Home » Мақалалар » Үй жануары – ешкі

Үй жануары – ешкі

Какимова Айша Абаевна
Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
Жалпы білім беретін
Жамбыл негізгі мектебі
«Қызғалдақ» шағын орталық тәрбиешісі

Білім беру саласы: « Қатынас»,  «Әлеумет», «Шығармашылық»

Бөлімі: Коршаған ортамен таныстыру, Тіл дамыту, Құрастыру, Қарапайым математика

Тақырыбы: «Үй жануары -ешкі »

Мақсаты: Білімділік:  Саяхат жасау, үй жануары ешкімен таныстыру, үй жануарлары туралы түсінік беру

Дамытушылық: Сурет бойынша әңгіме құратып, сөздік қорларын байыту, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Қолға үйретілген ешкіні баптау арқылы балалардың бойында қамқорлық сезімдерін ояту.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Сурет бойынша жануарлардың атын атау, ешкі жөнінде бейне фильм қарау. Саяхатқа шығу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ -жауап, түсіндіру, ойын, сахналық қойылым

Қажетті көрнекіліктер: Ойыншық жануарлар, үлестірмелі материалдар, ақ қағаз желім, қайшы, ешкінің үлкен суреті

Көптілділік компонент: Ешкі – коза — nanny goat, теке – козел — sawhorse, лақ –козленок – kid.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Ынталандыру  оятушы   Жылулық шеңбері:

Балаларды шеңберге тұрғызып, жылы лебіз айтқызу.

Допты бір біріне беру арқылы мамалары қалай еркелететін сөздер айтады. Қошақаным, ботақаным, лағым, балапаным

Ойын: “Паравоз”

Темір жолда  тым ұзын,

Мынау менің пойызым

Тақ-тұқ, тақ-тұқ, шамды жақтық

Тық-тық тық-тық, жолға шықтық

Жеке мал шаруашылығына саяхат жасау

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі: Міне  мал шаруашылығына келдік. Мына үйде аға мен апаны көп малы бар екен. Аулада қандай үй жануарларын көріп тұрсыңдар.

Сиыр, қой, ешкі, жылқы

Олардың төлдерін білеміз бе?

Сиырдың төлі, биенің төлі, қойдың төлі, ешкі төлі

Балалар үй жануары деп не себепті айтамыз.?

Балалардың жауабы тыңдалады.

Жазда өріске шығарып жаяды. Олар кезекпен мал бағады. Ал қыста  жазда жинаған шөбін салады. Арнайы қорасы болады және тазалап тұрады. Ал мінеки біздің ешкіміз. Ешкінің мүйізі, сақалы бар. Ол тастан тасқа секіріп, шөптің ең жақсысын теріп жейді. Ешкі қойды  бастап жүреді. Қолға алғаш үйретілген үй жануары. Жабайы ешкі түрі де болады. Ангор және иір мүйізді ешкі. Ешкінің сүтіде еті де жүні де пайдалы. Жүнін түбіт деп атаймыз. Сүтті және түбітті түрі болады. Ешкі тоғыз он жыл өмір сүреді.

Ешкі баласын не дейміз? Лақ дейміз

Ешкі екі не үш одан да көп лақтайды. Лағы өте нәзік, бірақ пысық болады.

Ешкіні жылына екі рет қырқиды. Жүнінен яғни түбіттен қолғап, кеудеше шәлі тоқиды. Ол өте жұмсақ және жылы болады. Міне апамыз бізге ешкіні қалай сауу керектігін көрсетіп жатыр. Ешкі сүті өте пайдалы. Кішкентай бөпелерге  және адам денсаулығына дәрумендер көп болғандықтан күнделікті пайдаланады. Әртүрлі ауруларға ем. Балалар аға мен апаға рахмет айтып өз балабақшамызға қайтайық, сонда жалғастырайық. Ертеректе халқымыз ешкіні негізінен сүті үшін өсіргендігін «сойса еті — қалақтай, сауса сүті – бұлақтай», «ешкі сойып жесең – бір күндік, сауып ішсең – мың күндік» — деген мақалдардан айқын білініп тұр

Балалар ешкі сүтінің дәмін  көреді.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. Ешкі өте өсімтал болғандықтан тез өсіп, жылдам көбейеді Ешкі туралы тақпақтар айтып көрейік. Әр жануардың атасы болады.

