Искакова Гульмира Толеухановна
Алматы қаласы Жетісу ауданы
№102 ЖББМ КММ
бастауыш сынып мұғалімі
«Жасампаздыққа толы жылдар»
Тәуелсiздiк – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.
Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы болып жариялануына орай, Қазақстан Республикасының «Жасампаздыққа толы жылдар» атты тұжырымдамасы бекітілген болатын. Тұжырымдаманың басты мақсаты — Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктері мен табыстарын көрсету, Қазақстандық мемлекеттілігін, Қазақстан халқының бірлігін сақтау және нығайту, азаматтардың патриоттық сезімін күшейту болып табылады.
Президент Қ.К Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көшбасшылығымен барлық қиындықтан өткенін, қуатты мемлекеттің іргесін қалағанын, енді егемендіктің төртінші онжылдығына қадам басқанын, бұл еліміз үшін аса маңызды кезең екенін атап өткендігін жақсы білеміз.
Биылғы мерейлі жылға бірнеше атаулы күндер тұспа-тұс келіп отыр. Жыр алыбы Жамбылдың – 175ж, Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың – 155 ж, күш атасы Қажымұқанның – 150 жылдығы, сонымен қатар,30 жылдық белестің мәнін халыққа түсіндіру, ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізу де маңызды бағыттың бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кемеңгер басшылығымен біздер дүние жүзіне танымал егемен ел болдық. Осы жетістікке жету үшін Қазақстан халқының, соның ішінде негізгі шешуші орны бар қазақ ұлтының рухани және материалдық игіліктерін арттыруға байланысты ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Егемендігі жарасқан қазақ ұлтымен бірге елімізде басқа халықтардың өкілдері де жемісті еңбек етіп келеді. Міне, осы қазақ ұлтының құндылықтары, тілі, мәдениеті төңірегіне барлық қазақстандықтарды іштей топтастыру, ортақ саяси құндылықтар негізінде оларды бірегейлендіру құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам құру үшін өте маңызды. Өйткені бәріміз ежелгі қазақ топырағында бақытты өмір сүріп келеміз. Сондықтан, қазақ халқының ата дәстүрін, дала заңын, саяси мәдениетін, шежіре-тарихын біліп, оны өскелең ұрпаққа дәріптеп, үйретіп , оны қадірлеу мен құрметтей біуге үйретуіміз керек. Тәуелсіздік мерекесінің тұжырымдамасы «Жасампаздыққа толы жылдар» деп аталады. Сондықтан жасампаздық идеясы кеңінен дәріптелуі қажет. Осы орайда жасампаздық идеясын кеңінен дәріптеу мақсатында мектебіміздің мұғалімдер ұжымы мен оқушылары қалыс қалып қойған жоқ. Атап айтатын болсақ, әр сыныпта «Мен-елімнің ертеңімін», «Жарқын болашақ-жалынды жастар» тақырыбында сыныптарда сынып сағаттар мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылып өткізіліп жатыр. Оқушылар мен мектеп мұғалімдері осы атаулы мерекеге байланысты аудан, қала, республика көлемінде өткізіліп жатқан түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығына арналған «Патриоттық рух — басты құндылық» Жобасы аясында «ҚАСИЕТТІ ДОМБЫРА» атты байқаудың Күй тарту бойынша жарысына қатысып, өз өнерімен ерекше көзге түскен 11 А сыныптың дарында да талантты оқушысы Жүнісбай Али аудандық іс- шараға қатысып, жүлделі ІІІ-орынды иеленді.
«Мен әлемді танимын» зерттеу жобасы Халықаралық конкурсына қатысып, жеңімпаз атанған оқушыларымыз бен жетекшісін мақтан тұтамыз. Олар: 11 А сынып оқушылар Жүнісбай Али, Бурундукова Нурия, 10 А сынып оқушысы Яксенбай Диана, ғылыми жетекшісі мектеп психологы, білікті де білімді ұстаз Базарғалиева Назерке Әсемханқызы.
Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Еліміздің болашағы-білімді жастардың қолында демекші, жастардың өрісін ашып, таным -қабілетін шыңдау және дарындылықтарын қолдау үшін бар мүмкіндік елімізде жасалынып жатыр. Осы орайда, «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау мен қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған республикалық «Үздік жыл психологы» конкурсына мектебімізден мектеп психологы Белек Айнұр Шөмшекбайқызы қатысып, аудан мектептері арасында І –орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды.
« Біз ел дамуына жас таланттарымыздың белсене араласуына баса назар аударуымыз керек. Олардың әрқайсысы Отанымыз жеткен жетістіктерге қатысы бар екенін сезініп, табыстарын мақтан тұтуы керек, – деп Президентіміз Қ.К Тоқаев атап өтті. Ауыз әдебиетінің жанрының бір бөлігі-жырды жатқа оқу бойынша Алматы қаласы Білім Басқармасы «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ » дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастыруымен өткен «QAZAQ EPOS» Республикалық ағарту жобасы «ТҰЛПАР МІНІП ТУ АЛҒАН» байқауының аудандық кезеңіне 7 «А» сынып оқушысы Бағлан Альмира қатысты.Ол жүлделі ІІІ-орынға ие болып, сыйақыға 50 мың теңге көлемінде марапатқа ие болды. Ғылыми жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Какимбекова Алмагуль Исабекқызы. Атаулы мерекеге орай ұйымдастырылып жатқан әр түрлі сайыстар мен байқауларға дарынды оқушыларды тәрбиелеп,оларға қанат бітіріп, дарындылығын ұштап , қатыстырып, жүлделі орындарды иеленуге септігін тигізіп отырған отырған ұстаздарымызды мақтан етеміз.
ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады деп есептеймін. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс екендігі барлығымызға аян. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті білімділікті, елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстанып, оны келешек ұрпақтың санасына сіңіру үшін еңбек етуді әсте естен шығармаған жөн! Бүгінгі таңда «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.
Ұлтымыздың ұлы ұстанымы – қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен асқақтап, мәңгі жасай берсін дегім келеді!