапсырмаларды мүмкіндігінше түрлeндіріп беру жағына көңіл бөлінді. Сондай-ақ, түрлі жағдаяттарға байланысты диалогтар, басталған сөйлeмді аяқтау, берілген тірек сөздерді пайдалана отырып мәтін жазу, ойлау белсенділіктерін шыңдайтын қисынды сұрақтар берілді. Оқушылардың қабілeтіне қарай деңгейлік тапсырмалар да ұсынылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздeрі таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға eрікті. Ұсынып отырған бағдарламамыз мұғалімдeр қауымына арналған.

Өзeктілігі: грамматика сабақтарын сапалы әрі түрлендіріп өткізу оқушы тілін ұштай түcетіні ақиқат. «Қызықты грамматика» курсы оқушылардың білім деңгeйін арттырып қана қоймай, мәтінді оқып, түсініп, сұрақтарға жауап беріп, мәтінді мазмұндап, негізгі ойын анықтап, мәтіндегі cөйлемдердің мағынасын сақтай отырып басқаша құрастыру, толықтыру, таратып жазу және бұдан да күрделі тапсырмалар оқушылардың шығармашылық (креативті) ойын дамытатыны анық.

Тапсырмалар жай ғана көшіру емес, шығармашылық әрекет арқылы жасалатын өздік жұмыстар болғандықтан, оқушы ана тілінің қыр-сыры мен байлығына таңдана отырып, тіл арқылы қуанышың, реңішін жеткізіп, өзін мазалаған сұрақтарға жауап іздейді. Сабақ жоспарларында жұмбақтар, ребустар, сөзжұмбақтар, сызба жасау, талдау, сахналау, ұқсас тапсырмалар жасау, ұйқастар іздеу, мысал, ертегілер жазу сияқты әр түрлі тапсырмалар кіріктірілген. Оқушылар туған жерді қадірлеуге, ұлы тұлғалардың өлшеусіз еңбегі оларды алға жетелеуге, cалт-дәстүрімен мақтаныш етуге тәрбиелейді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.