Home » Жаңалықтар » Түркістан облысында әдістемелік кабинеттердің жұмысы талқыланды

Түркістан облысында әдістемелік кабинеттердің жұмысы талқыланды

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды.

Іс-сапардың мақсаты – облыстағы әдістемелік орталықтардың қызметін оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу, орталықтардың жұмысындағы мәселелердің шешу жолдарын айқындау.

Бұған дейін аппараттық жиналыста Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әдістемелік кабинеттердің нақты міндеттерін бекіту және олардың жұмысын бір жүйеге келтіру бойынша тапсырма берді.

БҒДМБ сәйкес Ұлттық білім академиясы әдістемелік кабинеттердің қызметіне жетекшілік ететін орган болып табылады.

«Өңірлік әдістемелік кабинеттердің ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебесі мен регламенттеуші құжаттары біріздендіруді талап етеді, сондай-ақ олардың материалдық-техникалық базасын күшейту қажет», — деді Ғани Бейсембаев.

Жұмыс сапары аясында Ғани Бейсембаев Білім басқармасының, аудандық, қалалық, облыстық оқу-әдістемелік орталықтарының өкілдерімен,  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбековамен, білім беру саласының басқа да өкілдерімен  кездесіп, әдістемелік орталықтардың мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылады.

Сонымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Түркістан облысында БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатына қатысып, өзекті сұрақтарға жауап берді.

Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясының
баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.