Home » Мақалалар » Тәуелсіздік –Тәңір берген тәтті сый

Тәуелсіздік –Тәңір берген тәтті сый

Алматы қаласы Жетісу ауданы
№108 жалпы білім беретін мектебінің
10 сынып оқушысы
Жунайтов Алмат

        Егемендік алып, Тәуелсіз мемлекет болғанымызға – 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік күні – ең маңызды және тарихи күн. Оны той тойлау үшін емес, бәрімізге ойтолғау үшін жоғары деңгейде атап өтуіміз керек. Себебі, Тәуелсіздік – ата-бабамыз сан ғасырдан бері аңсаған, біздің қолымыз жеткен, бақытты ұрпақтың басына қонған Тәңір берген тәтті сый. Осы 30 жыл ішінде Қазақстан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде күш-қуаты нығайып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Ең үздік елдермен үзеңгісін теңестірді.

Егемен еліміз, сүйікті Отанымыз жыл сайын Ұлық мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Бұл күн әрбір отаншыл, патриот, елжанды азаматтың жүрегінде от болып лаулап, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз. Себебі, Отанды сүю және қорғау – адамзаттың міндеті, азаматтық борышы.

Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстанымыз – әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Еліміз 30 жыл ішінде экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ жерінің байлығы, мол табиғи қорлары – еліміздің әлеуметтік, экономикалық дамуының негізі болуда. Жеріміздің байлығын сақтап қалуға өз үлесімізді қосуымыз керек деп ойлаймын.

Әр қазақ өз ана тілінде сөйлеп, салт – дәстүрін сақтаса, еліне адал қызмет етсе, «Мәңгілік ел» болуға жасаған үлкен қадам деп санаймын. Тәңірім, бұл бақытты ұзағынан сүйіндіргей!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.