Home » Мақалалар » Білімі кемел елдің болашағы зор.

Білімі кемел елдің болашағы зор.

Білім-  қоғамды әлеуметтік, мәдени ғылыми прогреспен қамтамасыз ететінғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты- білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.

Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру  процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы,оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім           беруді  саралау, ізгілендіру білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың    негізгі принциптері. Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – бізге, яғни ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Мұғалім — мектептегі  негізгі  тұлға. Себебі  тәрбие  және  білімнің  көздеген  нәтижеге   жетуі  мұғалімнің  іс-қабілетіне,шеберлігіне   байланысты.Олай  болса   мұғалімдердің  кәсіби         даярлығына  қойылатын  талап  та   жоғарылауда.

Алдыңғы  қатарлы  технологияларды  пайдалану  білім  беруді  жаңарту  ісіндегі  маңызды  буын  болып  табылады.

Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Елбасымыз: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын. XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты — рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек.

Жамбыл облысы
Байзақ ауданы
Абай атындағы орта мектебі
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Тоқбергенов Қуат Амантайұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.