Home » Мақалалар » Қашықтан оқытудың кемшіліктері мен айырмашылықтары

Қашықтан оқытудың кемшіліктері мен айырмашылықтары

Сағындыққызы Арайлым
Түркістан облысы
Түркістан қаласы
Төле би атындағы
 №19 жалпы орта мектебінің
математика пәні мұғалімі

Әлемде болып жатқан індет білім жүйесіне жаңа өзгерістер алып келді. Біздің мемлекетіміз де осы өзгерістерді алғашқылардың бірі болып бастан өткерді. Қашықтан білім беру жүйесіне бірнеше аптаның ішінде ауысып үлгерді.

Қашықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықта интернет-ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту

Қашықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциалын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент-сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондық оқулықтарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулықтарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Сонымен қатар қашықтан оқытудың мынандай артықшылықтарын қарастыруға болады

  1. Кез-келген уақытта білім алу мүмкіндігі.

Қашықтан оқытылатын студент, семестр төңірегінде материалды меңгеруге қашан және қай уақытта кірісетінін өздігінше шеше алады. Өзіне жеке оқу кестесін құрастырады. Кейбір білім беру мекемелері студенттерге оқуын ұзақ уақытқа кейінге қалдыруға және қайтадан білім алуына ақы төлеусіз оралу мүмкіндігін береді.

  1. Өз қалауыңыз бойынша білім алу мүмкіндігі.

Білім алушыларға қатарластарымнан артта қаламын деп қобалжудың қажеті жоқ. Сіз әрқашан күрделі мәселелерді зерттеуге қайта орала аласыз, бірнеше рет видео дәрістерді көре аласыз, оқытушымен хат алмасып және оны қайта оқи аласыз, өзіңізге белгілі тақырыптарды өткізіп жібере аласыз. Ең бастысы — аралық және қорытынды аттестациядан сәтті өту.

  1. Кез-келген жерде білім алу мүмкіндігі

Қашықтан оқытудың артықшылықтарымен қатар кемшіліктерінде айта кетпеске болмас. Мәселен

  1. Жаңа форматқа көшудегі қиындықтар, бейвербалды жағдайда әңгімелесушіні түсінудегі жайсыздық.
  2. Күшті мотивация қажет. Қашықтан білім алушы студент барлық оқу материалдарын дербес оқиды. Бұл ерік-жігер, жауапкершілік пен ұстамдылықты талап етеді. Сыртқы бақылаусыз оқудың қарқыны төмендейді.
  3. Қашықтан білім беру коммуникативтік икемділікті дамыту үшін қолайсыз.

Қашықтан оқыту кезінде студенттердің бір-бірімен және оқытушылармен жеке байланысы аз болады. Сондықтан оқытудың бұл формасы сыпайылықты, сенімділікті, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға жарамайды.

4. Шалғай өңірлердің қашықтығы. Қазақстанда шалғай аудандарда қашықтан оқытуға ерекше қажеттілік туындайды. Алайда, оқығысы келетіндердің көбісінде интернетке қосылған компьютер жоқ.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.