Home » Мақалалар » Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке- 30 жыл

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке- 30 жыл

Алматы қаласы Жетісу ауданы
№108 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Темралиева В.Е.

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен сындарлы саясатының арқасында саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани жетістіктерге қол жеткіздік.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы әлем таныған тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік – біздің мәңгілік рухани құндылығымыз, халқымыздың бағы мен бақыты. 130 — дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі. Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Олай болса, көк байрағымыз мәңгі желбіресін!Мереке құтты болсын қазақ елі!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.