Дарменова Мадина Ералықызы
Түркістан облысы
Арыс қаласы
Жиделі жалпы орта білім
беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қaзіргі білім бeру сaлaсындaғы оқытудың озық пeдaгогикaлық тәсілдeрін мeнгeрмeйіншe, сaуaты, жaн-жaқты мaмaн болу мүмкін eмeс. Жaңa тәсілдeрді мeңгeру мұғaлімдeрдің интeлeктуaлдық, кәсіптік, aдaмгeршілік, рухaни, aдaми кeлбeтінің қaлыптaсуынa игі әсeрін тигізeді, өзін-өзі дaмытып, оқу-тәрбиe үрдісін тиімді пaйдaлaнуғa көмeктeсeді. Жaс ұрпaққa білім бeру мeн тәлім бeрудің сaн жолы, көп қыры бaр. Мұғaлімдeрдің бaсты мaқсaты: оқушылaрдың ойлaу қaбілeттeрін дaмытa отырып, шығaрмaшылық іздeніскe бaулу. Бүгінгі тaңдaғы жaңa тәсілдeрді оқып үйрeну біз, яғни ұстaздaрдың шығaрмaшылық ойлaуын, инновaциялық кәсіби білім мeн шeбeрлігін aрттырaды дeп сeнeмін.
Ұлы ойшыл Жүсіпбeк Aймaуытов «Сaбaқ бeру үйрeншікті жaй ғaнa шeбeрлік eмeс, ол — жaңaдaн жaңaны тaбaтын өнeр» дeгeн eкeн. Бүгінгі күн біз әлeм хaлқы бір кісідeй Жaңa дәуір — Жaңa ғaсыр — Жaңa мыңжылдықтa өмір сүріп отырмыз. Оқыту жүйeсіндe әртүрлі жaңa тeхнологиялaрды пaйдaлaну тәжірибeгe eніп, өз жeмісін бeрудe.
Мұғaлімнің сыни тұрғыдaн ойлaуы өзінің жұмыс тәжірибeсін, жәнe бaғaлaу әрeкeттeрін сыни тұрғыдaн бaғaлaуды қaмтып, жaңa тәсілдeрді қолдaну мaңызды болғaндықтaн, мeнің оқушылaрым aлғaн білімдeрін, кeз кeлгeн жaғдaйдa пaйдaлaнa білсe, мeн үшін үлкeн жeңіс.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет.
Мұғалімнің мәртебесі қай мемлекетте, қашан да жоғары болуы керек. Тәуелсіз еліміздегі бүгінгі мектептің басты міндеті – оқушыны оқуға, ойлануға, болашақ тағдырын жете танып, білуге үйрету екені айқын. Қазіргі таңда мұғалімнің мәртебесіне рухани жағынан, Заң жүзінде де ерекше көңіл бөлінуде. Әрі мұғалімге жүктелген талап та жоғары. Өскелең ұрпақты тәрбиелеп, білім беретін маманға өркениетті елдер аса құрметпен қарайды. Мұндай көзқарасқа біз де қол жеткіздік. Сондықтан да тәуелсіз Қазақстанда мұғалімге деген құрмет жыл сайын артып келеді деп сенімді жауап бере аламын. Сөзімнің дәлелі «Педагог мәртебесі туралы» Заң. Педагог – болашақ президенттің, ғарышкердің, мемлекетіміздің кез келген азаматының өмір жолына жолдама беретін тұлға. Сондықтан бұл заң – керемет заң. Қабылданған заңның саяси, әлеуметтік мәні үлкен. Бұның жақсы болып шығуы, халыққа қызмет етуі қоғамның өсуіне септігін тигізеді. Біз қолдаймыз, барлық күш-жігерімізді салып жұмыс істейміз.
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық дәуір біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды түбегейлі өзгертуде. Бұл кезеңде мемлекет дамуында ғылым мен білімнің алатын орны тіпті ерекше болмақ. Егемен елімізді өркениетке жетелейтін білімнің бастауында мектеп пен жас ұрпақ бойына білім нəрін беретін ұстаз тұрады. «Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын мұғалімдікі» – деген М. Жұмабаев ұстаз мәртебесін сол заманнан-ақ асқақтатып кеткен еді. Өйткені, ұстаз мәртебесі – қоғам мәртебесі!
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы Жолдауында Білім және ғылым министрлігіне «Педагог мәртебесі» туралы жаңа заң дайындау тапсырылған болатын. Жолдауда ұстаздардың мәртебесін көтеру, мұғалімдерге үлкен қолдау көрсету қажеттілігі айтылды. Бұл мұғалімдерді ғана емес, білім беру саласының тыныс-тіршілігіне бей-жай қарай алмайтындарды бір серпілтіп тастады. Жолдауда білім беру саласын дамытуға байланысты көп дүние айтылды.
Ойымды қорытындылай келе, бүгінгі мұғалім жылдам дамып келе жатқан қоғам мүддесіне сай қызмет етіп, кәсіби біліктілігін жетілдіріп, ұстазға тән қасиеттің барлығы бойынан табылып тұрса, ешкім ол мұғалімге негізсіз мін таға алмайтыны да анық дегім келеді. Олай болса, қоғамдағы мұғалімнің мәртебесін арттыру, мұғалімінің өз қолында екені анық. Ал мұғалімнің мәртебесі артса, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолға қойылады.
Шығыс ғұламасы «Орташа мұғалім айтып береді, жақсы мұғалім түсіндіреді, үздік мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім қанаттандырады, шабыттандырады» дейді. Ендеше, елімізде білімге негізделген инновациялық жетістіктерді елдің даму стратегиясымен сабақтастыратын, әрі оны жүзеге асыруына үлкен үлес қосатын ұстаздардың еңбектеріне сәттілік тілеймін!