Home » Мақалалар » Бейбіт күн жасасын әлемде!

Бейбіт күн жасасын әлемде!

  Камшат Орынбекқызы
Жамбыл облысы Тараз қаласы

№29 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
  

 

 

 

 

Зал іші әсем безендірілген.  Балалар маршпен музыка залына кіреді.
Жүргізуші: Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,
Қирады талай арман көңілде қалған.

-Құрметті  ұстаздар, балалар! Сіздерді 9 мамыр жеңіс күнімен құттықтаймыз. 9  мамыр жеңіс туын желбіреткен Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз, аға –апаларымыздың суреттеріне, бейнетаспаға назар аударайық.
(Слайд):   Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин,Талғат Бегелдинов, Рақымжан Қошқарбаев,
Қасым Қайсенов  т.б. Мінекей осы жерлестерімізге ерлікпен қаза тапқан ата-апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық.Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық. (1 минут үнсіздік).
-Сонау 1945 жылғы сұрапыл соғыста  батыр, ержүрек ата-апаларымыз жасаған ерліктері мәңгі есімізде сақталады. Бейбіт күннің әрбір арайлап атқан таңы үшін, біз майдангерлерге қарыздармыз. Осы Жеңіс күніне арналған «Бейбіт күн жасасын әлемде!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Тақпақ:
Әсия:
Жаралғандай жалыннан,
Жайсаң батыр Бауыржан.
Естігенде есімін,
Жау есінен жаңылған.
Пулеметті сөйлетіп,
Қорғады алтын бесігін.
Ұмытпаймыз өрлетіп,
Мәншүк апа есімін.
Жандос:
Арылтып жаудан жеріңді
Табанға шаншып өлімді
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді
Десеңдер бұл қай күні
Тоғызыншы мамыр күні.
Раяна:
Сияет солнце в день Победы
И будет нам всегда светить
В боях жестоких наши деды
Врага сумели победить.
Айару:
Әлия орыс қаласын
Азат етіп боды мерт
Ол жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн.
Бәрі де майдан үшін
Бәрі де жеңіс үшін
Біздер үшін жан қиған
Бас иеміз жандарға.
Абдухабир:
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталадың
Бұл жеңісті алып келген.
Жүргізуші: Ия, жеңіс бізге оңай келген жоқ. Олай болса «Соғыс қасіреті» көрінісіне назар аударайық.
Көрініс: «Соғыс қасіреті»
Жандос   атпен   шауып   келеді.
-Армысыздар аталар, әжелер! Ауылға      күйші келіпті,      күй   тыңдауға   шақырамын.
Балалар   келіп   дөңгеленіп   отырады,   күй   тыңдайды.
Осы   кезде   соғыс   басталғанын   хабарлайды.
С.Алихан:
-Ал, балаларым бата берейін. Елімізді, жерімізді жаудан қорғап, аман есен ауылға оралыңдар. Батыр болыңдар. Қайратты болыңдар, әумин!
«Майдан»   әні
Ер   балаларды   соғысқа   шығарып   салады.
Асия: Құрдан   қол   бұлай   отыра   бергеніміз  жарамас   азаматтарымыз    соғысқа  кетті,   еңбек   етіп   қол   ұшымызды   тигізейік,  жұмысқа     кірісейік.
Жүргізуші: Ашу   мен   кек   оятты   ел   намысын,
Отан   үшін   жан   пида   болу   үлкен   сын
Ер   азамат   жауменен   арпалыста,
Әйелдер   терін   төкті   майдан   үшін
Үдетіп   соғыс   оты   қайғы – мұңды,
Төрт   жыл   өтті,   соғыс   әлі   бітпей   қойды
Кемір – шал,   әйел –бала   ауылдағы
Сеніммен   күтуші   еді   жеңіс   тойды.

