Байжиенова Гүлден Абилкасымовна
Қаныш Сатбаев атындағы
№7 мектеп-лицейінің педагог-психолог мұғалімі
Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Сол себепті ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен – әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек. Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет.Оқу үрдістерінде тренинг түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалану қажет. Тренинг (ағылш. training, train – оқыту, тәрбиелеу) – білімді жетілдіруге бағытталған белсенді оқытудың әдісі.Тренингтің даму тарихы оқыту тарихы сияқты мың жылға созылған. Дегенмен, тренингтің дамуын әлеуметтік псхолог Курт Левиннің шығармашылық зерттеу кезеңіне жатқызуға болады.1946 жылы Курт Левин өзінің әріптестерімен бірге алғаш рет тренинг-топтарды (Т-топ) құрды. Тренинг – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, тренинг әрекетінің ең негізгі түрінің бірі – дидактикалық тренингтер. Дидактикалық тренинг тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады. Дидактикалық тренингтерді жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарына да пайдаланады. Дидактикалық тренинг барысында ете сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу, процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге әртүрлі қимылдарды орындауға үйретеді.
Тренингтің құрылысын схема түрінде көрсетсек:
-Тренинг
-Тренинг мазмұнын таңдау алгоритмі
-Тренингтегі топтық жұмыстың мақсаты
-Тренинг топтарының түрлері
-Тренингтік сабақтың құрылымы
Тренинг мазмұнын таңдау алгоритмі.Оқушылардың өмірінде кездесетін әр түрлі проблемалар іс-әрекет компоненттерінің дұрыс меңгерілмегендігін көрсетеді.Біріншіден оқушылардың мәселелері жан-жақты анықталады. Іс әрекетті меңгеру қажеттілігі ретінде осы мәселелердің негізінде психологиялық матрицасы құрылады Одан тренинг мазмұны – тренингтік көшірмесі, колька түрінде алынып іс-әрекетін компонентіне оның әр бөлігіне сәйкес жаттығулармен, жағдаяттар таңданылады.
Тренингтегі топтық жұмыстың мақсаты:
1.Психологиялық мәселелерді зерттеу мен шешуге көмектеседі
- Психикалық денсаулықты жақсарту.
- Қарым-қатынастың психологиялық негіздерін зерттеу.
4.Өзін — өзі өзгерту мен мінез-құлықты коррекциялау мақсатында өзіндік санасының дамуы.
- Тұлғалық өсуі мен өзіндік дамуына ықпал ету.
Тренинг сабақтардың басты принциптері:
— сабақтар балалардың үйреншікті іс-әрекет аймағында жүргізілуі тиіс;
— сабақты тиімді өткізу үшін бөлмедегі заттарды ыңғайластыру;
Тренингтік сабақтарды аптасына екі рет өткізу ең қолайлы вариант болып табылады. Біріншіден, балалардың жаңа формада ұйымдастырылатын іс-әрекетке деген қызығушылықтарын ұзақ мерзімге сақтауға, жаңалыққа «тойынып қалу» феноменімен, шаршаудан, қажудан сақтайды. Екіншіден, балаларға біртіндеп тренигтік әсер болады да, оларды жаңалықтық эффектісіне бар мәліметтердің негізінде абдырап, еңжарлыққа бой ұрып қалмауға мүмкіндік береді.
Тренинг кезіндегі сергіту сәттері.
Сабақ-тренинг өткізу барысында психологиялық және денелік ауыртпалықты жеңілдету үшін сергіту минуттары өткізіледі. Сергіту сәттері де қарым-қатынас дағдасын дамытуға көмектеседі. Олар орнымен өткізілулері қажет. Ерекше назар аударуды қажет ететін жаттығулардың алдында тым қозғалғыш сергіту ойындары өткізілмейді.
Сергіту мысалдары
1.«Салат» ойыны: оқушылар шеңберге тұрып, жеміс атаулары бойынша саналады: алма, алмұрт, өрік, шабдалы. Олардың берілген команда бойынша орын ауыстырулары сұралады, әуелі алмалар, сосын алмұрттар т.б.
- «Көңіл күй»
Оқушыларға өздерінің көңіл күйлерін 5 баллдық жүйе бойынша бағалау сұралады: «Мен өзімнің көңіл күйімді 3 балл деп бағалаймын, себебі ұйқым қанған жоқ.
- «Есте сақта»
Назар мен бақылаушылықты дамытатын ойындар. Столға бірнеше кез келген зат қойылады. Өз қалауы бойынша оқушылардың біреуі заттарды назар аударып қарап шығады, сосын аудиториядан шығып кетеді.Оқытушы заттардың біреуін алып тастайды. Ерікті қайта шақырылып, стол үстінде қай заттың жоқ екндігін табады.