Home » Мақалалар » БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫ БОЙЫНША ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫ БОЙЫНША ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫ БОЙЫНША ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР

Қуат Ағзира Әбубәкірқызы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
№3 жалпы білім  беру орта мектебі

Білім алушылардың  шығармашылықпен айналысу деңгейін анықтап, алынған ақпарат бойынша жоспар құрып, жаңа технологиялар арқылы оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін  дамыту мақсатында педагогикалық эксперимент жүргізілді.

Педагогикалық эксперимент базасы ретінде  Мұнайлы ауданының Баянды ауылында орналасқан №3 жалпы білім беру орта мектебі белгіленді.

Автор биология пәні мұғалімі болғандықтан, эксперимент өткізілу үшін  автор сабақ беретін 7 «а» және 7 «ә» сыныптары іріктеліп алынды.

Педагогикалық эксперимент диагностикалық, қалыптастырушы және қорытынды кезеңдерден тұрды.

Эксперименттің диагностикалық кезеңінде 7 «а» және 7 «ә»  сыныптарында білім алатын  оқушылардың шығармашылықпен айналысуы жөніндегі  ақпарат жинақталды. Бұл жұмыс 2 бағытта жүргізілді:

  1. Сынып жетекшісімен бірлесе отырып, сынып портфолиосындағы анықтамалар негізінде, екі сыныптағы білімалушылардың шығармашылықпен айналысуы туралы  ақпаратқа  саралау жүргізілді.

7 «а» сыныбының сынып жетекшісі Р.А.Байназарованың сыныпқа берген мінездемесінде «7 «а» сыныбында 21 оқушы  бар, олардың 11 ұл, 12 қыз. Сынып ұйымшыл, қоғамдық шараларға белсене қатысады. Көркемсөз оқуға,сахналық  қойылымдар қоюға, өлең айтып, би билеуге және ақындық қабілеттері жоғары  оқушылар бар. Аудандық  шараларға, олимпиадаларға  қатысып  жүлделі орындарға  ие болып жүрген оқушылар да бар. Сынып оқушылары – шығармашылықпен айналысатын, ізденімпаз оқушылар, мектептің мақтаныштары» – делінген.

Сұхбат  нәтижесінде 7 «а» сынып оқушылары  шығармашылықпен (пәндік олимпиадаларға қатысу, ғылыми жоба орындау, әртүрлі  сайыстарға қатысу, өлең шығару, күнделікті сабақ үстінде сын тұрғысынан ойлауды жетілдіретін тапсырмаларды орындау және т.б.) 100%  айналысатыны анықталды.

Бұның себебі – 7 «а» сыныбы мектептегі 7-сыныптар арасындағы «үміт» сыныбы болуында. «Үміт» сыныбына мектеп Ережесі бойынша оқу үлгерімі жоғары  оқушылар тест нәтижесі және сынып жетекшісінің оң мінездемесі негізінде іріктеліп алынады.

7 «ә» сынып оқушыларының ішінде шығармашылықпен айналысатын оқушылар саны айтарлықтай төмен болып шықты. Сынып жетекшісінің мінездемесі бойынша бұл сынып оқушыларына топтық жұмыста бірлесіп жұмыс жасай алмауы; өз ойын жеткізуде сенімсіздік танытуы; жеке мақсаттарын айқындай алмауы; енжарлық; кері байланыс орнатудың маңызын түсінбеуі сияқты ортақ  психологиялық  ерекшеліктері тән екендігі анықталды.

7 «ә»  сыныбының сынып жетекшісі Ж.Б.Шариғатованың  сыныпқа берген мінездемесінен: «Сыныпта  24  оқушы бар.Сынып оқушыларының сабақ үлгерімі орташадан төмен,сабаққа белсенділігі  төмен. Оқу жылының басында сыныпта 5 оқушы екпінді болды.Сыныптың білім сапасы 20 % көрсетті».

  1. Шығармашылықпен айналысу көрсеткіші төмен 7 «ә» сыныбына шығармашылықпен айналысуына кедергі факторларды анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді (1-кесте).

Биология сабағында  оқушылардың шығармашылығын  қалыптастыру бойынша тапсырмалар  көрсетілген бірнеше сабақтың  қысқа мерзімді жоспарларын мысал ретінде келтірейік (кесте 4).

Кесте 4 –  «Адам экожүйенің бір бөлігі. Антропогендік фактор»  тақырыбындағы сабақтың қысқа мерзімді жоспары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.