Home » Мақалалар » ДӘНЕКЕРЛЕУ ІСІ – ЖОҒАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДЫҚ

ДӘНЕКЕРЛЕУ ІСІ – ЖОҒАРЫ СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДЫҚ

Ибраймов Абилказы Испандиярович,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің
шеберхана меңгерушісі,  Тараз қаласы

 

Бүгінгі күні мектеп бітіруші түлектер алдағы үлкен сынақ – ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып, оқу орны мен мамандықты дұрыс таңдау үстіндегі қызу науқанның алдында тұр. Осы ретте мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау екенін естен шығармаған жөн болар. Дана халқымыз «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі — жар таңдағанда, екіншісі — мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек. «Мамандық» сөзі латын сөзінен шыққан, «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» деген ұғымды білдіреді. Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Жас түлек қалауын біледі, бірақ мамандығының қалай аталатынын білмейдіз. Ондай жағдайа психолог-профконсультант (мектеп психологтары), мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, ата-аназ, туған-туыстардың көмегіне жүгінгенз жөн. Дегенмен, ең алдымен, өз жүрегіңіздің үнін тыңдауыңызға кеңес береміз.

Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет.

Елімізде 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы қолға алынды. Жобаға сәйкес, мемлекет әрбір қазақстандық азаматтың алғашқы техникалық білімді тегін алуын қамтамасыз етеді. Себебі кәсіптік-техникалық білім беру – уақыт талабы. Бүгінгі жастардың басым бөлігі таза кеңседе отыруды көздейді. Бірақ елімізге қазір сол жастар «менсіне бермейтін» мамандық иелері аса қажет болып тұр.

Бұл тұста Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде дайындалып отырған «Дәнекерлеу ісі» мамандығы туралы айта кеткенді жөн көріп отырмын. Бұл мамандықтың артықшылығы халық шаруашылығының түрлі салаларында қызмет істеуінге болады,  сол себептен де «Дәнекерлеу ісі» – өте қажет мамандық. Себебі кез келген өндірістік кәсіпорында электр газымен дәнекерлеу қолданылады. Электр газымен дәнекерлеу – қосылыс жерін  балқу немесе иілу күйіне дейін қыздыру әдісі  арқылы металл бөлшектердің қозғалыссыз, бөлінбейтін қосылыстарын алу үрдісі.

Электргаз дәнекерлеудің көмегімен көліктердің, әртүрлі металл құрылымдардың, көпірлердің, цистерналардың немесе қазандардың және құбырлардың  металл бөлшектері жалғанады. Материалдық өндірістің кез келген саласында электр газдәнекерлеуші атқаратын жұмыстарды табуға  болады. Сонымен қатар дәнекерлеу – көліктердің, құрылымдардың бөлшектерін ажырмайтындай етіп қосатын сенімді әрі үнемді тәсіл болып табылады. Дәнекерлеуші шойын, болат құбырлардың құрылымдарын, тетіктерді қолмен, доғалы, плазмалы және газбен дәнекерлеуді орындайды, сонымен қатар телевизионды, фотоэлектрондық және басқа да құралдармен жабдықталған автоматтарда дәнекерлейді. Электр газымен дәнекерлеушінің міндетіне бетті жұмысқа дайындау, технологиялық режимді таңдау, дәнекерлеу үрдісін және сапасын бақылау, тиісті жабдыққа қызмет көрсету енеді. Осы ретте колледжде студенттердің кәсіби дайындық сапасын, олардың шеберлігін анықтап, жастар арасында жұмыс мамандықтарын насихаттау арқылы заманауи жағдайларда олардың беделін көтеру мақсатында көптеген іс-шаралар өткізіледі. Қазіргі  заман  болашақ  мамандарынан тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,  тарихи танымдық, психологиялық-педагогикалық, технологиялық тұрғыдан сауатты және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық сауаттылығы, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі қалыптасқан маман болуы талап етуде. Студенттерге білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай  орындалуда. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану  және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, студенттердің өз бетімен ізденісі, мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Мұндағы мақсат – теория мен тәжірибені ұштастырып, кәсіби білікті маман дайындау.

«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану білім алушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

Сонымен қатар, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі мектеп бітіргеннен кейін оқуға түсе алмай қалғандардың бір мамандықты игеріп шығуына мүмкіндік береді. Мамандардың пікірінше, кәсіптік-техникалық білім беру жоғары оқу орындарына тәжірибелі, өзінің болашақ мамандығынан хабары бар талапкерлерді қабылдауға көмектеседі. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.

Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады. Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.