Home » Мақалалар » Қыста қыстап қалатын құстар

Қыста қыстап қалатын құстар

Айтқали Айдана Нұрланқызы
Орал қаласындағы
№21 «Росинка» бөбекжайының тәрбиешісі

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Жаратылыстану»

Мақсаты: -Қыстап қалатын құстармен таныстыру.

-Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін тиянақтау, дамыту.

-Құстарға сүйіспеншілік, қамқорлық танытуға тәрбиелеу.

Барысы: -Балалар, мен сіздерге қазір А.Асылбековтың өлеңін оқимын, сіздер мұқият тыңдап, не туралы екенін айтып беріңіздер.

Қандай суық қыс деген,

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген.

Қандай қызық қыс деген,

Бәрін шебер істеген,

Бақша, бауды, тауды да,

Бояған ақ түспенен.

-Өлең қай жыл мезгілі туралы?

-Қыс мезгілінің ерекшелігі қандай?

-Ал, қыс мезгілінде құстар не істейді?

-Ия, балалар, қыс мезгілінде құстар жылы жаққа ұшып кетеді, ал кейбір құстар қыстап қалады екен. Біз бүгін, осы қыстап қалатын құстар туралы, олардың тіршілігімен танысатын боламыз.

-Балалар, тыңдаңдаршы бір дыбыс естіледі. Ненің дыбысы?

Ғажайып сәт: Топқа құс ұшып келеді.

-Сәлеметсіз бе, балалар, күн суық болғасын мен тоңып қалдым. Сіздермен дос болайыншы.

-Қош келдің, сауысқан, біз бүгін сен туралы, сенің достарың туралы әңгімелеспекшіміз.

Жұмбақ:

Қара түсті қарқылдақ,

Ұшып қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем іздейді там-тұмдап. /Қарға/

Слайдқа назарларын аударып, қарға суретін көрсету.

Билингвальды компонент: Қарға- ворона

Қарғамен таныстыру.

 

Жұмбақ: Жем көрсе,

Шықылықтап қалтаңдайды.

Сескенсе,

Жыпылықтап жалтаңдайды /сауысқан/.

Слайдқа назарларын аударып,  сауысқан суретін көрсету.

Билингвальды компонент: Сауысқан-сорока

Сауысқанмен таныстыру.

Жұмбақ: Бұл құсты бәрі білер,

Ауламызда шырылдап,

Шиқ, шиқ етер /торғай/.

Слайдқа назарларын аударып,  торғай суретін көрсету.

Билингвальды компонент: Торғай-воробей

Торғаймен таныстыру.

Жұмбақ: Кеудесі сары,

Жем шоқыр.

Жып-жып етіп ұшар,

Бұл қай құс? /сарышымшық/.

Слайдқа назарларын аударып,  сарышымшық суретін көрсету.

Билингвальды компонент:  Сарышымшық-синица

Сарышымшықпен таныстыру.

Сергіту сәті:

Көгершін болып ұшайық,

Торғай болып қонайық.

Сауысқан болып секіріп,

Тоқылдақ болып шоқиық.

Д/о: «Құстарды ажырат»

Барысы: Жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды ажыратып орналастырады.

Қорытынды.-Жақсы жарайсыңдар, балалар!

-Балалар, бізге бүгін қонаққа не келді?

-Кәне, біз оны және достарын тамақтандырайықшы.

Тәрбиеші жасалу жолын көрсетеді.

Балалар сары түстің көмегімен жем суретін салады.

Балаларды шеңберге тұрғызу:

«Қонақ құс алғыс айтып, қоштасады,  ұшып кетеді»

-Балалар, бүгін қандай құстармен таныстық?

-Олар қыста жақсы өмір сүру үшін біз қандай көмек береміз?

-Қандай қыстап қалатын құстармен таныстық, атауын атайықшы?

Слайдтан суретін шығарып бірге атау

-Жақсы, балалар, бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды. Сау болыңыздар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.