Елеусізова Айгерім Алмасқызы
Қарағанды облысы
Жаңаарқа ауданы
М. Жұмажанов ауылдық округі
Жаңаарқа жалпы орта білім
беретін мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі білім беру мен ғылымды дамыту болып табылады, оған экономикалық, әлеуметтік және мәдени прогрестің қарқыны, сондай-ақ жақын жылдардағы қазақ ұлтының бәсекеге қабілеттілік деңгейі шешуші түрде тәуелді болады. Әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне белсенді интеграцияланған қазіргі заманғы барлық дерлік мемлекеттер «ақылды экономикаға» сүйенеді. Ал оны құру үшін ең алдымен жеке адами капиталды дамыту қажет.
Оқыту мен дамыту мәңгілік педагогикалық проблема. Адамзат қоғамының әртүрлі кезеңдерінде, тіпті әртүрлі этникалық қауымдастықтарда, әлеуметтік топтарда бұл проблема мезгіл-мезгілімен жаңартылып отырды, шешуге тырысты және әртүрлі жолдармен шешілді. Жеке тұлғаны дамыту мақсаты қазақ білімін ең дұрыс шешімін табуға тырысып, оқыту мен дамыту проблемасына қайта тіреді.
Тұңғыш Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауында «бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.
Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және заманауи өндірісте жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуы тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп тұжырымдады. Ендеше, сыртқы ортадағы өзгерістерге байланысты әрбір оқушыға жеке адам ретінде, өзіне тән ой-өрісі, ерік-жігері, жеке дара әрекет жасауға ынта-жігері бар тұлға ретінде қарау міндеті қойылып отыр.
Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екендігі даусыз. Педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру, қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану, педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Әлемдік өркениетке қадам басқан Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени дамудағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім деңгейін, оқыту әдіснамасын жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызып отырғандықтан алдыма мынадай мақсаттар қойдым.
— жаңа технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
— жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
— жаңа технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
— бiздiң елiмiздегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
— мультимедиялық, электрондық оқулықтарды пайдалану;
— отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру және т.б.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Математика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
— оқушының өз бетімен жұмысы;
— аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
— білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
— шығармашылық есептер шығару;
— қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
— қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
— экономикалық тиімділігі;
— іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
— қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
— оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық мүмкіндігін, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді.
Қазіргі таңда цифpлық білім pесуpстapын (ЦБP) қoлдaну педaгoгтapғa oқушылapды oқытудың фopмaлapын, әдістеpін, құpaмын сaпaлы түpде түзетуге мүмкіндік беpеді. Сoнымен біpге тәжіpибеге сүйенетін бoлсaқ, педaгoгикaлық іс-әpекеттің құpaлдapы жетіледі, oқытудың сaпaсы мен тиімділігі apтaды.
Компьютерлік математика – ғылым мен техникадағы жаңа бағыт. Ол классикалық математика мен информатиканың түйісуінен туындайды. Компьютерлік математиканың маңыздылығы оның программалық жүйемен қамтамасыз етілуінде және кез-келген математикалық есептерді шешу қабілетінде.
Қазіргі таңда математика сабағында оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру мүмкіндігі мол компьютерлік бағдарламалық өнім — «GeoGebra» бағдарламасы. Ол әрі қиын, әрі қызық математика пәнін оқытуда компьютерді пайдалану арқылы пәнге қызығушылық тудыратын бірден-бір ақпараттық-коммуникациялық құрал болып саналады.
Аталған бағдарламаны математиканы көрнекі түрде түсіндіру мақсатында проекторы бар әр сыныпта орнатқан жөн. Себебі, математиканың абстрактілі түсініктерін «GeoGebra» бағдарламасы арқылы оқушылар өз көздерімен «көре алады». Әсіресе, жаңа тақырыпты түсіндіру барысында бағдарламаның тиімділігі мол. Сондай-ақ, оның математикалық формулалармен шешілген есептерді графиктер салу арқылы көрнекі түрде тексеріп көру мүмкіндігі де бар. Бұл әдіс оқушылардың қызығушылығын арттырып, абстрактілі формулаларды түсінікті түрде жеткізуге жағдай жасайды.
«GeoGebra» арқылы:
— «жансыз фигуралар мен графиктерге жан бітіруге;
— кез-келген фигураны анимациялауға;
-«ойнау» батырмасы арқылы сабаққа керек сызбаны алдын-ала сызып алып, қайталап көрсетуге;
— компьютерлік сауаттылықты арттыруға болады
Қорытындылай келе, тәрбиелеп отырған жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешу үшін оқыту мазмұнында әдіс-тәсілдердің де озығын пайдалану керек деп ойлаймыз. Өз іс-тәжірибемізде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін, қызығушылығын қалыптастырып, логикалық ойлау қабілеттерін арттырамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- К.С. Құдайбергенова. Инновациялық тәжірибе орталығы-педагогикалық технология көзі. Алматы, 2001. -65б.
- Педагогикалық әдіс-тәсілдердің инновациялық технологиясы //Педагогический мир, Өскемен, 2014 ж, №4.
3.О.Т. Солтанбекова. Формирование коммуникативной компетенции будущего учителя. — Семей, 2006. 437-440 с.