Аншыбай Майрагуль
Ақмола облысы
Ақкөл ауданы
Азат орта мектебінің
биология пәні мұғалімі
Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлауын талап ететін тапсырмаларды пайдалана отырып, ой-өрісін кеңейту, танымдық белсендігін, өз бетінше білім алу, саралау, қорытынды жасау дағдыларын қабілеттерін дамыту.
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгін «Ең білгір биолог» атты 8-сынып арасында биология пәнінен өткізіліп отырған танымдық сайысқа қош келдіңдер!
Сайыс 3 бөлімнен тұрады.
Көңілді тапқыштар, білімділер
Бар өнерін алдарына салады
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады – деп сайыскерлерімізді таныстырайық
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділқазыларды сайлайық.
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін орынды
Биология пәнін сүйсен сен
Ортаға сал барыңды – деп сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілеп сайысымызды бастайық.
- «Ғажайып бестік» әр оқушыға 5 сұрақтан 1 сұрақ 1 ұпай.
1 оқушы.
- Өсімдікте қанша ұлпа бар?
- Гүлдің көбеюге қатысатын мүшесі?
- Амеба несімен қозғалады?
- Микология ғылымы нені зерттейді?
5: Жорғалаушыға жататын жануар?
2 оқушы
- Жапырақтың суды буландыратын мүшесі?
- Лейкопласт қандай түс береді?
- Кірпікшелі кебісшеде қанша ядро бар?
- Микробиология нені зерттейтін ғылым?
- Сүтқоректілерге жататын жануар?
3 оқушы
- Тозаң гүлдің қай мүшесінде жетіледі?
- Хлоропласт қандай түс береді?
- Жасыл эвглена несімен қозғалады?
- Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым?
- Бақаның тыныс алуы?
4 оқушы
- Жануарларда қанша ұлпа бар?
- Омырталы жануарларды ата?
- Жасушаны ашқан ғалым?
- Фотосинтез процесі өсімдіктің қай мүшесінде жүреді?
- Вирусты зерттейтін ғылым?
5 оқушы.
- Қоңыр балдыр қайда өседі?
- Микроскоптың жарық түсіретін бөлімі?
- Вирусты ашқан ғалым?
- Кірпікшелі кебісше несімен қозғалады?
- Құста неше қарын бар?
6 оқушы
- Қосмекендіге жататын жануар?
- Өсімдіктің тыныс алуы?
- Бактерияға жататын аурулар?
- Сиырда қанша қарын бар?
- Гүл қайда бекінеді.
- «Ғалымдар сөйлейді» әр оқушыға сұрақтар қойылады.
1 оқушы. Мен 1632 жылы Голландияда дүниеге келдім. 22 жасымда оптикалық құралдарды жасумен қызығы шұғылдандым. Ұсақ ағзаларды алғаш аштым. Менің аты-жөнім кім? (А. Левенгук)
2 оқушы. Мен немістің Клаусталь деген қаласында дүниеге келдім. 1882 жылы адам өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын қоздырғышты аштым. Менің аты-жөнім кім? (Кох)
3 оқушы. Мен ең алғаш вирусты таптым. Оның өте зиянды екенін білдім. Менің аты-жөнім кім? (Ивановский)
4 оқушы Мен француз ғалымы 1870-1880 жылдары ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзалардың бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдедім. Менің аты-жөнім кім? (Луи Пастер)
5 оқушы Мен орыс ғалымымын . Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттап жаздым. Менің аты-жөнім кім? (К.А Тимирязев)
6 оқушы.1665 жылы алған рет өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қарап, ондағы ұяшықтарды жасуша деп атадым. Менің аты-жөнім кім? (Роберт Гук)
- «Хат» әр сұрақ жеңілден қиынға қарай әр сұрақ 2 ұпаймен бағаланады.
Биология 7,8,10,11-сыныптар.
7-сынып.Хатта термин сөздер жазылған, оқып жауап береміз.
Бриология, Циста, Спора, Микология
8-сынып. Табиғатта басқа өсімдіктерге қолайсыз, құнарсыз және таза ауада өседі. Ерекше құрылымды тірі ағза. Саңырауқұлақпен көк-жасыл балдырдың селбесуінен түзіледі. Қосымша көмек бұл туралы ғылымды лихенологтар деп атайды (қына).
10-сынып. Ол біздің организмздегі микробтармен күреседі. Оларды қаптап алып, өлтіреді. Сен дем алатын оттегін бүкіл денеңе таратады. Пайдаланылған газды өкпеге жеткізеді, сосын сен оны деммен шығарасың. Егер сен жарақаттанып қалсаң, ол жараның бетің жабатын жабысқақ ерекше бір зат өндіреді. Ол не? (қан)
11-сынып. Пиязды ежелгі адамдарда біледі. Пияз – бағалы дәрілік өсімдік. Ол қанда холестерин деңгейін жояды, баспаны, ірінді жараны, жүрек ауруын емдеуге қолданылады. Жылан шаққанда жәрдемі тиеді.
Сұрақ: Пияз бен сарымсақ құрамында болатын зат? Оның қасиеті қандай?
Жауап: Пиязбен сарымсақ құрамында ұшқыш зат — фитонцид болады. Фитонцид бактериялардың көптеген түрін жойып жібереді, сондықтан жұқпалы ауруға қарсы қолданылады.