Home » Мақалалар » Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру – жаңа заман талабы

Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру – жаңа заман талабы

Ешенова Бахтыгуль Маулитбековна
Шәкәрім атындағы
Семей мемлекеттік университеті
Жаратылыстану-математика факультетінің
«7М01501-Математика» мамандығының
2 курс магистранты
Ғылыми жетекшісі: ф-м.ғ.к,доцент  О.М .Жолымбаев

 

 

 

 

Бүгінгі  күн талабына  сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы  бар  адамды  мектеп табалдырығынан дайындап  шығарудың  ең бір тиімді тәсілі  ол – оқытудағы математикалық сауаттылық.

Математикалық сауаттылық

— математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну;

— әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру;

— дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;

— есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру;

— математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.

Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейлерімен (танымдық салалармен)  сипатталады:

—   білу (еске түсіру);

—    қолдану (байланыстарды орнату);

—   ойлау (пайымдау).

Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: «Алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірлерінде:

— қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құралдарды пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу;

— ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;

— нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін түсіндіру;

— геометриялық, физикалық, экономикалық және т.б. мазмұнды қолданбалы есептерді шешу;

— диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық мәліметтерді танып білу, талдау;

— оқып игерілген формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде қарапайым тәжірибелік жағдайларды зерттеу (моделдеу);

— шынайы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу».

Математикалық құзыреттіліктің деңгейлері (танымдық салалар):

Білу (еске түсіру): Терминдерді, сандарды қасиеттері бойынша суреттеу және есептеу; график пен кестеден мәліметтерді алу; құралдарды қолдану; классификациалау, математикалық объектілерді танып білу.

Қолдану (байланыстарды орнату): Нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты талдау және көрсету; модельдеу; тізбекке байланысты тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу.

Ойлау (пайымдау, тұжырымдау): Объектілердің арасындағы тәуелділікке талдау жасау; қорытындылау, әртүрлі шешу жолдарын синтездеу; дұрыс/бұрыс айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес есептерді шешу. Оқушылардың  математикалық сауаттылығын  арттыруда PISA есептерін қолданудың тиімділігі: PISA  зерттеуіндегі математикалық  тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешімдері үшін математикалық талдауды талап ететін, мектептің өмірі, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсіби қызметі, спорт және тағы басқалар туралы мәлімет ұсынады.

Осындай бағыттағы есептерді сабақ барысында қолдану арқылы ғана біз  алған  математикалық білімдерін тиімді пайдалана алатын,  өмірдегі кез келген жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдайтын, өзінің математикалық сауатты екенін дәлелдей алатын функционалдық сауатты тұлға тәрбиелеп шығамыз.

Математика сабағындағы  негізгі сауаттылыққа мыналар  жатады :

1. Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика  барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады.

2. Математика ең алдымен оқушылардың  дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады  және оны шыңдай түседі.

3. «Математикалық сауаттылық» ауызша, жазбаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу  қабілетін шыңдайды.

4. Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты, жаңалықты дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі.

5. Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қалыптастыруда  да тәрбиелік мәні бар.

Математикалық сауаттылықты қалыптастыру  үшін:

—  теорияны білу, оны логикамен ұштастыру

— есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу

— математикалық сайыс сабақ, пән кеші, апталықтарды  математиканың даму тарихымен байланыстыру,

— Ақпараттық оқыту технологиясынан математика сабақтарында интерактивтік тақтаны қолдану. Интерактивті тақта арқылы оқушылар жаңа материалдарды арнаулы бағдарламалар көмегімен мүмкіндігінше меңгерумен қатар функциональдық сауаттылығы да артады.

Қазіргі таңдағы  ақпараттандырылған заманда сабақта интерактивті тақтаны тиімді пайдалана отырып,  оқушының білім сапасын шығармашылық негізінде арттыру – өмір талабы. Ол үшін мұғалім тиімді интерактивті әдістер арқылы проблемалық ситуациялар туғызып, оқушылардың топтық жұмысының нәтижесінде олардың өз бетімен тақырыпты түсінуге қолайлы жағдай туғызады, танымдық қызметін басқарып, ілгері жетелеп отырады. Соңында оқушылар өздері қорытындысын шығарып, практикалық жұмыстармен бекітеді.

Жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу — ұстаздардың басты міндеті. Жаңа технологияның тиімділігі сол,

оқушы:

• мақсат қоюға үйренеді;

• есте сақтау қабілеттері дамиды;

• басқалармен бірігіп жұмыс жасайды;

• кітаппен жұмыс жасауға үйренеді;

• қатарынан қалмауға тырысады;

• дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі;

• әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.

• күшті сыныптарда оқуға деген ынта артады.

• білім дәрежесі бірдей сыныптарда оқу жеңілдейді

• өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады

Мұғалім:

·       жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;

·       оқушыны жан-жақты танып біледі;

·       қарым-қатынас орнатады;

·       оқушылардың өзара әрекеттесуіне жол ашады;

·       оларға шығармашылық еркіндік беріледі.

Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз адам тағдырына, бала тағдырына жауаптымыз. Сондықтан оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру үшін мынадай жұмысын жүргізуіміз керек:

1.   Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр тарауы, әр тақырыбы бойынша «білу – түсіну – қолдану – тұжырымдау»  деңгейлік тапсырмаларымен  жүйелі жұмыс жасауды күшейту;

2.   Сабақта  практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған  қызықты есептер шығарту;

3.   Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға үйрету;

4.   Халықаралық зерттеулер мен Ұлттық емтихандардың нәтижелері бойынша мектепте оқушылармен мақсатты түрде жұмыс істеу;

5.   Мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған белсенді оқыту стратегияларын пайдалануды үйрену.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту– Қазақстан дамуының басты бағыты» атты  Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жылғы                 27 қаңтар.

2.   Мектеп оқушыларының функционалық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.