Home » Мақалалар » «  Менің түсінігімдегі Тәуелсіздік….»

«  Менің түсінігімдегі Тәуелсіздік….»

Мен – қазақпын,мың өліп,мың тірілген,
Жөргегімде табыстым мұң тілімен,
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімен түн түрілген!
Ж. Молдағалиев

Мен — қазақпын! Мен – сонау заманның өзінде   «Аспан асты елін» үрейлендіріп, қорған салдырған ғұндардың ұрпағымын. Мен – дүниенің төрт бұрышына даңқы кеткен, талай царь, князьдерді тәжім еткізген Ұлы түріктің көк бөрісінен қалған бөлтірігімін. Қазақ – тамырын тереңге жіберген бір алып бәйтерек сынды. Ал сол алып бәйтеректің жайқалған жасыл желегі – Елбасы бастап, халық үміт артқан мына бізбіз. Тұңғыш президентіміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік деген Құтты мекен есігін ашып берді. Сол құтты мекен есігін  қазақ елі барша халыққа  айқара ашып, қазыналы  дастарқанын жайды, қазір дастарқан басында жүзден астам халық дәм татып,  бір отбасы іспетті  жусанның иісінен  рақаттанып ,

ашық аспан астында тату- тәтті  Тәуелсіз елде бірге өмір сүрудеміз!

      Әлемдегі өзге мемлекеттермен терезесі тең өмір сүруге мүмкіндік алу – кез келген ұлттың ұлы мұраты. Биыл егеменді ел болып, Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толып отыр.  Осы ретте мен Тәуелсіздік атты қастерлі ұғымның Қазақ еліне берген  30 ірі  жетістігін жазуды ұйғардым.

1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздігімізі алдық!

1992 жылы   – рәміздерімізді бекіттік!

1993 жылы—   тұңғыш Конституциясын жариялады,   ұлттық валюта – теңге қолданысқа енгізілді.

1994 жылы-наурыз айында алғаш рет заң шығарушы орган – Жоғарғы Кеңеске сайлау өткізілді.

1995 жылы—  қазіргі дамуының басты кепілі болып отырған Конституцияны қабылдады.

1996 жылы -16 желтоқсанда сол кездегі астанамыз Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.

1997 жылы— «Қазақстан-2030. Қазақстандықтардың өркендеуі, әл-ауқаты мен қауіпсіздігін жақсарту» атты халыққа Жолдауын арнады.

1998 жылы- Елімізде Ұлттың тарихы мен бірлігі жылы болып жарияланды.

1999 жылы-10 қаңтарда Президент сайлауында  Н.Назарбаев Мемлекет басшысы ретінде қайта сайланды.

2000 жылы- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот жүйесін күшейту жөнінде» Жарлық қабылдады.

2001 жылы -27 наурызда Каспий құбыр консорциумын толтыру басталып, «қара алтын» экспортының көлемі ұлғайды.

2002 жылы— рухани орталығы Түркістан қаласында қазақтардың екінші Бүкіләлемдік құрылтайы өткізілді.

2003 жылы —  Діндер арасындағы диалогті қалыптастыру үшін Қазақстан әлемде бірінші болып әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезін өткізді.

2004 жылы  —   XXVIIІ Жазғы Олимпиадалық ойындарда Қазақстан құрамасы бір алтын, төрт күміс, үш қола медаль алып, 201 елдің арасынан 40-орынды иеленді

2005 жылы-5 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астана саммитінде АҚШ-ты Орталық Азиядағы әскери базаларды шығарудың мерзімін нақтылауға шақыру туралы декларация қабылданды.

2006 жылы — Қазақ елі осы жылы әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының екінші съезін шақырды.

2007 жылы-  3 шілдеде «30 корпоративтік көшбасшы» жалпыұлттық бағдарламасы іске қосылды.

2008 жылы— Бейжіңде өткен XXIX Жазғы Олимпиадалық ойындарда Қазақстан құрамасы екі алтын, төрт күміс, жеті қола медаль алып, 204 мемлекеттің ішінен 29-орынды иеленді.

2009 жылы— 12 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао «Түрікменстан – Қазақстан – Өзбекстан – Қытай» газ құбырының қазақстандық бөлігін іске қосты.

2010 жылы — Елімізде халықаралық дәрежедегі тұңғыш білім ордасы – Назарбаев университеті ашылды

2011 жылы — 9 желтоқсанда Мойнақ су электр стансысы пайдалануға берілді.

2012 жылы— Халықаралық көрме бюросы мүшелерінің қатысуымен Астана 103 дауыс жинады.

2013 жылы— Қазақстан халқы Ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы болып өтті.

2014 жылы-Қаржы полициясының қызметі Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттікке берілді.

2015 жылы— Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы бүкіл республика және ТМД елдері арасында аталып өтті.

2016 жылы-  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация жазылды.

2017 жылы-Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды.

2018 жылы-1 қаңтардан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті.

2019 жылы-Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.

2020 жылы-Елімізде әл-Фарабидің  1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Алтын Орданың 750-жылдығы сынды мерейтойлар жалпыхалықтық деңгейде аталып өтті.

2021 жылы— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялады.

    Қорыта келгенде, 30 жыл деген тарих үшін аса көп уақыт емес. Алайда, қаншама жетістіктерге жетіп, төрт тереземіз барша  құрлыққа айқара ашылып отыр . Қазіргі күнімізді ашық аспан астында Тәуелсіз мемлекетте білім алып, өмір сүріп жүргенімізге шүкіршілік ете отырып,   тәуелсіздікті алып беріп және аманаттап қалдырған аманаты енді біздің қолда екенін естен шығармауымыз керек. Сол үшін  де осы аманатты жауапкершілікпен қабылдап , еңбек етіп , біліп алып , егемен еліміздің дамуына үлес қосайық.  Осындай тәуелсіз елдің ұрпағы деген атқа кір келтірмеуге тырысайық.    Эссемді Ж.Молдағалиевтің :

Мен – қазақпын,биікпін,байтақ елмін,

Қайта тудым,өмірге қайта келдім

Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске-

Айта бергім келеді,айта бергім,- деген өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр.  Мың өліп, мың тірілген қазақтың енді мың бірінші рет өлуге құқы да, хақы да жоқ! Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын! Мен-тәуелсіз ел ұланымын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Ақмола облысы білім басқармасының

Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі

Төңкеріс  ауылының жалпы

орта білім беретін мектебі» КММ

Жетекшісі: Мусина Асия Нурлановна

Дайындаған:   Мұратқызы Диана

Сынып: 8

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.