Home » Мақалалар »  Қыс қызығы

 Қыс қызығы

Мансурова Зухра Мендигалиевна
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласындағы
«Умники» жеке-бөбекжайы тәрбиешісі

Білім беру саласы: Катынас

Оқу іс-әрекеті: Тіл  дамыту

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты: Табиғат көріністерін сипаттау. Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсіндіру. Балалардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін арттыру. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, табиғатты қорғауға баулу.

Міндеттері: Балалардың жеке жұмыс кезінде берілген тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау.

Білімділік: Балаларға қарды сипаттау аркылы олардың білімдерін арттыру, алдарындағы стакандардағы мақтаны «үрлеу» арқылы  балалардың дұрыс тыныс алуын қадағалау, қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық: Балалардың білімдерін шыңдай түсу, дүниетаным-дарын кеңейту, ойлау қабілеттерін арттыруға баулу.

Тәрбиелік: Балаларды  ұқыптылыққа, көрегенділікке тарбиелеу.

Сөздік жұмыс: қар-снег, ақ-белый, аққала-снеговик

Көрнекіліктер: слайд (қыс мезгілінің көрінісі). пластмасса стакан, мақта, түтікше, аққала, қар, қыс мезгіліне арналған суреттер, кардың дыбысы (аудио), қар ұлпасы смайлигі.

Сабақтың барысы:

— Балалар, «Сәлем сөздің анасы» дегендей, орнымыздан тұрып амандасайық

— Бәрекелді!

— Балалар, жаңа мен балабақшаға келе жатырғанда, бір тамаша көрініске тап болдым, не екенін білгілеріңіз келе ме?

— Олай болса, балалар, мен сіздерге сол көргенімді жұмбақ арқылы жеткізгім келіп отыр, жұмбақты табуға тырысамыз

Жұмбақ.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

— Өте дұрыс, жарайсыздар! Міне, менің  жаңағы  көрген көрінісім осы қар еді. Мен сіздерге арнайы алып келдім, көргілеріңіз келе ме?

— Міне, қараңыздаршы, қандай әдемі, жұмсақ, жеңіл, ал түсі қандай балалар?

— Дұрыс, жарайсыздар!

— Ақ-белый, қар-снег.

Дыбыс жаттығу

Ар,-ар,-ар-  аппақ қар

Ыс,-ыс,-ыс-  келді қыс

— Тамаша, балалар, жарайсыздар! Енді назарларымызды теледидарға аударайык

Слайд: «Қыс көрінісі»

Қазір жылдың қыс мезгілі. Далада күн суық, аяз. Адамдар жылы киінеді. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қар жауады, мұз қатады, балалар қардан аққала жасайды, шанамен сырғанайды.

Сұрақ-жауап:

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Балалардың жауаптары тыңдалады)

— Күн қандай болады?

— Құстар қайда ұшып кетеді?

— Қыста не жауады, балалар қардан не жасайды?

— Балалар, менімен бірге саяхаттағыларыңыз келе ме? Олай болса, орындарымыздан ақырын тұрып, «Сиқырлы қысқа» саяхаттап келейікші.

— Балалар, қараңыздаршы, жерде не жатыр? Дұрыс, қар жатыр. Ал сіздер қардың дыбысын қалай шығатынын білесіздер ме? Олай болса, қәне тындап көрейікші? Қардың дыбысы естіледі.

Сергіту сәті

Қар жауды,қар жауды,

Аппақ болып айнала

Ақ мамықтай тамаша.

-Балалар, қараңыздаршы, мына жерде бір нәрсе көрінеді, бұл не екен? Барып көрейікші? Қасында хаты да бар екен, алып оқиық.

«Сәлеметсіздер ме, балалар! Мені көргілеріңіз келсе  менің бірінші тапсырмамды орындаңыздар, содан кейін ашып көре берулеріңізге болады».

Балаларға алдарындағы стакандардағы мақтаны түтікше арқылы үрлеу арқылы қар жауғызу.

— Бәрекелді, қараңыздаршы, қандай әдемі айнала. Біздер не жауғыздық? Айналамыз аппақ, неге ұқсайды? (Балалардың жауаптары)

— Балалар, тапсырманы орындадық, енді ашып көрейік келісесіздер ме?

— Мәссаған, бұл не?

— Қандай әдемі аққала. Аққаланы неден жасайды? (Балалардың жауаптары)

-Көрдіңіздер ме, біздер қар жауғыздық, міне, сол қардан аққала да пайда болды. Мына жерде тағы бір тапсырма бар екен.

Дидактикалық ойын: «Адасқан суреттер»

Балалар, қазір мына үстелдің үстіндегі суреттеді дұрыс таңдап тақтаға ілу. Бұл жерде әртүрлі суреттер бар, соның ішінен дұрыс таңдап ілу керк.  Біздердің бүгінгі сабағымыз не туралы болып жатыр? (Балалардың жауаптары)

— Дұрыс-ақ, балалар, ендеше шығып ілейік.

— Балалар, өте керемет  орындадыңыздар, сіздерге саяхатымыз ұнады ма?

Рефлексия. Балалар, бүгін сіздер жарадыңыздар, өте тамаша балалар екенсіздер, өте ақылды, білімді екенсіздер, тапсырмаларды керемет орындап, белсенділік таныта білдіңіздер, сол себептен мен сіздерге кішкентай сыйлығымды тарту еткім келіп отыр.

Балаларға қар ұлпасы бейнеленген смайликтер сыйлау.

  • Олай болса, бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды, сау болыңыздар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.