Home » Мақалалар » «Келді міне Жаңа жыл»

«Келді міне Жаңа жыл»

Сарсенбаева Кенжегуль Баришқызы
Атырау облысы
Макат ауданы
Доссор поселкесі
«Сандуғаш» бөбекжай-балабақшасының
«Күншуақ» 1- кіші тобының тәрбиешісі

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып билеп кіреді.

Жүргізуші: Құрметті  ата-аналар, бүлдіршіндер сіздерге жаңа доңыз жылында табыстарға жетіп, отбасыларыңызға қуаныш пен бақыт дендеріңізге саулық тілей отырып бүгінгі «Келді міне, Жаңа жыл» атты жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жол болсын!

Сабина: Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдым,

Бір жасқа енді.

Райян: Жаңа жыл мереке, Жаңа жыл береке.

Айша Бибі:Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолың қойдық, жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

Бексұлтан: Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Жүргізуші: Бүлдіршіндердың орындаунда ән «Шыршамызға арнаймыз». «Ертегілер, ертегілер» әуенмен сиқыршы ханшайым кіреді.

Сиқыршы ханшайым: Сәлеметсіз бе, менің достарым үлкен, кішкентай балғындарым. Мен сиқыршы ханшайыммын.

Жүргізуші: Қош келдің, сиқыршы ханшайым. Бүгін біз мереке өткізіп жатырмыз. Біз мерекеде өлең айтып, шыршаны айналып билеп жүреміз.

Сиқыршы ханшайым: Қызық екен, ол қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл.

Сиқыршы ханшайым: Қайдан ол келеді? Қайда ол сосын кетеді? Мен бәрін білгім келеді? Жаңа жыл деген не?

Ойын: «Аяз Ата»

Дәурен: Құтты болсын Жаңа жыл

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

Дербіс: Жаңа жыл, жаңа жыл

Сені күттім елендеп

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.

Балдәурен: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет, төрлет Жаңа жыл,

Бізге Құтты жыл болсын.

Жүргізуші: Міне, біздің  жаңа жыл қандай. Бізбен бірге қалып балалармен би билеп, ән салып біздің мерекеміздің құтты қонағы болыңыз.

Сиқыршы ханшайым: Жаңа  жыл не екенін енді білдім. Әрине менде сендермен қаламын, жаңа жылды қарсы аламын. Бірақ мен Аяз  атаны танымаймын. Ол кім?

Балалар: Аяз ата ол деген мейірімді, сүйкімді ақ сақалды ата. Ата көп ертегілерді біледі, ол ормандағы жануарлардың досы. Аяз ата барлық балалармен бірге билейді, ән айтады. Біз атаны жыл бойы күтеміз.

Сиқыршы ханшайым: Балалар мен Атаны таныдым (қоңырауды алып), қазір мен қоңырау шылдыратсам Аяз ата тез арада келеді.

Музыка ойнайды, Балапан билеп келеді.

Жүргізуші: Балалар, мынау Аяз ата?

Балалар: Жоқ

Балапан: Сәлеметсіз бе, балалар. Ия мен Балапанмын.

Сиқыршы ханшайым: Ия сен Аяз ата емессің. Сенің мұрның қызыл емес, сақалың ақ емес? Сен мұнда қалай келдің?

Балапан: Сиқыршы ханшайым, сен қоңырауды шырылдаттың, мені осында шақырдың. Мен тез арада балаларға жеттім.

Жүргізуші: Балапан, қандай күлкілі, қандай әдемісін, сен бізбен қал, біз өлең айтамыз, билейміз жаңа жылды қарсаламыз.

Балапан: Әрине, бүгін жаңа жыл ғой. Бәріміз шыршаны айналып ән айтайық.

Мансур: Елочка,елочка.

Весело,кругом.

Елочка,елочка,

Песенку поем.

Батырбек: Наша елка велика

Наша елка высока

Выше папы, выше мамы

Достает до потолка.

Ән.  «Елочка»

Жүргізуші: Балалар, бізге Аяз атаның орнына бізге күлкілі Балапандар келді. Енді бізге Аяз атаны шақыршы, сиқыршы ханшайым.

Сиқыршы ханшайым: Басынан бастап мен шатастым. Енді мен қайталамаймын. Маған тағы көмектесіп жіберіңізші, Аяз ата туралы тақпақ айтып беріңізші.

Айзере:Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келеді елге сапардан

Аяз ата оралып

Әли: Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны.

Той маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Айсана: Тауда туып,Тауда өсіп,

Шырша келді ортаға.

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқаймыз баршамыз.

Кәусар: Жылдың әнін бастайын,

Аяз Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Нұрасыл: Кел, Жаңа жыл біздерге, Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл.

Жүргізуші: Көктемде оны көрмейміз, жазда бізге келмейді, жылда ол қыс болғанда келеді.

Сиқыршы ханшайым:  Қайталама, шатаспа қоңырауым шырылда.  Ақ сақалды атаны, сен әкел тездет мұнда. Музыкамен аққала келеді.

Аққала: Қандай тамаша шырша, әдемі қыздар мен ұлдар. Мен далада тұр едім, бір уақытта қоңыраудың дили дон,  дили дон деген ырылдағанын естіп тездетіп жүгіріп келдім.

Сиқыршы ханшайым: Бұл қалай, бұл не зат? Ешнәрсеге түсінбедім менің сұрағыма жауап бер, Аяз ата емес пе?