Ешкі атасы — Шек шек ата

Жаңбыр жауса бақырған, ешкі атасын шақырған

Өрісте малды бастаған, шөре шөре деп шақырамыз.

Шөре-шөре лағым, тентек болма шырағым,

Секеңдемей деміңді ал, селтеңдемей құлағың

Балалар қайталап айтады.

Ойын: “Ұйқасын тап”

Қы-қы-қы, жүйрік екен   балалар айтады  жылқы

Кі-кі-кі, сүзеген ғой                                       ешкі

Та-та- а. үлкен көзді                                      бота

Ақ-ақ-ақ , секіреді                                         лақ

Балалар ешкі жасына қарай бірнеше атауы болады: Лақ, марқа лақ, шыбыжық, шыбышша, туша шыбыш, үлкен ешкі. Теке, серке, дөнен серке, құнан серке болып бөлінеді. Ешкінің майын балалар жөтелгенде кеудесіне жағады, ішкізеді. Ата- әжеміздің аяғы сырқырағанда майын жағады. Бұл кезде жаңа сауылған  сүттің емдік қаси еті өте күшті болады. Күн сайын тамақтың алдында  жарты сағат бұрын  бір кесе  шикі  ешкі сүтін ішіп  алған адамның ағзасы сау болады, түрлі  жұқпалы ауруларға бой алдырмайды. Жаңа  сауылған сүттің  тағы бір қасиеті оның қуаты 4-5  сағатқа дейін ішектегі жағымсыз бактерияны жоюға қауқарлы болады. Ешкі сүтінде дәрумендер ақуыздар бар. Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе асқазан  ауруларында, анемияда көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Кішкентай бөпелерді қоректендіруге де болады. Міне балалар ешкі туралы біраз біліп алдық   Енді  «Төлдерін тап!»  ойынын ойнап көрейік

Суретпен жұмыс: Балалар біздің төлдеріміз аналарынан адасып қалыпты көмектесеміз бе?   Ия.

Сурет арқылы төлдерге аналарын табуға көмектеседі.

Саусақ жаттығуы: Ақ лақ пен көк лақ, көпір үстінде кезікті.

— Былай тұр,- деп,

— Жоқ, сен былай  тұр,-деп,

Тұра қалып керісті.

Шыдай алмай сүзісті.

Мүйіздері сарт етті,

Екеуі суға жалп етті.

Іс- әрекеттің бағалау кезеңі:

  • Балалар, біз қай жануарды толық біліп алдық?
  • Үй жануары ешкіні
  • Біз қайда бардық?
  • Мал шаруашылығына
  • Неге  үй жануарлары дейміз?
  • Өйткені адам қолдан асырап бағады
  • Қандай үй жануарын білдік?
  • Сиыр, қой, жылқы, ешкі
  • Ешкінің қандай түрлері болады?
  • Иір мүйізді және ангор сүтті және етті

Ешкінің қандай пайдасы бар екен?

Балалар жауабы: Еті, майы, сүті адам денсаулығына пайдалы дәрумен.

Ешкі жүнін не дейміз және одан қандай өнім алады?

Түбіт дейміз, қолғап, шәлі, шұлық тоқйды

Қорытынды: Балалар қандай  оқу қызметі өтті?

Балалар өте жақсы біледі екенсіңдер.  Иа

Ендеше «Жеті лақ» ертегісін сахналаймыз ба? Маска киіп рөлдерде ойнайды.

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.

Мадақтау Жұлдызшаларыңды ала қойыңдар

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балалар үй жануары ешкі туралы: немен қоректенеді, адамдарға деген пайдасын, үй жануарының түрлерін, олардың дыбысталуын білу керек.

Қандай түсініктерді игерді:  Балалар төрт  түліктің пірлерінің атауларын, төлдерінің атауын игерді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: тәрбиешінің берген тапсырмаларын өз беттерінше істей білуі керек. Үй жануарларына деген қамқорлықтарын күнделікті өмірде пайдалана, істей білуі керек.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.