Home » Мақалалар » Диалогтік оқыту арқылы  қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Диалогтік оқыту арқылы  қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Аятова Гүлсара Каирбаевна
«Павлодар қаласының
№ 24 жалпы орта білім
беру мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі

Заман талабына сай, педагог оқушыны қалай және неге оқыту не нәрсеге қызықтыра алуы керек? Бұл жерде ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігінің дамуына аса маңызды көңіл аудару қажет деп ойлаймын. Сондықтан да мұғалім біліктілігін арттыру барысында, Кембридж бағдарламасының мазмұнындағы 7 модуль идеясында ашылады. Жеті модульдердің барлығында негізгі түйін білім алушылардың өзінің түсінігі қалыптасуына, саналы түрде білім алуына, әлеуметтік серіктестікте білім алуға, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытып, өзара тілдік қарым-қатынас орнатуын дамытуға негізделген.

Негізгі идеяларды іске асыру үшін мұғалім тұлғаның бойында еркін ойлап, өз ойын  барысында еркін ашық айта білу шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруы керек. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақ өткізу барысында оқушыларды қызықтыра алуы қажет. Жаңаша білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек.  Мұғалім «оқытушы» емес, «бағыт бағдар» беруші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Жоғары технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін талап етеді. Диалогтік оқыту оқушының тек қана бірлескен әрекетке тартылуына ғана емес, оқушының ойлау сөйлеу қабілеттерінің жоғары деңгейге өсуіне, тіл байлығы мен зияткерлік қабілетінің дамуына ықпалын тигізеді. Осы уақытта топ арасында талқылау, бір-бірінің пікірлеріне қарама-қарсы дәлелдеме жасап, өз дәлеліне  сыни тұрғыдан қарауға дағдыланады.

Әңгімелесудің 3 түрі бар.

  1. Зерттеушілік әңгіме
  2. Әңгіме-дебат (пікірталастық әңгіме)
  3. Топтық әңгіме

Өзімнің іс-тәжірибемде  диалогтың  екінші және үшіншісі қолайлы деп шештім.

Әңгімелесу — бұл мұғалімге оқушылардың ынтасын, шығармашылық қабілетін шыңдай алатын негізгі басты құрал. Оқушылардың сөздік қорлары, тіл байлықтары жақсы дамыған. Себебі  үнемі сабағымда диалогтық оқыту әдісін пайдаланамын. Өзімнің сабақтарымда  рөлге бөлу әдісін қолданып отырамын. Оның тиімділігін мәтінмен жұмыс жасағанда бірнеше оқушылар қамтылады және өз бетімен жұмыс жасап, оқып түсінеді. Өздері бірі-біріне бағыт беріп, топ басшысы қадағалап отырады. Диалогтың өзі сабақ өту кезінде әртүрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы, сұрақ-жауап, рөлдік тапсырмаларды орындату, ал жұптық жұмыс, диалогтік мәтінді оқуы, түсінулері. Өзімнің іс-тәжірибемде байқағаным, оқушыларға мәтін бойынша өздері тақырыпқа сай сұрақтар дайындап, әр топқа қоя алады.

— Бұл жерде қойған сұрағына оқушы өзі жауап бере алуы;

— Сұрақтардың түрлерін ажырата білі;

— Мәтінге қатысты негізгі сұрақ қою;

Осы нәтижелерді іске асыру барысында оқушылардың топпен жұмыс істеу барысында топ мүшелері бір-бірін тыңдап, топ басшысымен бірге ортақ шешімге келе алады.

Сабақтарымда диалогты қолдана отырып, анықтағаным: бұрынғы дәстүрлі сабақ беру үдерісімен салыстырғанда жаңа тәсілді қолданып диалогты дамыту арқылы да, оқушылардың шығармашылық қабілетіне жол ашуға болатындығы. Өйткені  диалог бұрын тек жұптық жұмыс арқылы жүзеге асса, қазіргі кезде  топтық жұмыста орындалады. Оқушылар берілген сұрақтарды бірлесе талқылап,топ басшысының шешімімен топтан екі оқушы тақтаға шығып жұптық жұмысқа өз шығармашылықтарын көрсете біледі.

Оқушылар топпен жұмыста, көшбасшы бола алады, бір-бірлерімен диалогқа түсіп, пікірлерін тыңдай отырып, ойларын дәлелді түрде жеткізіп, сабақтың жинақтау кезеңінде 5 жол өлең шығарып, бағалау кезеңінде өздерін бағалаудың әртүрлі әдістерімен әділ түрде бағалай алады. 5 жол өлеңді құрастыруда, кез-келген тақырыпқа  сөйлемдер құрастыруда  кейбір оқушылардың ізденімпаздығын  анықтауға болады. Диалогтық сұхбаттасу оқушылардың білім алуға қомақты үлес қоса алатын нақты бір тиімді түрі бола алады. Әр сабақта қоланылған 7 модуль бағыттары, соның ішінде диалогтық оқыту арқылы оқушылардың  тіл арқылы қандай да бір байланыста бола алатындығын көрсете алады.

Диалогтік оқыту тәсілін қолданған кезде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда жеткен жетістіктерім:

  • Оқушылар берілген тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанды;
  • Сыни тұрғыдан ойлануға 5 жол өлең құрастыруға үйренді;
  • Өздерінің жақсы жақтарын өзгеге көрсете білуге, басқа оқушылардың идеяларын тыңдай және бағалауға үйренді;

Оқушылар сабақ барысында бір-бірлеріне тілек жазу арқылы да, топта жаңа тақырыпты талқылау барысында да, ойларын тақта алдына шығып стикерге жазу арқылы да дәлелдей отырып, диалогтік қарым-қатынасқа түсе отырып, пікірлерін жеткізу арқылы да, шығармашылық қабілеттерін шыңдай түседі.  Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Сабақтарымда байқағаным, оқушылардың шығармашылық мүмкіндігі зор, берілген тапсырмаларды өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарай шеше алатындығы. Сабақта мұғалім оқушыларын кез-келген әдіс-тәсілдермен қызықтыра алатын болса, кейбір тұйық жүретін, көп ашыла бермейтін шәкірттің өзі сабаққа белсене қатысып, өз ойын ерікті түрде жеткізе алады. Сабақта көрсеткен жетістіктерін үнемі ұмытпай айтып, оқушының сезім күйін бақылап, қамқорлық жасау. Олардың сабақ барысында немесе сабақтан тыс кезінде бізге сұрақтар қоятын болса, оған пейілмен жауап беріп, алдыға проблема қойып, оны шешуге өздерін де іздендіретіндей ықпал жасап отыру керек.

Өзімнің ойымды қорытындылай келе, қолданған тәжірибемде оқушыларымның сөздік қорлары молайып,  өз ойларын еркін түрде жеткізе алатын, бір-бірлеріне сұрақ қойған кезде, жоғары деңгейлі сұрақтардың маңыздылығын түсініп, бір-бірімен пікір таластыра алатын, айтқан сөздерін дәлелдей білетін шығармашылыққа бейім, шәкірттерім өсіп келе жатқанын мақтан тұтамын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.