Алшынова Айнур Канатовна
Нұр-Сұлтан қаласындағы
«№ 85 «Мейіржан» санаториялық
балабақшасы» КММ
ортаңғы топ тәрбиешісі
Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі оның білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына, қазіргі таңдағы жаңа сипаты – оқытудың жаңа технологияларын ұтымды пайдалануында деп білемін.
Н.Ә. Назарбаевтың «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсарту үшін қолдану аясын кеңейту керек» деген сөзі бар. Қоғамның қазіргі жағдайында, індет мазалап тұрған кезеңіндегі басты мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни, оқу қызметінде ақпараттық технологияны пайдалану өте тиімді деп санаймын. Мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану – бұл балаларға үйреншікті және тәрбиешілерге — педагогтарға да қолжетімді, өте тиімді болып табылады.
Балабақшада көрнекіліктерсіз оқу-қызметін ұйымдастыру мүмкін емес. Суретті, бояуы қанық суреттерді қалай тапсам, балалардың назарын өзіме аударып, қызығушылығын қалай арттырсам деген сұрақ педагогтерді мазалағанда көмекке компьютер келеді. Компьютердің көмегімен бірнеше минуттың ішінде керегіңді алып, балаларды қызықтыратындай етіп, түрлі слайд жасауға, аудио, видео алуға болады.
Ойын бала дамуы үшін таптырмайтын құрал. Ақпараттық технология, компьютер бала өміріне ойын арқылы енді. Дәстүрлі әдістен қарағанда ақпараттық технология балалардың қызығушылығын арттырады, бейнелердің қозғалуы, дыбыс шығаруы балалардың назарын аудартады, баланың өз бетінше жеке дамуына мүмкіндік туғызады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру үшін қолданатын барлық ақпараттық құралдарды былай бөлуге болады:
1) бейне;
2) аудио;
3) мультимедиялық құралдар.
Кішкентай балалар бейнені көру арқылы естерінде жақсы сақтайды. Ертегі, әңгіме, танымдық фильмдер көріп дүниетанымының кеңеюіне, ойлау процесін жеделдетуіне септігін тигізеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның көмегімен ұйымдас-тырылған оқу қызметін қалай өткізуге болады? — деген сұраққа мынадай бағыттарды көрсете аламыз:
- Иллюстративті көрнекілік
- Ақпараттық слайд-шоу, видеороликтер
- Электронды-логикалық тапсырмалар құрастыру
- Ғажайыпстанға саяхат
Қорыта айтқанда, АКТ-ны пайдалану арқылы өткізілген қызмет нәтижесінде жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті, танымдық белсенділігі, өзіне деген сенімі артады. Қосымша материалды молынан пайдаланады. Білім сапасын арттыруда өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, топпен бірлесе еңбек етуге мүмкіндік туады. Педагогикалық қарым-қатынас тұрғысынан тәрбиешінің жұмысы жеңілдейді, материал жинақы түрде беріледі.
Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы әлемдік білім кеңістігіне ену – біздің мақсатымыз.