Егін   даласындағы   әйелдердің   бірі.
Раяна: Мына,   соғыс   та   бітпеді –ау …
Азаматтарымыздың   хабары   да  жоқ.
Айару: Қайта   соған   қуаншайшы. Өткен   жолы   анау  көршінің    баласынан   қара   қағаз  келгенін. Қазір   хабар   жоғына   қуану   керек. Әйтеуір,   тірі   дағы.
(Осы   кезде   саханаға   бригадир   келеді).
Б.Алихан:
-Ә,   Ә  беке,   амансыңдар   ма?   Балалар  да   шаршаған   болар?   Мен   сендерге    демалыс   бере   келдім.  Демалып   алыңдар   кішкене.
Дастан: -Ә беке — ау!  Біздің   армия   жайлы,   қандай   хабарың  бар,   айта  отыр.
Б.Алихан: Ой,   құдайға   шүкір   біздікілер   герман   жеріне    кіріп,  фашистті жеңіп   жатқанға   ұқсайды.
Дастан: Әп,   бәрекелді. Иттерге   де   керегі   сол.
Нодира: Ата,  осы   фашист   деген   ит   қандай   екен?
С.Алихан: Балам –ау   «фашист»   деген  басына  кішкене   қазанды төңкере   киген,   үстіне   темір  терсек   атаулыны ілген адам ғой
Осы   кезде   Жандос      жүгіріп   келеді.
-Ата, хат таситын апай   келе   жатыр.
Дауыстар: Мына   хат таситын апайдың    жүрісі   өзгеріп   кетті.
Раяна: Бұл   кісіге  не    болған,   бұлай   қатты   жүрмеуші   еді   ғой.
Айдай: Сүйінші!  Халқым,   жұртым,   сүйінші!
Айару:Шыныменен   қарғыс   атқан   соғыстың   біткені ме?
Жүргізуші:
Күткен   жеңіс   жарық   етті   сәуле   шашып,
Жеңіс  келді,  қуандық   асып, тасып
Жауды жойып   батырлар   елге   оралды,
Ата – анамен қауышты   құшақ   ашып.
Соғыстан  келеді.  (бір – бірімен   қауышу).
«Соғыстан   қайтқан   солдаттар»
Ән: «Жеңіс күні»
Ойын: «Кішкентай медбикелер»
Шарты: екі жаралы солдат отырады, екі кішкентай медбикелер солдатты бинттермен орайды.
Жүргізуші: Сөйтіп 1941-1945 жылдары 4 жылға созылған ауыр соғыстан кейін совет әскерлері фашистік Германияны құлатып, Ұлы Отан соғысында жеңіске жетті.
Міне соғыста бітті. Енді әрі қарай жеңіс мерекесін тойлайық.
Жүргізуші: Ал енді  сарбаздар биін тамашалаңыздар.
Би: « Сарбаздар»
Тақпақтар:
Айдай:
Жеңіс күнін қарсы алайық бәріміз
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.
Дастан:
Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды
Жеңіс жеңіс қоңыраулар қағылды
Күн парақтар қып-қызыл боп ашылды
Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.
Даниэлла:
Он защищал тебя на поле боя
Упал на шагу не спупив назад
И имя есть у этого героя
Великой Армии простой солдат.
Б.Алихан:
Барша халық жеңіс күнін тойлайды
Жас сәбилер думандатып ойнайды
Ардагерлер көздеріне жас алып
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Ән: «Жеңіс туы желбіреп»
Орындайтын: Сұлтанұлы Алихан
Тақпақтар:
Нодира:
Ду нот фогет зе виктори дей,
Уи уил ремембе, уи уил хонер.
Зиз из май хомленд,
Ю кант хелп бат би праудоф хе
Муаз:
Қуантамыз ән сап жұртты
Келе берсін бақыт таңы
Жеңіс күнің болсын құтты
Батырлардың ұрпақтары.
Көркемай:
Хаппи виктори дей,
Ай уиш ю ту лив ин зе олд.
Ай уиш уо,
Уи нево ию
Раиля:
С Днем Победы поздравляю,
В мире жить я вам желаю.
Я желаю, чтоб войны,
Никогда мы не знали
Ән: «Ел қорғауға әзірміз»
Орындайтын: Шермаханбет Айару
Қонаққа Әскери қызметкер келеді:
-Мереке құтты болсын Балақайлар! Мен әскери қызметкермін. Отанымды кез келген уақытта қорғауға дайынмын. Сендердің меркелеріңді тамашалауға келдім
Жүргізуші:Ал енді еліміз тыныш, заманымызда бейбітшілік болсын деп ұл-қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.
Би: «Жұптасу» биі
Әскери қызметкер:
-Мен, мергенмін. Сендердің мергендіктеріңді тексеру үшін ойын ала келдім. Кәнекей ойнап көрейік.
Ойын: «Мергендер»
Шарты:  датстарға кім көп тигізу. Мергендіктерін дәлелдейді
Әскери қызметкер:
-Мен сендердің өнерлеріңді көрдім. Кіп-кішкентай патриоттары бары біздің мемлекет нығая түседі . сау болыңдар!
Ән: «Ақ көгершін»
Көгершін ұшыру
Жүргізуші: Жамандық алла бермесін
Ұрпақтар соғыс көрмесін
Ел жұртымыз аман
Берекелі заман болсын!
Мына ашық аспанда
Көк туымыз желбіресін!

-Құрметті қонақтар осымен біздің 9 мамыр жеңіс күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.