Елеусізова Айгерім Алмасқызы
Қарағанды облысы
Жаңаарқа ауданы
Жаңаарқа жалпы білім
беретін мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Мақсаты: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу. Қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету; Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
1- жүргізуші: Армысыздар, аналар мен аталар,
Қадірліде ұлағатты ұстаздар.
Хош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,
Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.
2-жүргізуші:1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елімізді ертеңіне жетелеген – Елбасы!» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.
1- жүргізуші: Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған.
Хош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалған.
2- жүргізуші: Елімнің атын айтсам — Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам — Қазақстан!
Қайнауы қазынаға толған мекен,
Байлығым атын айсам Қазақстан!
1-жүргізуші: Естігенде көк аспанның астында,
Тік тұрындар айтылғанда Әнұран.
Бар қазақтың үніндей шарықта,
Бар қазақ боп өзіңе бас ұрам.
Шарықташы, Әнұраным, шарықта,
Оны айтуға, жас ұлан жалықпа!
ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
1-жүргізуші: Биыл елімізде айтулы мереке. Тәуелсіздігімізді алғанымызға 30 жыл. Мерекеміз құтты болсын!
Хор «Көк тудың желбірегені»
1-жүргізуші: Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген
Лебізіңнен ол арманы өрілген
Сенің арқаң — Қазақстан көркейіп
Достық әні шарықтады төрімнен
2- жүргізуші: Ән «Тәуелсіз Қазақсатан».
2-жүргізуші: Серпігенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім
Өзің болдың көшбасшысы елімнің
Өзің болдың биік ұшқан қыраным
1-жүргізуші: Ән «Мақтанышым».
2- жүргізуші: Н.Ә. Назарбаев 6 шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
1-жүргізуші: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаға барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
2-жүргізуші: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
1-жүргізуші: Қыздардың орындауында биді қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам
2-жүргізуші: Қуантай Ақеркенің орындауында «Келіншек» күйі.
1-жүргізуші: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
2-жүргізуші:1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә. Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлады.
1-жүргізуші: 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасын «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
2-жүргізуші: 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
1- жүргізуші: Біздің сыныптың орындауында флешмобты қарсы алыңыздар
Еламан Хайнилхаят: Атыңнан айналайын, Егемен ел!
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын Нұр ата,
Ғасырдың тойы болшы келе берер
Болашағы Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан
Халқымыздың таңдап алған таңдауы
Асқақ болып еліміздің жалауы
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы
Еңбек, достық, бейбітшілік береке
Қазақстан Республикасының қалауы
Зейнуллхабдин Мұхаммедқали: Еліміздің тыныштығын ойлайтын
Халқым менің Елбасыны қолдайтын
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін Назарбаев Нұрсұлтан.
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады — ау кісілік.
Қуантай Ақерке: Ата-бабам мың сынаққа шыдаған,
Тәңірден тек Тәуелсіздік сұраған.
Азаттықтың ақ таңы үшін тер төккен,
Тұңғыш қазақ Президенті — Нұрағам.
Сүйеу болған аналарға жылаған,
Тіреу болған балаларға құлаған.
Елдің жерін, арқалаған нар тұлға.
Тұңғыш қазақ Президенті — Нұрағам.
Қойшыбай Аружан: Бірлігі жарасқан елміз міне, бүгінде,
Артқа тартып халқым енді шегінбе.
Дағдарыстан шығып, алға бет алдық,
Мұның бәрін өз көзіңмен көрдің де.
Даңғыл жолды салып берер, Нұр аға
Енді халқым ешқашанда құлама
Барлық жерден жиып-теріп қазақты,
Халқы үшін, жанын салған ғұлама.
Жаңа кезең бастауына сендіңдер,
Астананың бәйтерегін көрдіңдер.
Халқымыздың саны өсіп бүгінде,
Әрбір жылды мерекелеп келдіңдер.
Аманбай Айару: Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Менің Тұңғыш Президентім- Әбішұлы Нұрсұлтан
Еңбегімен еліне болған ол мақтан
Бүгінгі күн бүкіл әлем таниды
Қазақ елін, қазақ жерін Қазақстан!
1-жүргізуші: Е.Хайнилхаят «Мекенім- Қазақстан» әні. Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: 1993 жылы 15 қарашада ҚР Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.
Ғалиева Айжан: Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт — береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?
1-жүргізуші: 1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР-ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
2- жүргізуші: Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп хәліміз адам құқын қорғайды.
1-жүргізуші:1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
2-жүргізуші: Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
2-жүргізуші: Халқым айтқан ел көтерер жер даңқын
Елім айтқан жер көтерер ел даңқын
Президентім аман болғай ел басы
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым
Көрініс «Балалық шағымның аспаны»
Әже: Піссімілда рахмани рахим. Адам ата жаратқан иемнің тілін алмады. Алла тағалам сол үшін де оларды жұмақтан қуып жіберді балам.
Сұлтан: Әже, сосын не болды?
Әже: Сосын, олардың ұрпағы көбейіп, дүниенің төрт бұрышына кеңінен тарады.
Сұлтан: Әже, біз қайдан пайда болдық?
Әже: Бізде сол адам атадан тарағанбыз. Менің құлыным жігіт болып қалыпты ғой! Әр қазақ өзінің жеті атасын жете білуі керек. Сұлтан мені тыңда да, жадыңда сақта.
Сұлтан: Жарайды.
Әже: Сенің арғы жетінші атаң, Айдар болған.
Сұлтан: Айдар.
Әже: Айдардан кейін Мырзатай.
Сұлтан: Мырзатай.
Әже: Мырзатайдан кейін Кенбаба
Сұлтан: Кенбаба
Әже: Кенбабадан кейін Еділ
Сұлтан: Еділ
Әже: Еділден кейін Сабақбай
Сұлтан: Сабақбай
Әже: Сабақбайдан кейін Назарбай
Сұлтан: Назарбай
Әже: Назарбайдан кейін Әбіш
Әже: Айналып қане кетейін, ал Әбіштен зарығып күткен, сені берді Жаратқам ием (Сұлтан орнынан тұрып кетеді ұшақтың дауысы шығады).
Әже: Әй қайда кеттің. Астапыр Алла.
Сұлтан: Алақай-алақай самолет! Мен де ұшқыш болғым келеді.
Залды бір айналып жүгіріп шығып, аспанға қарап тұрады.
Әже: Боласың балам, боласың. Екеуі ұшаққа қарап
1-жүргізуші: Кезінде Н.Ә.Назарбаев «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып терезесін тең етер едім» — деп армандаған болатын. Жасыратыны жоқ бүгінде асқақ арманы орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласының қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесінің зор екендігіне ешкімнің күмән келтірмейтіні тарихи шындық.
2- жүргізуші: Хор «Менің Елбасым»
2-жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата-баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағатты өнегесі,еңбегі,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі-, дей келе бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Елімізді ертеңіне жетелеген – Елбасы!» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Кешімізді аяқтау барысында мектебіміздің директоры Бимендина Күлшат Жәкенқызына құттықтау сөз беріледі.
1-жүргізуші: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің,
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын,қымбаттым!
Туған күнің құтты болсын,алыбым!
2-жүргізуші: Еліміздің 30 жылдық мерекесі құтты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!