Home » Мақалалар » Тәуелсіздік-тәңір берген тәтті  сый

Тәуелсіздік-тәңір берген тәтті  сый

Алматы қаласы Жетісу ауданы
№108 жалпы білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Айтбаева Эльмира Абдубалиқызы

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі.

Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды жауапты жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз жылда орындап, әлем жұртының алдында өзіннің даңқты ел екенін мойындата білді.

Тәуелсіз елдің алғашқы президенті – Нұрсұлтан Назарбаев. Еліміздің көркейіп, өркендеуіне бұл кісінің қосқан үлесі орасан. Жазық далаға ел жүрегі – Нұр-Сұлтан қаласын салып, оны әлем жұртына таңыта білді. Қазақстанның әсем мекендері, сұлу табиғаты, жұпар ауасы, тарихқа толы қалалары бәрі еліміздің баға жетпес байлығы әрі әлем жұртының көз тіге қарайтын, саяхаттап келетін туристік мекенге айналды.

Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз.

Бір ғана Тәуелсіздік деген сөздің өзінде қаншама мән-мағына жатыр.Тәуелсіздік жолы — азамат жолы. Тәуелсіздік жолы — бабалар жолы. Тәуелсіздік жолы — үміт жолы. Кейінгі ұрпаққа аманат болған — болашақ жолы. Бүгінде,біз — бірлігі жарасқан, даму үстіндегі — Тәуелсіз елміз. Тәуелсіздік туын желбіреткен елбасымыз — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бүгінде алғысымыз шексіз. Осы 30 жылда халқымыз тыныштықта, Отанымыз еркіндікте. Еліміздің бірлігі артып, берекесі кірді. Іргеміз тыныш. Түндеріміз — бейбіт. Күндеріміз нұрлы. Бізге өз тәуелсіздігіміз қымбат. Неге дейсіз ғой ? Ол бізге қымбат- ата- бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат- сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін ! Ол бізге қымбат- елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат- ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, тілімізді қаз- қаз тұрғызып «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! Ол бізге қымбат- «Отан» деп жүрегімізді қақтырғаны үшін! «Елім» деп елеңдетіп, «жерім» деп желпінтіп, барша алпыс екі тамырымызды игізіп, ата жұртын сүйдіргені үшін! Ал, сол Тәуелсіздігімізге құрметпен қарап, болашақ ұрпақ санасына сіңіру біздің міндетеміз. Ал, болашақ ұрпақтың міндеті Тәуелсіздіктің отын сөндірмей, бабалар мұра еткен Тәуелсіздікті жандандыру. Елбасымыз аман, жұртымыз тыныш, керегеміз берік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.