Алматы қаласы.Жетісу ауданы
№108 жалпы білім беретін мектептің
5 «Г» сынып оқушысы
Болатбекқызы Арайлым
Біздің Отанымыз-Егеменді,Тәуелсіз мемлекет
Осынау маржандай тізбектеле қалған сөздердің астарында-жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт кетпеген бабалардың ғасырлық арман жолы жатыр емес пе?
Мың өліп, мың тірілген қазақ елі қилы- қилы тағдыр тауқыметін көрсе де, ұлт ретінде тарих сахнасында өзін- өзі сақтай білді. Халқымыздың қайсарлығы мен табандылығы арқасында бүгінде еркіндік самалының рахатына бөленудеміз.
Ел Тәуелсіздігіне өшпестей ерлік істерімен өз үлесін қосып кеткен Қайраттай ағамыздың өлең жолдарын еске түсірсек, қазақ халқы ұлт болып ұйығалы бері тап бүгінгідей біртұтас, қуатты мемлекет құрып, өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндігі болған емес. Қазіргі күнде мемлекетіміздің дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттермен терезесі тең. Ешкімге жалтақтап жатқанымыз жоқ.Осынау жылдар ішінде елімізді ғаламға танытқан көптеген игі істер атқарылуда. Қазақстанның көк аспанында көк туымыз желбіреп, Қазақстан деген елдің бар екенін әлем жұртшылығы мойындағалы қашан. Бүгінгі таңда әлем назарын өзіне аударып отырған қазақ елінің әр күні, айы, жылы жағымды жаңалықтарға толы. Иә, елімізде бейбітшілік пен тыныштық заман.
« Елбасымыздың: « Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.Тәуелсіз ел атанып, бұрын- соңды болмаған, өзгелермен терезесі тең мемлекет құрдық. Дүние жүзі сыйлайтын ел атандық. Соның бәрі — бірлігіміздің арқасы!»-деген дана сөздерін әрқашан жадымызда ұстасақ біз болашақ жастар үшін артықтық етпейді.
Біз бүгінге дейін барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.
Жердің де, елдің де иесі біз екенімізді ұмытпайық !
Иә, «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»- деп ұлы ғалым Ш. Уәлиханов айтып кеткендей, еліміздің бақытын тербеткен Тәуелсіздігіміз баянды, іргесі мәңгі берік болсын. Сүйікті Отанымыз — Азат Қазақстанды қорғау бүгінгі ұрпақ біздің қолымызда .
Еліміздің «Мәңгілік Ел» болуына баршамыз ат салысайық ! Тәуелсіздігіміздің -30 жылдығы құтты болсын!