Алматы қаласы.Жетісу ауданы
108 жалапы білім беретін мектептің
5 «Г» сынып оқушысы Алик Кәусар
Алаш туының астында азаттықтың ақ таңы атқалы да ширек ғасыр өтіпті.. Егемендік алып, ес жиғалы бері жеткен жетістік пен жеңісте есеп жоқ. Бағындырар биігіміз бен алар асуымыз әлі көп.
Тәуелсіздік қазаққа қанмен, жанмен келген қасиетті де киелі ұғым. Қадіріне жеткендер күнде тәубе деуден жалыққан емес. Көк аспанның астында көк тудың күнделікті желбірегенін көріп жүрген бізде арман жоқ. Тәуелсіздік жолында қаншама қан төгіліп, қанша жас ағаларымыз бен әпкелеріміз қыршын кетті.
Бүгінгі күнге мың шүкір!
Азаттықтың арқасында алпауыт мемлекеттермен иық тіресіп, жер шарына «Қазақстан» деген есіммен танылдық. Ұлан-ғайыр жеріміз әлем картасынан кім-кімді болса да алаңдатары сөзсіз. Дербестіктің нәтижесінде өзіндік дара да даңғыл жолымыз бар.
Тәуелсіздік – тәңір сыйы. Қазақтың басты байлығы да – бостандық. Бодандықтан босап, бәсекеге қабілетімізді арттырдық. Бәйгеде топ жарып жүрміз. Жарыстан жүлдесіз қайтпадық. Әлемнің қақ төрінде әнұранымыз шырқалды. Осыдан асқан бақыт бар ма?! Ата-бабаның арманы да осы емес пе?! Көш жүре түзеледі. Береке мен бірлік бар жерде, кемшіліктер де өз орнына ығыса жатар. Бүгінгі жастар қиындықпен келген тәуелсіздіктің туын жоғары көтеріп жүруіміз керек. Болашақпен бағытталып, келешекпен кемелденетін біз секілді жастар қауымы байрақты төмен түсірмесі анық. Ата-бабаның асқақ арманының жолында ұлағатты ұрпақ өсіп келе жатырмыз деп білемін. Тәңірден келген тәтті сыйдың еңсесін биік ұстау өз қолымызда. Ендеше, көк туды желбіретейік, құрдастарым!