Home » Ашық сабақтар » Қоянға сәбіз

Қоянға сәбіз

Байгаблова Динара Сейтказыновна
«Ақ бұлақ» мектепке дейінгі
тәрбие орталығының тәрбиешісі

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Сурет

Тақырыбы: Қоянға сәбіз

Мақсаты: Білімділік: Балаларға қоянға сәбіздің суретін бояп сала білуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілеттерін, түстерді ажырата білуге дамыту.

Тәрбиелік: Ептілікке, ұқыптылыққа, суретті көркем сала білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Қоян, сәбіз

Қолданылатын көрнекіліктер: Сәбіздің салынған суреті.

Билингвалдық компонент: қоян-заяц-rabbit, сәбіз-марковь-carrot .

Әрекет кезеңдеріТәрбиешінің әрекетіБалалардың әрекеті
Әрекетті туындату, түрткі болуТәрбиеші балаларға біздің тобымызға қонақ Қоян келіп отырғаны туралы хабарлайды.Балалар хатты ашуға қатты асығады.
Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізуБалалар бізге қоян қонаққа келіпті. Қоян не жейді? Балалар қоянның қарны ашып тұр екен, біз оған сәбіз жасап берейікші. Сендер сәбіздің суретін сала аласыңдар ма? Иә.

Жарайсыңдар онда бәріміз бірігіп сәбіздің суретін салып, бояп көрейік.

Сөздік жұмыс: қоян, сәбіз.

Балалар қауіпсіздік

Ережесін сақтай отырып суретімізді салайық.

Сурет салу әдісі: Сәбіздің суреті салынған. Оны өздеріне ұнаған түрлі-түсті қарындаш-пен бояу.

Алдымен ақ қағаздың ортасына сәбіздің сурет салынған, содан кейін түрлі түсті қарындашпен бояумен немесе өздері ұнаған түстерімен бояуға болады.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

Балалар қызығушылық танытады. Бізге қоян келеді.

Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап бере отырып, айтқанын мұқият тыңдайды.

 

 

Жаңа сөздерді бірнеше рет буынға қайталайды.

Қауіпсіздік ережесін сақтап сайқымазақтың суретін салуға дайындалады.

 

 

Балалар қолдарына қарындаштарын алып сурет салады.

 

 

Балалар тәрбиешімен бірлесіп сергіту сәтін өткізеді.

Рефлексия, түзету жұмыстарыБалалар бізге қонаққа кім келді?

Біз қоянға ненің суретін салып бердік? Оның түсі қандай? Өте жақсы балалар. Тәрбиеші жақсы жауап берген балаларды мадақтап, жұлдызша таратады.

Балалар сұрақтарға жауап береді. Балалар қоянға рахмет айтып, қоштасады. Балалар тәрбиешінің мақтап мадақтауына риза болады. Балалар қонақпен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар қарындашты қалай қолдану керектігін және түстерді ажырата біледі.

Түсінігі бар: Балалар қоян сәбізбен қоректенетіні және оның  түсі қандай болатыны жөнінде түсінігі бар.

Орындай алады:  Қарындашты қатты баспай суретті салып бояп жұмыс

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.