Home » Жаңалықтар » Nazarbayev University Жоғары білім беру мектебі өкілдерімен онлайн-кездесу өтті

Nazarbayev University Жоғары білім беру мектебі өкілдерімен онлайн-кездесу өтті

    Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Nazarbayev University Жоғары білім беру мектебі өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Кездесу барысында Академия президенті Ғани Бейсембаев қазіргі отандық білім беру жүйесіндегі оқыту үдерісіне жаңа тың жаңалықтарды енгізуді басты мақсат етіп отырғанын айтты. Әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңа педагогикалық әдістемелер енгізіліп бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені болашақ ұрпақтың сапалы білім алуы үшін үлкен жауапкершілік.
Алдағы  уақытта Nazarbayev University Жоғары білім беру мектебімен серіктестік орнатып, бірлесіп педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге шақырды. Nazarbayev University Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сағынтаева Академияның ғылыми әлеуетін атап өтті. Білім  және ғылым саласындағы жобаларға бірге қатысып, ғылыми қызметкерлердің өзара тәжірбие алмасуына мүмкіндік бере отырып, зерттеу құралдарын,  ғылыми журналдыңі бағытын жетілдіруде ортақ жұмыстар жасауға ниет білдірді. Сондай-ақ,  Академия мен NU қызметкелері Жоғары білім беру мектебін дамыту мәселесіне қатысты өз ойларын айтып, ұсыныстарын білдірді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.