Аққала: Жоқ, жоқ, жоқ. Мен Аққаламын. Мұздан қардан жасалғанмын.

Жүргізуші: Айтары жоқ сиқыршысың, қайта қайта шатасасын.

Аққала: Мен сендермен қалғым келіп тұр, бола ма?

Балалалар: Әрине болады.

Аққала: Менде сендерге ойын ала келдім, ойнаймыз ба?

Ойын: «Шыршаны безендіру»

Жүргізуші: Біз ойнадық, өлең айттық. Шыршаның жанына қонақтарды жинадық. Бірақ біздің бас қонағымыз Аяз ата мен Ақшақарымыз жоқ.

Сиқыршы ханшайым: Мен өтінемін, ренжімендерші, шатаспаймын мен енді. Балалар, барлығымыз қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар: Аяз ата, Ақшақар ау,ау. Музыкамен аяз ата, ақшақар келеді.

Аяз ата: Сәлеметсіз бе, балаларым, балаларым балғыным өмір гүлім, шалғыным. Тілеймін жыл бойы сендердің денсаулығың. Мені көп күткен шығарсыңдар. Мен алыс-алыс жолдардан келемін. Менің балғындарым маған не әзірлеп қойды екен.

Балалар: Сәлеметсіз бе Аяз ата, Ақшақар!

Аяз Ата: Қандай әдемі шыршаңыз. Бірақ шыршаңыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне сиқырлы сөзбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант бізді таңырқат, Шамдарынды жарқырат!

Балалар: Қуант бізді таңырқат, Шамдарынды жарқырат! (қолдарын шапалақтайды) Шыршамыз  жанады

Исмайл: Ақ қырауға малынған,

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына

Алихан: Келіңдер, келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт Аяз атадан,

Сыйлық алып көріңдер.

Ән. «Аяз ата»

Ақшақар: Менде сендерге бос келген жоқпын. Менім жұмбақтарым бар, шеше аласыңдар ма?

  1. Қарға мүлгіп дала тұр, Келе жатыр (Жаңа жыл)
  2. Қызыл мұрын, ақ мұрты

Білсең  атын тез,иКеледі бізге (Аяз ата)

  1. Шырша бүгін кәделі, Сендер бүгін (Әдемі)
  2. Көңілсіз бала жоқ

Ойын-күлкі таралсын, Құтты болсын (Жаңа жыл)

Жүргізуші: Сізді Аяз ата өнерлі деп айтады, бізге билеп берші.

Аяз ата: Биле десен билейін, онда үлкен шеңбер жасайын, мен билейтін болсам сыймаймын. Музыка әуенмен аяз ата билейді.

Сиқыршы биден кейін Аяз атаға қар лақтырады.

Аяз ата: Бұл кім? Маған қар лақтырған

Балалар: Сиқыршы

Сиқыршы: Балалар, Аяз Атаға қар лақтырып ойнайық.

Ойын  «Қар  лақтыру»

Аяз ата: Шаршадым мен, балаларым.

Сиқыршы ханшайым: Аяз ата, мына қолғап кімдікі?

Аяз ата: Менікі

Сиқыршы ханшайым: Онда алыңыз, — деп балаларға беріп қояды, балалар бір-біріне лақтырып Аяз Атаны алдайды.

Жүргізуші: Аяз  Ата шаршаған шығарсын,  отыра тұр, дем ал біздің «Ұлпақарлардың» биін тамашаланыз. Би. «Ұлпа қарлар»

Аяз Ата: Балалар, тақпақтарын айтып бермек?

Ахмедияр: Жаңа жылға сәніміз,

Біздің айтар әніміз.

Келдің бе аман алыстан,

Сәлем, Аяз атамыз.

Айдос: Қайда қызық думан болса,

Аяз ата сонда болды.

Балалармен бірге ойнап,

Балалармен бірге қонды.

Балбөпе: Жаңа жылда,балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.

Дарияна:Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Мухаммедияр: Мерекеге келдік, Тақпақ айтып бердік.

Байназар: Қызыл ала шапаны, Сағындым Аяз атаны.

Аяз ата: Жаңа жылдарыңмен, достар, сендерге жаңа доңыз жылы бақыт әкелсін. Ақшақар шанамызға мінейік. алда барар ауыл бар.

Жүргізуші: Аяз Ата. біздің балаларға сыйлықтарыңды беруге ұмытқан жоқсың ба?

Аяз ата: Дұрыс айтасын. Қазір берейін (іздейді), табылмайды. Сиқыршы ханшайым, маған көмектесші, сыйлықтарымды табуға.

Сиқыршы ханшайым: Енді мен мұқият боламын, шатаспаймын сыйлықтарды табуға тырсамын.

Аяз Ата: Мынау менің қалтам, ашылмай тұр. Балалар мына қалтаға бәріміз үрейік.

Балалар: Үреді

Аяз  ата мен ақшақар сыйлықтарды таратады.

Сиқыршы ханшайым: Жаңа жыл мерекеміз өте тамаша өтті. Біздің де кететін уақыт болды. Біз Аяз Ата Ақшақармен, Аққаламен бәріміз  келесі жылға дейін қоштасамыз. Қош сау болыңыздар!

Жүргізуші:  Міне, бізде келе жатқан жаңа Доңыз жылын қарсы алдық осы мен «Келді міне, Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Балалардың  шырша айналып билейтін «Жаңа жыл» деген би» бар, оған ата-аналарды қосылып билеуге шақырамыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.