Ахметова Мейрамгуль Мухабдиновна
Атырау қаласы
«№36 Нұрәлем» бөбекжай-бақшасы» ҚМҚМ
ересек «Құлпынай» тобының тәрбиешісі
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін, қызығушы-лықтарын арттырып, белсенділіктерін дамытып, ұйымшылдыққа, достыққа жауапкершілікке тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Армысың сары алтындай Алтын күзім.
Күн нұрын төккендей болып жапырағың,
Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне
Алтын күз деп өзіңе айдар тағып
Армысыздар, құрметті ата-аналар, қонақтар! Баршаңызды бүгінгі «Алтын күз!» құрметіне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.
Ән: «Күз Тамаша» әні орындалады.
Ән орындалып біткен кезде, есік жақтан « у-у-у» деп соққан желдің дыбысы шығады.
Күз Ханшайымы:Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіз бе, қонақтар.
Уа халайық, дархан дала армысың!
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Тәрбиеші:Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Күз Ханшайымы: Олай болса, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ: Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл
Түссе-сары. Бұл не?
Балалар: (Жапырақ)
Күз Ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар. (Жапырақ)
Тәрбиеші: Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Тырна кетті тыраулап.
Қош айттым кеттім деп.
Шөптің басы қыраулап, жеттім деп.
Ендігі кезде тақпақтарға берейік.
Асия: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз.
Елге бірін сыйлаймыз.
Алтайыр: Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді,
Өлкемізге күз келді
Жантас: Ән салыңдар, күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық
Ғалым: Көбейді құт береке.
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке
Жасайды халқымыз
Мол өнімді жинаймыз.
Елге бәрін сыйлаймыз.
Қоян: Күз Ханшайымы сен осында жүрсің бе? Мен сені әрең қуып жеттім, мен ойын ойнағым келіп тұр.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Қоянжан күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалып жатыр?
Қоян: Сәлеметсіздер ме балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр.
Тәрбиеші: Тақпақтарға кезек берейік.
Асылым: Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді.
Жарқыраған сәулелі,
Күз әуені төгілді
Хақназар:Алтын, сары, қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Тахмина:Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді
Құрмет:Күз айы басталды,
Құстар қайта бастады
Жапырақ, сарғайып,
Жерге түссе бастады.
Тәрбиеші: Бізде қысқа дайындалып жатырмыз балалармен бірге ойын ойнайық көнілдірек
Ойын: «Кім жылдам»
Шарты: Бос екі ыдысқа тез жылдам тосаппен тұздық қайнатуға жемістер мен көкөністерді ажыратып салу.
Қоян: Ал, ендеше балалар, мені қасқыр қуып жетіп алмай тұрғанда мен орманға кетейін. Сау болыңдар.
Балалар: Сау бол, қоян
Тәрбиеші: Ал, балалар, тұрмайық
Би билейік бәріміз.
Би «Аққу»
Тәрбиеші:Тақпақтарын тамашаланыздар
Күз Ханшайымы: Тамаша, балалар! Сендер өте өнерлі балаларға ұқсайсыңдар. Қане, кім тақпақ біледі, айтып беріңдерші.
Нұрахмет: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Алан:Келді міне күз
Айнала сары түс
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Айару:Ақтарды мырза күз.
Уылжыған жемісті.
Күз бізде ризамыз,
Аянбаған жеміс үшін.
Жасмин:Көрініп еліме,
Күндері мереке,
Келді ғой жеріме,
Күз дейтін мереке.
Тәрбиеші: Алтын күзде бүгінгі
Шырқап әнге салайық-деп балалардың орындауында ән шырқайық.
Ән: «Көкөністер мен жемістер»
Тәрбиеші: Балалар, сендерге ертегі тыңдаған ұнай ма? Ендеше балаларымыздың «Қаз бен Аққу» орыс ертегісін тамашалаңыздар.
Тәрбиеші: Ертегіні назар аударып тамшалағандарыңызға рахмет
Тәрбиеші: Күз Ханшайымы, біздің балалардың өнерін тамашалаңыз, ортаға тақпақтарына кезек берейік.
Байсұңқар: Наступила осень,
Пожелтел наш сад.
Листья на березе,
Золотом горят,
Песен соловьяУлетели птицы,
В дальние края.
Сафия:Қуандырып біздерді,
Кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді.
Кемеделсін халқымыз.
Жеміс мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Алихан:Жапырақ ұшты,
Суық та түсті
Сонда да бізге
Қызық көп бізге.
Шырай:Күн суытып келді,
Жапырақтар түседі
Астық-жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз-мың алғыс.
Айсұлтан: Алақай-алақай!
Шаттанды балақай
Күз түсті, дән пісті
Айтамыз алғысты
Тәрбиеші: Балалардың орындауында «Жемістер» биі тамашалаңыздар.
Би: «Жемістер»
Күз Ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер. Ендеше мені басқа балалар күтіп жатыр. Сау болыңдар, балалар! (Күз қоштасады)
Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады. Қош сау болыңыз!
Тәрбиеші: Ал, балалар, тұрмайық
Би билейік бәріміз
Алтын күзде бүгінгі
Шырқап әнге салайық-деп балалардың орындауында ән шырқайық.
Ән: «Жаңбыр»
Тәрбиеші: Күз ханшайымының сыйы – жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күздің сыйы» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз Күздің кереметі, байлығы өте көп.
Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Қазіргі сендердің еңбектерін сабақ оқу. Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.
Оқу-тәрбие ісінің меңгерушісіне сөз беру. Ата-аналардың бүлдіршіндерге құттықтау сөзі. Шашу шашылып, мереке аяқталады.