Кусаинова Сарқыт Габдрашитовна
Шығыс Қазақстан облысы
Көкпекті ауданы Самар ауылы
«Дәншік» бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының тәрбиешісі
(Мектепалды даярлық тобында өткізілген ашық сабақ жоспары)
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сауат ашу.
Тақырыбы: Білімділер елі (қорытынды сабақ)
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс, әріп туралы білімдерін бекіту. Сөзге дыбыстық талдау жасай білу, сөзді, сөйлемді оқи білу. Дидактикалық ойындар барысында есте сақтау, көру, ой-қиялын, сезіну қабылдау. Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыра отырып, алған білімдерін тиянақтау. Бір-біріне көмектесуге, достыққа, жүйелі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Әдісі: Дидактикалық ойындар «Сөздің бірінші дыбысынан сөз құрау», «Жоғалған әріптер», «Кім жылдам?», «Буынға буын қос», ойын-би сергіту сәті, түсіндіру, сұрақ-жауап. Кубизм әдісі.
Қостілділік компонент: сөз-слово, звук-дыбыс, әріп-буква.
Көрнекілігі: сөйлемнің схемасы, карточкалар, кубиктер буынымен, кеспе әріптер, текшелер, панно, жұлдызшалар.
Түрі: сайыс сабақ
Сабақ барысы: Тәрбиеші: Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіпті. Бүгін күн қандай керемет, күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын,
Бүгінгі күн бізге.
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз.
Кілең бестік болсын.
Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Екі топқа бөлінеміз.
1-топ: «Дыбыстар» (топ басшысы Әмірова Н.)
Ұраны: Дыбысты естиміз, айтамыз. Үлгілі бала боламыз.
2-топ «Әріптер» ( топ басшысы Даулетқан Е.)
Ұраны: Әріпті көреміз, жазамыз, оқимыз.
Ойымызға тоқимыз.
Білімді боп біз ертең,
Ел үмітін ақтаймыз.
Дұрыс жауап берген тапсырмаларға жұлдызшалар беремін.
«Ғажайып сәт» сауат ашу елінен Білім ханшайымы келеді. Қолында көптеген тапсырмалары бар.
1-бөлім «Кім тапқыр?». «Сұрақ-жауап» бөлімі.
- Сөйлем дегеніміз не? (сөйлем — бірнеше сөзден құралады. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
- Сөз неге бөлінеді? ( буынға). Буын деген не ? сөздің бір бөлігі. (Сөз-слово)
Сөздер неден құралады? ( дыбыстан) (дыбыс- звук)
- Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз) Нешеге бөлінеді? (дауысты, дауыссыз). Дыбыстар бірдей бола ма?
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)
Әріп деген не? Естіген дыбысты қағаз бетіне түсіру үшін әріп жазамыз. Әр дыбыстың өз таңбасы бар. Оны әріп дейміз. (Көреміз, жазамыз, оқимыз). Қазақ әліппесінде неше әріп бар? 42.
Дұрыс жауапқа жұлдызшалар беремін.
2-бөлім «Кім білгіш?»
- Балалар, бұл ненің схемасы? Сөйлемнің схемасы.
- Сөйлем неше сөзден құралған? Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен жазылады? Бас әріппен. Тағы қандай сөздер бас әріппен жазылады? Сөйлемнің соңынан не қойылады? (нүкте). Тағы қандай тыныс белгілер қойылады? (?!)
«Дыбыстар» тобына (3 сөзден тұратын сөйлем)
Шарты: Берілген схема бойынша әр топ сөйлемдер құрастырады
«Әріптер» тобына (4 сөзден)
- Неге 3 сөзден құрастырдың?
Дұрыс жауапқа жұлдызшалар беремін.
3-бөлім «Буынға буын қос» (Әр топқа буындары бар кубиктер беру).
Шарты: Кубизм әдісі арқылы әр топ буыннан сөздер құрайды.
Дұрыс жауапқа жұлдызшалар беремін.
4-бөлім Сөз талдау. Білім сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар. (жеке)
— неше дыбыс бар?
— неше дауысты дыбыс?
— неше дауыссыз дыбыс?
— неше буын?
— екпін қай буынға түсті, қай дыбысқа түсті? Енді осы дыбыстарды өз таңбасымен, әріппен жазайық. (Оқыту 2-3 балаға).
Дұрыс жауапқа жұлдызшалар беремін.
5-бөлім Сергіту сәті «Адасқан әріптер»
Шарты: екі топқа да әріптерден сөз құрау «Қаражорға»
«Қаражорға» биі.
6-бөлім Жекелей карточкамен жұмыс «Кім жылдам?»
Мақсаты: жоғалған әріптерді қою, сөзді оқу.
Дұрыс жауапқа жұлдызшалар беремін.
7-бөлім Дидактикалық ойын. «Берілген суреттердің бірінші дыбысынан сөз құра». Шарты: әр топқа суреттері бар карточка беру, құраған сөзді оқу. «Сәлем, мектеп!»
Дұрыс жауапқа жұлдызшалар беремін.
Әр топтың жұлдызшаларын санау. Қай топ жеңіске жетті?
Қорытынды.
Бүгін сабағымызда не істедік?
- Сендерге не ұнады?
- Қай топ жақсы жұмыс жасады?
- Топ басшылары не айтады?
- Білім ханшайымы маған сабақ ұнады, сендер не үйренгендеріңді көрсете білдіңдер. Менің сыйлығым бар. Балалармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже: Білуі: өткен тақырыптарды еске түсіріп, қайталады. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс, әріп түсініктерін меңгерді.