Азерова Акерке Азеровна
Орал қаласындағы
№ 21 «Росинка» бөбекжайының
тәрбиешісі
Бiлiм беру саласы: «Таным»
Бөлiмi: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: Құстар
Сабақтың мақсаты: Балалардың құстар мен ағаштарға қатысты көлемдік (үлкен, кіші, биік, аласа) ұғымдарын кеңейту; ойын арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, жалпы және ұсақ қол қимылдарын жаттықтыру; заттарды санау, салыстыру, есептеу сияқты мәселелерді шешу. Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Қостілдік компонент: құс-птица.
Қажетті құралдар: құстардың дауыстары (фонограмма), құстардың суреттері, жолақтар шыршасы бар, ноутбук қарындаш 1-ден 10-ға дейінгі сандар.
Барысы: Балаларға құстардың дауысын тыңдатады.
— Тыңдаңдаршы, нелердің дауысы?
— Балалар, бұл құстардың қайда екенін білгілерің келе ме?
Тәрбиеші: Қане, балалар, бүгін біз математикадан білімімізді көрсетейік. Ендеше қазір біз әртүрлі, қызықты тапсырмалар орындаймыз. Екі топқа бөлініп алайық: 1 топ: дөңгелек, 2 топ: үшбұрыш.
Психологиялық дайындық
Армысың, асыл күн,
Армысың, асыл жер.
Армысың, жан досым,
Армысың, көк аспан
Жылуыма жылу қос
Болайықшы жақсы дос
1-құстардын тапсырмасы:
«Қандай құс» дидактикалық ойыны.
Шарты: Құстар мен ағаштардың көлемдерін (үлкен, кіші биік аласа) анықтатады.
Балалар, есік түрткен кім екен қарайықшы?
Бізге қонаққа қарға келіпті. Сәлеметсіз бе?
— Балалар, құстар бізге ұшып келді. Тапсырмаларын ала келді, орындап берейік.
Қарға: Балалар, санау білесіндер ме?
Балалар қарғаға санап көрсетейік, біздің балалар үш тілде санау біледі.
Онға дейін санап берейік
2-құстардын тапсырмасы: Электрондық ойын
Пішіні, түсі, көлемі бойынша орналастыр.
Үлкен үшбұрыш, үлкен шаршы, үлкен дөңгелекті орналастыр. Түсін ата?
Кішкентай үшбұрыш, кішкентай шаршы, кішкентай дөңгелекті орналастыр. Түсін ата?
3-тапсырма. Дәптермен жұмыс
Фигураларды жалғастыр.
Үш бұрыш, Дөңгелек, шаршы.
Жалғастырып жазу.
Саусақ жаттығуы. Қолымызды жылы суға жуамыз, Қолымызды жылытамыз. Әр саусақты созамыз.
Қарындашты алақан арасында дөңгелетеміз; алдымен жай, сосын тез дөңгелетеміз.
4- тапсырма. Логикалық есептер.
- Айгүлде үш мысық, Айнұрда екі мысық. Қосқанда барлығын, Болады неше мысық? (3+2=5)
- Жүзіп жүр 4 аққу
Ұшып жүр 2 аққу
Қосқанда екеуін
Болады қанша аққу? (4+2=6)
- Алма ағашта 5 алма
Қандай тәтті жесе алма
Бесеуінде жеп қойсам
Қалады онда неше алма? (5 — 5=0)
5 тапсырма Келіңдер, есептейік. Екі топқа екі түрлі есеп беріледі. Есептің шешуін қатесіз, шапшаң шығару.
Дөңгелек Үшбұрыш
1+1=2 2+2=4
2+3=5 3+1=4
5-2 =3 4-2 =2
2-1 =1 4-1=3
Тәрбиеші: «Мен өзімді не үшін мақтаймын?» ойыны. Әр балаға өзін мадақтауды, не үшін екенін айтуды ұсынады. Балаларды құстардың барлық тапсырмасын орындағандары үшін мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қарапайым математикалық тапсырмаларды орындап, түсініп, балаларға құстар туралы көлемдік (үлкен, кіші) ағаштар (биік, аласа) деген ұғымдарын білуі қажет.
Қандай түсініктерді игерді: пішіндерді басқа геометриялық пішіндер арасынан тауып алады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: түсі, көлемі әртүрлі болатынын.