Галимова Нурзия Кыдыргалиевна
Орал қаласы
№35 «Шұғыла» бөбекжайы МКҚК
ересек тобы тәрбеишісі
«Келді міне, Алтын күз!»
ертеңгілік.
Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру.
Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру.
Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Дауыс: Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен толқып, билеп күз де жетті. Күздің келуін бәріміз де асыға күттік. Ал, күз бізге мол өнімдерін сыйға тартуда.
(Әуен ойналады.Ортаға балалар жұптарымен қолшатырларын ұстап, билейді. Би аяқталған соң өз орындықтарының қасына барып тұрады.)
Жүргізуші: Кездескен соң күзібен,
Бұтағымен үзілген.
Ай жапырақ, сары алтын
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді,
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденген халқымыз.
Міне,өлкемізге алуан түсті жапырақтармен толқын билеп күз мезгілі де жетті.Күз мезгілі көңілсіз болса да, біздің көңіл күйіміз керемет! Ендеше соның дәлелі ретінде әнге кезек берейік!
Ән: «Алтын күз»
Балалар қазір бізде күз мерекесі, күз мезгілінің неше айы бар екен?
Күз айларын кім атап шығады?
Күз айларын ортаға шақырайық .
(Қыркүйек, қазан, қараша)
Жүргізуші: Балалар күзге арналған тақпақтарын айтады:
Айару: Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Тимирлан: Я хожу,грущу один
Осень рядом где-то
Желтым листиком вреке
Утонуло лето.
Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?
Балалар: Ол күз.
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!
Күз:Армысыздар ,құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер!
Ерінбей еңбек етіп, еңбекшіге бар жемісін беретін мен мырза күзбін. Сендер мені күтіп жүрсіңдер ме? Менде келіп қалдым сендермен бірге мерекені тойлағым келеді.
Жүргізуші: Қош келдің, Алтын күз! Төрлет! Қыздарымыздың биын тамашла.
Би : Қолшатыр
Күз: Балалар қандай кушті жарайсыңдар! Бәріңде өнерлі екенсіңдер!
Топқа музыка әуенімен Кірпі келеді:/Жыламсырап/
Кірпі -Балалар Күз болса келіп қалды мен әлі ешқандай алма, саңырауқұлақ жинай алмадым.Маған көмектесесіздер ме!
Балалар: — ия
Күз: Ендеше менимен ойын ойнайысындар ма?
Балалар: — ия
Ойын: «Кім шапшаң»
Жүргізуші: Кірпі сенімен балалар би билегісі келеді:
Би: «Кірпілер» ұлдар
Ойын: Ойын: «Көкөністер жинау»
Күз: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер Ендеше мені басқа балалар тосып отыр ,Сау болыңдар балалар!(Күз кетеді)
Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.
Тақпақтарын айтады– деп өлең шумактарына кезек береміз.Ерке: Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Мансур: Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Қандай әсем күз.
Жүргізуші :
Қызыл жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ән салайык ,би билейік
Күз әніне қосыла – деп сіздердің құрметтеріңізге
«Осень — осень» әнін тыңданыздар.
Жүргізуші: Осымен «Балдырған» МАД тобының «Келді міне, Алтын күз» атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын!