Кубегенова Гульбану Мухашевна
Шығыс Қазақстан облысы
Үржар ауданы Ақжар ауылы
«Б.Тұрлыханов атындағы
мектеп-бақшасы» КММ
биология пәнінің мұғалімі
Жоба авторы: «Тұрлыханов атындағы
орта мектеп-бақшасы» КММ
7А сынып оқушысы Шарипханова Ажар\
Мазмұны
- Кіріспе
- Адыраспан классификациясы
- Негізгі бөлім.
2.1. Адыраспан киелі шөп
2.2. Адыраспан және халықтық ем-дом
2.3. Адыраспанның қызықты тұстары
III. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізбесі
- Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: адыраспан өсімдігінің шығуы мен түрлері, жасалу жолдары мен өмірдегі маңыздылығы туралы келешек ұрпаққа насихаттау, үлгі ету.
Міндеттері:
Адыраспан өсімдігі туралы түсінік беру;
Ем-домдардың жасалуы мен маңыздылығы мен құндылығын таныту.
Түрлері туралы мәлімет беру.
Болжам: Адыраспан өсімдігінің пайдалы тұстары турасында қарастырылды.
Зерттеу кезеңдері:
1-кезең —Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау;
2-кезең — Талдамаларды жобалау;
3-кезең — Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға жұмыстану;
4-кезең — Талдау жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау, жазу.
Зерттеу әдісі: Зерттеуде іздену, жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау.
- Зерттеу нәтижесі: Адыраспан өсімдігі туралы жинақталған тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып, оқушыларға насихат жүргізіледі.
- 6. Күтілетін нәтиже:
— Тұнбалардың жасалуы мен оның пайдасы аясында түсінеді;
— Осы бағытта өз тарапынан не істеу керек екеніне мақсат қояды;
— Денсаулыққа пайдасы туралы нақты білімі қалыптасады.
Қорытынды: Адыраспан өсімдігінің қасиеті, оның түрлері мен жасалу жолдары сонымен қатар адыраспан өсімдігі туралы қызықты мәліметтерді жинақтай отырып пайдасы туралы келешек жас ұрпаққа насихаттамақпын.
І. Кіріспе бөлім. Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — ақтікендер тұқымда-сына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.
Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді.
Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары, бозғылт – сары түсті және ол 1-3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр—шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады. Жемісі ішінде жуандығы 1 сантиметрдей ұрығы бар, қоңыр түсті, шар тәріздес қауашақ.
- Негізгі бөлім.
2.1 Адыраспан — киелі шөп.Адыраспан — көпжылдық өсімдік. Оның сабағы бұтақшалы, тамыры діңгекті, жапырақтары тілімденген, кезектесіп орналасқан. Бес күлтешесі бес бөлімді. Аталығы он бес, гүлдері ақ-сарғылт. Жемісі дөңгелек тәрізді кауашақ, ірі қоңыр түсті көп тұқымды болады.
Қазақстанда адыраспанның бір ғана түрі өседі. Биіктігі 20-60 см. Гүлдену мерзімі – мамырдың аяғы мен маусым айында. Шілде айында жемісі тола бастайды.
Адыраспанның химиялық құрамында гармалин алкалоидтары бар. Гүлі мен сабағында печаник алкалоиді бар. Бұл өсімдік улы дәріге жатады.
Адыраспан — ең көп тараған емдік шөптердіңі бірі. Одан жасалған гармалин алкалоидының әсері банистерин алкалоидынан асып түседі. Ол энцефалит ауруын емдегенде жақсы нәтиже береді. Ауруға шалдыққан адамның жүйке жүйелері асқынып, ұстамалы қояншық (эпилепсия) ауруы мен қалтырау салына (дрожательный паралич) шалдыққанда қолданылады. Халық емшілері құяңмен ауырғанда адыраспан жапырағымен булауды ұсынады. Көп жағдайларда булау жасап, ісіктерге де басады. Әртүрлі тері ауруларына және ревматизмнің салдарынан сүйектер сырқырап ауырса, адыраспаннан жасалған бұлау табылмастай ем.
Адыраспан — улы, сасық иісті, жұмыр өсімдік. Көбінесе жол жағасында, шөлейтті, ірі құрғақ жерлерде өседі. Құрамында адыраспан сілтісі мен ұшпа майы бар. Жинау мен өңдеуіне келер болсақ, жердегі бөлігі және тұқымы дәріге пайдаланылады. Жер үстіндегі бөлігін жазда немесе күзде жинап, жас күйінде немесе кептіріп турап жасайды. Ал тұқымы піскенде жинайды. Бір ескере кететін жәйт: адыраспан улы болғандықтан, пайдалану мөлшерін сақтап (сабағы мен жапырағынан 4-8 грамм, тұқымынан 0,1-0,5 грамм), абайлап қолданған жөн.
2.2. Адыраспан және халықтық ем дом.
Адыраспан – түйе табандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Сабы мен гүлінде у болады. Ол сасық иісті, дәрілік шөп болып саналады. Биіктігі – 30-80 см. Тау беткейлерінде, жолбойында, жазық далаларда өседі.
Қазақстанда оның үш түрі бар. Бір түрі шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендерінің бойындағы тақырланған жайылымдарда өседі. Біздің жерде Тарбағатай тау беткейлерінде кездеседі. Оның сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 метр тереңдікке жетеді. Гүлі – ақ, сары түсті. Мамыр, шілде айларында гүлдейді.
Адыраспанның бұтағы, жапырағы мен гүлі емдік мақсатқа пайдаланылады. Атақты ғалым, дәрігер Әбу Әли ибн Сина оны сегізкөз (крестцовая кость, құйымшақ) қабынған кезде шаншуды басатын дәрі ретінде қолданыпты.
Халық емшілері адыраспанды ревматизм, қышыма және басқа да тері ауруларын емдеуге пайдаланады. Оның шөбінен қайнатып жасалған тұнба суық тигенде, безгек ауруларына, нерв жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болып саналады. Адамдар оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді әрі жұқпалы сырқаты бар адам жатқан бөлмені залалсыздандырады.
Адамдар ежелден адыраспанның ұрығын зығыр тұқымымен қосып демікпені емдеген. Сондай-ақ қара немесе қызыл бұрышқа араластырып теңге қотырға (псориаз) жағады және несеп жүргізетін, тер шығаратын дәрі ретінде қолданады. Адыраспанды мыңжапырақ гүлдерімен, киікотымен, шөпшай гүлімен қосып қайнатады да, онымен асқазан сөлінің азаюын, яғни гипоацид гастритін емдейді.
Адыраспан шөбінің қайнатындысы мен тұнбасы ауруды басып, адамды тыныштандырады, сырқатты асқындырмауға, тер шығаруға көмектеседі. Тұнбасы суық тигенде пайдаланылады. Ал қайнатындысы ауыз қуысы мен тамаққа суық тигенде ауыз шаюға, басқа да шөптермен қосып аяқты жууға қолданылады. Адыраспанды тасшөппен, қараңдыз тамырымен қосып қайнатады да, радикулитті, сегізкөз (крестцовая кость, құйымшақ) невралгиясын емдеуге қолданады. Бұл ауруларды емдеген кезде жоғарыдағы қайнатындыны ішумен бірге шөбімен белді булау да жақсы нәтиже беретіні байқалады.
Бұрынғы заманда моңғолдар адыраспанды у ретінде пайдаланған көрінеді. Олар оны жауының ұлтарағына жаққан. Бірнеше күннен соң адам өлген.
Ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы, батыр, шешен Сырым Датұлын адыраспанмен улады деген дерек бар. Батырдың үзеңгісіне осы уды жаққан. Сырым Датұлы у табаны арқылы жұққанын білген кезде жанындағыларға аяғын тізесіне дейін шауып тастауды сұрапты. Бірақ батырдың аяғынан шабуға ешкімнің батылы бармаған. Салдарынан отарлау саясатына қарсы күрескен қолбасшы қаза тапқан.
Адыраспанның ерекше қасиеті — өкпе ауруына ем. Өкпе туберкулезі, демікпе, ентікпе, тағы да басқа әртүрлі өкпе ауруларына шалдыққанда адыраспанды пайдаланған. Сабағы мен жапырағын қайнатып, мөлшерімен ішсе, талма, сал, ұмытшақтық, суықтан болған ми қабынуы және тарамыс ауруларына жақсы ем. 500 грамм шөбін 0,5 литр қызыл араққа қайнатып, күніне 30 грамнан 1 ай ішсе, талма, бастың созылмалы ауруынан айықтырады.
Күніне 4-6 грамнан он бес күн ішсе, ревматизм ауруын басады. Оған жаншылған зығыр тұқымын қосып, жалғастырып ішсе, демікпені жазады. Тісті адыраспан шөбімен ыстаса, қақсап ауырғаны басылады.
Буынның жел-құз қоздырған қабынуына қолданылады. Ол үшін жас сабағы мен жапырағын жаншып, буынға таңады. Халық ырымында адыраспанды нәрестенің бесігіне қойса, көз тиюден сақтайды делінген.
Адыраспанның ерекше қасиеті — өкпе ауруына ем. Өкпе туберкулезі, демікпе, ентікпе, тағы да басқа әр түрлі өкпе ауруларына шалдыққанда адыраспанды пайдаланған.
Көп жағдайда суық тиіп, ауру басталғанда адамның денесі мұздап, қалтырап берекесі кетеді. Сол кезде адыраспанның қайнатпасын ішсе, ауруды жеңілдетеді. Тер шығару мен несеп айдау адыраспанның ерекше қасиетінің бірі. Безгек ұстағанда да көп адамға ем болған. Адыраспанның талаурауға, қабынуға қарсы қабілетін пайдаланып, бала көтермеген әйелдерді де емдеген. Адамдар адыраспанды бояу ретінде де қолданған. Мысалы, шөптің тұқымымен жүннен тоқылған бұйымдардың түрін қызыл түске бояп, тіпті заттың күн нұрына өңін бермейтін амалын тапқан. Түркияда ерте заманнан-ақ адыраспаннан әдемі қызыл бояу алып, онымен бас киімді бояп киген. Бояудың 10 грамымен 5 шаршы метр жібекті, 50 шаршы метр матаны алқызыл етіп бояуға болады. Қазақ адыраспанның тұқымымен қойдың, түйенің жүнін бояп, алашаға, текеметке көрік берген.Басты ем болатын түрі және әзірлеу тәсілі.
|
1.Сабағы мен жапырағын өлшем бойынша ішсе талма, сал ауруы, ұмытшақтық, суықтан ми қабыну, тарамыс ауруына ем болады.
- Құстыруға, сабағымен жапырғынан 30 грамм шапшып, 120 мг суға қайнатып шырынын сүзіп алып 90 грамм бал, 60 грамм күнжіт майымен араластырып ішкізсе дереу құстырады.
- Бастың созылмалы ауруына, талмаға, 50 грамм шөбін 0,5 литр қызыл араққа қайнатып күніне 30 грамм нан бір ай ішсе жақсы нәтижені береді.
- Ревмотизм ауруларына, күніне 4-6 грамм 15 күн ішсе ауруды басады. Оған зығыр тұқымын қосып жалғастырып ішсе демікпені басады.
- Тіс ауруына, адыраспанның шөбімен ыстаса, тістің қақсап ауырғаны басылады.
- Буынның қабынуына жас сабағын жапырағыменлайықты мөлшерде жаншып, буынға тартады.
Дайындау мөлшері. Сабағы жапырағынан қажетіне қарай 4-8 грамм тұқымынан 01-03 грамм дайындалады.
1.Тұндырма жасау. 1 ас қасық үгітілген құрғақ шөпті 1 стакан ыстық қайнап тұрған суға 1-5 минут салып жабық ыдыста тұндырылады. Оны 45 минут суытып сүзіп алған соң пайдаланылады. 1 ас қасықты 3-4 рет тамақ алдында ішеді. Ал халық ішінде дәрінді таң атарда ішеді.
2.Қайнатпа жасау. 1 ас қасық құрғақ шөпті 1 стакан салқын суға 1-3 сағат сонан соң шамалы отқа 30 минут жабық сырлы ыдыста бұқтырып қайнатады.10 минут суығыннан кейін дәке арқылы сүзеді де 1 ас қасық пен 30-4 рет тамақ алдында ішеді.
- 3. Адыраспан туралы қызықты тұстар. Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге – кереге басына іліп қояды. Жаңа үйге кірерде босағаға жын-шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған.
Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Малдың қотырын адыраспанды қайнатып жуған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады.
III. Қорытынды. Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген. Сонау алты ғасыр бұрын өмір сүрген халықтық емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1478 жж.) «Шипагерлік баяны» соның бергі кезеңдердегі өнегесі ғана. Тарбағатай өңірінде 1787 жылы өмірге келіп, 1850 жылы қайтыс болған атақты Ырғызбай Досқанұлы емші дәрілік өсімдіктерді жақсы білгендіктен, онымен жанды да, малды да емдеп, жаза алатын дәрежеге жеткен. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбайды дәрілік шөптерімен ауыр дерттен жазып шығарған деген сөз бар. Емші шипалы өсімдіктердің гүлінен, жапырағы мен тамырынан дәрі-дәрмек жасағанда, олардың қандай науқастарға ем болатынын табиғи түйсігімен дөп біліп, білігін одан ары дамытқан. Сол емшінің көп ауруға қолданатын дәрілік шөптерінің қатарында біз сөз етіп отырған адыраспан да болған.
Ұсыныстар:
- Ауданымызда адыраспан өсімдігі өсіретін арнайы орта болса;
- Адыраспан өсімдігі туралы сынып сағаттарында медицина қызметкерлері сынып сағаттарын өткізсе;
- Адыраспан пайдасы туралы насихатталса.
Пайдаланған әдебиеттер:
- «Өсімдік-жанға шипа, дерке дауа »М.Оспанова, Ж.Лұқпанов «Қайнар» баспасы, Алматы-1992
- Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов
- «Қазақ университеті »Алматы 2000 ж.
- «Қазақстанда кездесетін пайдалы емдік өсімдіктер» М.Қажымұратов «Қайнар» баспасы, Алматы -1975 ж.
- «Жасыл аптека» Л.К.Сафина, Е.П.Петров «Қайнар» баспасы, Алматы-1992
- Интернет материалдары