Home » Ашық сабақтар » «Жұлдызды сәт»  интеллектуалды  сайыс

«Жұлдызды сәт»  интеллектуалды  сайыс

Жолдыгулова Алма
Шүкірова Сәуле
Жаңаөзен қаласындағы
№7 жалпы білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімдері

Мақсаты: 1. Оқушылардың жалпы білім деңгейін, тілдік және танымдық          білімдерін қадағалау, өздігінен ойлау және танымдық қабілетін дамыту, білімге құштарлығын, белсенділіктерін арттыру, өз біліміне деген сенімділігін нығайту, өзін-өзі  бағалай білуге, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Түрі: интеллектуалды ойын

Көрнекілігі:  мақалдар, нақыл сөздер,  кестелер, сұрақ-жауап

Барысы: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі  4-сыныптар арасында өткелі отырған «Жұлдызды сәт» интеллектуалды   сайысына қош   келдіңіздер!

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында                    «XXI  ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет, құрдымға кетері хақ» демекшіә  әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын білімді де, бәсекеге қабілетті, іргесі   мықты  Тәуелсіз ел  болу,   біздің болашағымыз  сіздердің қолдарыңызда.

2-жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар

Ортаға назар салайық

Сайыскерлер шықпақ сайысқа

Қол соғып қарсы алайық!

Сайыскерлер ортаға шығады ( «Мектебім» әні орындалады.)

1-жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар  ма?

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие тәлім табар мән

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

«Кім жүйрік ойға, сол алда», —    дегендей,  сайысымыз жарыс түрінде өтеді.   Жарыс 5 кезеңнен тұрады. Жарысқа 3 топ қатысады.

2-жүргізуші: Балалар, биыл Тәуелсіздігіміздің неше  жылдық мерейтойын тойлаймыз? Иә,балалар, желтоқсан айының 16-сында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын тойлағалы отырмыз. Мәңгілік тәуелсіздік, елімізге оңайлықпен келген жоқ. Осындай теңдесі жоқ тәуелсіздікті алып берген апаларымыз бен ағаларымызға мың да бір алғыс айта отырып, бір минут үнсіздік жариялайық.

«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті» — деп Аристотель айтқандай, білім мен өнер болашақтың жарқын болуына кепіл. Ендеше, «Жұлдызды сәт» интеллектуалды сайысымыздың кезеңдерін назарларыңызға ұсынамыз.

1-кезең  — «Ойлы болсаң,озып көр!»

2-кезең  — «Сандар сыр шертеді»

3-кезең  — «Мақал – сөздің мәйегі»

4-кезең  — «Құпия сандық»

5-кезең — «Айшықты сөздер»

1-жүргізуші: Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Бүгін осы сайыста жеңіске жет

Білімді, әрі білікті жас жеткіншек — деп сайысымыздың 1-ші  «Ойлы болсаң,озып көр!» атты  кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

  1. Қыс айларын ата (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
  2. Лепті сөйлем дегеніміз не? (Адамның көңіл-күйіне, сезімге байланысты айтылған ойды білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.)
  3. Шаршы дегеніміз не? (Барлық қабырғасы тең фигура)
  4. Көкжиектің неше тұсы бар? (4)
  5. Ы. Алтынсарин кім? (Алғаш қазақ мектебін ашқан ұстаз, ағартушы, ақын, жазушы)
  6. Тірі табиғатқа нелер жатады? (Адам, жануар, өсімдік)
  7. Көктем айларын ата (Наурыз, сәуір, мамыр)

3.Түбір дегеніміз не? (Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігін түбір дейміз)

  1. Кез келген фигураның периметрін қалай табады? (Барлық қабырғалары-ның ұзындықтарының қосындысын қосамыз)
  2. Абай Құнанбаевтың неше қарасөзі бар? (45 қарасөзі бар)
  3. Қазақтың ұлттық баспанасын ата (киіз үй)
  4. Көбейтудің қасиеттерін ата (терімділік, үлестірімділік, ауыстырым-дылық)
  5. Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)
  6. Қосымша дегеніміз не? (түбірге жалғанатын сөз бөлігі)
  7. Үш биді ата (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

2-жүргізуші: Тауды биік деме сен,

Талаптансаң шығарсың

Қарсылас мықты деме сен,

Білімді болсаң,жығарсың , — деп, 2-ші  «Сандар сыр шертеді»  атты кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде әр топқа « Сиқырлы сандар» беріледі.  Бұл сандар еліміздің мерекелік атаулы күндерімен  белгіленген. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

1, 22, 1, 9, 6, 1, 7, 8

1-жүргізуші: Мақал мен мәтелдер — ақыл-ой мәйегі.

Мақал мен мәтелдер — даналық әлемі.

Өлмейтін даналық, қалдырды бабамыз.

Мақалдан нәр алып,ашылды санамыз — дей отырып, 3-ші «Мақал-сөздің мәйегі» атты кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде мақалдың  жалғасын табуларыңыз қажет. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Егер  топ мүшелері  жалғасын таба алмаса, басқа топ мүшелерінің жауабы қабылданады.

Ананың көңілі балада, …………

Қына тасқа бітеді,………….

Досы көпті жау алмайды,…….

Ақыл-тозбайтын тон,………..

Өзге елде сұлтан болғанша,………….

Білекті бірді жығар,………..

Туған жердің күні де ыстық,…………

Еңбектің наны тәтті,………

Бірлік болмай,………

Туған жердей жер болмас,……….

Оқу — білім бұлағы,…………..

Төртеу түгел болса,…………..

Ырыс алды-…………

Еңбек етсең ерінбей,………..

Білім қымбат,…………

2-жүргізуші: Сенен біліп шығармын

Аспан барын, күн барын

Сен арқылы ұғармын

Жұмбақ әлем сырларын, —  дей отырып, 4-ші «Құпия сандық» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде жұмбақ жасырылады. Сендер жұмбақтың шешуін қазақша, орысша, ағылшынша айтуларыңыз керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан  беріледі.

1.Қолы менен қаламы жоқ,                  2. Бірін-бірі қоштаған,

Бірақ сурет салады көп.                      Бір үйді көрдім  42 дос-жаран

  1. Қалқиып екі құлағы, 2. Жолбарыстан аумайды,

Елеңдеп қорқып тұрады.                      Тышқандарды аулайды.

1.Бұлаңдаған құйрығы,                         2. Әттең,даусым,тілім жоқ,

Бір алдарлық қулығы                           Құшағымда білім көп.

1-жүргізуші: Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер тарқатса шығады, — деп, 5-ші «Айшықты сөздер» кезеңін бастайық.

Бұл кезеңде бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Берілген сөз тіркестерінің мән-мағынасын ашуларың керек.

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)         2.Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)

  1. Қой аузынан шөп алмас 4.Төбе шашы тік тұрды
  2. Қас пен көздің арасында 6.Қабағынан қар жауды
  3. Ит өлген жер 8.Таяқ сілтем жер

2-жүргізуші: XXI ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз. Осындай білім бәсекесін қорытындылайтын да уақыт жетті. Өздеріңіз көріп отырғандай, жеңімпаз топты анықтауға рұқсат етіңіздер.

Мадақтау.

Әрбір ісің – тірек, намыс, татулық

Әрбір сөзің – бірлік, шындық, адалдық

Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат

Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат

1,2 –жүргізуші  бірге

Тәуелсіздік бірлік берсін елімізге,

Береке, ырыс келсін жерімізге.

Қыспақты пейіліміз жеңіп алып,

Қуаныш шашу шашсын төрімізге.

Назарларыңызға рақмет!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.