Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында еліміздің әлемдік экономикадағы орнын нығайту мәселесі негізге алынған. Бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін, еліміздің әлеуметтік дамуына, жұмыс орындарының сақталуына, халықтың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарды айта келе, білім саласында атқарылатын жұмыстар бағыттарын да нақтылады. Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Жастар мемлекетіміздің болашағы. Сонымен бірге біз кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн. Кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыруға басымдық беріледі. Сол себепті «Кәсіпкерлік негіздері» пәні мектептен бастап жоғары оқу орнына дейінгі барлық білім беру сатысында оқытылуы керек. Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажеттігі, бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керектігі, әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажеттігі нақты айтылды. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтіру, онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысатыны белгілі. Ғылым саласын дамыту туралы да айтылды. Бұл мәселе бойынша бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажет, үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырды. Елімізді ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат қажет. Оның басты міндеті ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымның әлеуетін пайдалану болмақ — деді Президентіміз Қ.Ж.Тоқаев. Сонымен бірге сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіби білімді жүз пайыз тегін беру керек екендігі тапсырды. Бұл ел ертеңі білімді жастардың қолында екені, болашақтың жарқын болуы білімде екенін тағы бір мәрте дәлелдегенін көреміз. Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді.
Жаңақала колледжі директоры,
аудандық маслихат депутаты
С.Ж.Жардемалиев
БҚО, Жаңақала ауданы