Нағашыбаева Ләззат Тілеубайқызы
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласындағы
№ 21 «Росинка» бөбек жайынның
тәрбиешісі
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру. Аққала туралы білімдерін кеңейтіп, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері: Жеке жұмыс барысында берілген тапсырманы тиянақты жасау.
Білімділік: Балаларға жапсырмалау туралы түсінік беру және жапсырмалар жасап үйрету, балалардың қол моторикасын қиялын дамыту. Үлкенді кішілі дөңгелектермен таныстыру.
Дамытушылық: Балалардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды зерделікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: шығармашылық жұмысқа қажетті құрал- жабдықтар (желім, мақта)
Сөздік жұмыс: Аққала-снеговик-snowman
— Сәлеметсіңдер ме! Здравствуйте! Good morning!
— Көңіл күйлерің қалай?
Шаттық шеңбері
Достар, бері келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге,
Қуанышпен еніңдер!
Әдептен озбай бүгінгі келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Қонақтарға сәлемін алақанмен үрлеу арқылы жібереді.
— Балалар, жылдың қазір қай мезгілі?
— Қыс мезгілі.
— Қыс мезгілінің ауа райы қандай болады?
— Қар жауады, аяз болады, боран соғады, мұз қатады.
— Қыс мезгілінде қалай киінеміз.
— Тон, малақай, етік, шалбар, қолғап, мойын орағыш, баскиім киеміз.
— Балалар ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?
— Боранның
Ендеше боранды қимылмен қалай көрсетеміз? (Қолдарын жоғары көтеріп жай және қатты дыбыс шығарып гуілдейді).
— Ал, қатты аяз болғанда не істейміз? (Қолдарын қусырып, аяқтарын топылдатады).
— Ал, күн шыққанда не істейсіңдер? («алақай» деп қолдарын шапалақтайды).
Жарайсыңдар, осындай көңіл-күймен сабағымызды одан әрі жалғастырамыз.
Тәрбиеші: Балалар біз қыста не жасаймыз?
Балалар: Аққала
Тәрбиеші: Аққала неден жасалады?
Балалар: Қардан
Тәрбиеші: Қардың түсі қандай?
Балалар: Ақ
Тәрбиеші: Аққала неше бөліктен тұрады?
Балалар: Үш бөліктен тұрады.
Тәрбиеші: Оның бөліктерінің пішіндері қандай?
Балалар: Дөңгелек
Ғажайып сәт: Осы кезде аққала келеді
Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім. Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар.
Тәрбиеші: Қонаққа кім келді?
Балалар: Аққала
Аққала: Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
«Қар жинау» ойыны.
Ойын шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бәрекелді! Балалар, бізге аққаламыз құр келмепті, тапсырмалар ала келіпті
Аққала: Жарайсыңдар, балалар! Ендеше мен сендерге алып келген тапсырмамды берейін.
Ойын: «Аққала бөлігін жапсыру»
Тәрбиеші: Аққаламызға суретті толықтырып жапсырып берейік.
Аққала: Жарайсыңдар балалар менің тапсырмаларымды орындадыңдар! Рахмет! Балалар, сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен, мен жылы жерде көп тұра аламаймын, еріп бара жатқан сияқтымын. Еріп кетпей тұрғанда қайтайын. Өзімммен бірге алып келген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін. Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын, келесі жыл кездескенше сау болыңдар!
Тәрбиеші: Балалар, аққаламен қоштасайық! Аққала шығып кетеді.
Қорытынды.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Бізге бүгін қонаққа не келді?
Балалар: Аққала
Тәрбиеші: Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызыметі барлығымызға ұнады ма? Ұнаса барлығымыз қолдарымызды шапалақтайық
Балалар: иа (шапалақтайды)
Тәрбиеші: Ендеше бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызыметі аяқталды сау болыңдар, балалар!