Home » Мақалалар » Сүйіспеншілік пен шығармашылық

Сүйіспеншілік пен шығармашылық

Жолдыбаева Карлыгаш Рахимовна
Қаныш Сатбаев атындағы
№7 мектеп-лицейінің өзін-өзі тану пәнінің  мұғалімі

                  Біз XXI-ші ғасырда, адам санасының шарықтап дамыған уақытында өмір сүру мүмкіндігін алып отырмыз. Бұл бізден осы заманның сұранысы мен талабына сай білімді, рухани байлықты қажет етеді. Баланың жеке тұлға ретінде үйлесімді қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы. Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығын және сырлы әлемге толы дүние екендігін баршаға таныту мақсатында 2021 жылы 11 ақпанаң Қаныш Сатбаев атындағы №7 мектеп-лицейінде «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онлай режимінде онкүндігінің жалпы мектептік салтанатты ашылу жиыны өткізіліп, онкүндік бойынша іс-шараның жоспарымен таныстырылды. 10-шы және 8-ші сынып оқушылары онлайн режимде шағын концерт дайындап, оқушыларға арнап бағдарламаның негізін қалаушы Сара Назарбаева туралы бейнебаян тамашаланды.

Сүйіспеншілік-өзін-өзі танудың негізін жасаушы құндылы. Өзін —өзі танудағы сүйіспеншілік ұстанымы: өзін—өзі тану сабағында талап етуден гөрі көмектесу, үйретуден бұрын сүю маңызды. Сабақты сүйіспеншілікпен жүргізу үдерісі нәтижеден де маңызды. Рухани —адамгершілік білім—бұл ішкі жан дүниедегі оқиға. Сүйіспеншілік түрлері :

1 Өзара махаббат

2.Өзімшіл махаббат

  1. Риясыз сүйіспеншілік иесі сүйіспеншілікке ғана ашылады.

Кез келген жаста бір-бірін әрқашан сүюге, бағалауға және құрметтеуге үйрету керек.Өзін-өзі тану сабақтары оқушыларды мейірімділікке, әрқашан осындай ішкі асыл қасиеттерден болуға үйретеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.