Қахарманова Жанар Сабырқызы
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласындағы
№ 21 «Росинка» бөбекжайының тәрбиешісі
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс-әрекеті: «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Қыстап қалатын құстар»
Мақсаты: Құстардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Құстардың сыртқы ерекшеліктерін, мінез-құлқы, немен қоректенетіні туралы мағлұмат беру. Құстарды бақылау. Балаларға адамгершілікке табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: құстардың суреттері, тапсырмалар.
Сөздік жұмысы: отырықшы құстар, жыл құстары
- Шаттық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.
Жұмбақ
Қанаты бар талмаған
Аспанда ұшып самғаған
Жауы шыбын – шіркейдей
Табиғатты ол қорғаған (құс)
— Бүгін біз сендермен қыстап қалатын құстармен танысамыз.
Торғай – пайдалы құс. Ол зиянкес құрттар және дәнді дақыл, нан қиқымдармен қоректенеді.
Шымшық – жылдам ұшатын құс. Шымшық жазда жәндік және жидектермен қоректенеді, түрлі дәнді дақылдар да –олардың қорегі. Қыста адамдарға жақын жерге ұшып келіп, олар жасаған жемсауыттардағы жемді шоқып жейді.
Көгершін – қала,ауылда адамдарға жақын мекендейді. Көгершін тары мен қоректенеді.
Сауысқан – сескеншек келеді, олар жалғыз дара-дара өздері ғана ұшады,
Қарға – тағам қалдықтары, жеміспен көкеністің ашылған қабықтарымен қоректенеді.
— Балалар, енді сендермен ойын ойнаймыз, ойынның аты «Қандай құс?»
Жауабы: Торғай, сауысқан, көгершін, шымшық.
— Ал енді осы құстардың орысшасын атайық:
Торғай-воробей, сауысқан-сорока, қарға-ворона, көгершін-голубь, шымшық- снегирь.
— Сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?
— Иә!
— Ендеше көздеріңді жұмыңдар. Сиқырлы дыбыс
— Балалар біз қайда келдік?
— Орманға
— Мына кісі кім?
— Орманшы
— Орманшы деген кім?
— Орман күзетшісі
— Мына жерде әдемі бір ағаш тұр екен, өзі сондай әдемі!
— Орманшы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің құстарым қиындыққа тап болды, құстарым торға түсіп қалды, сендер маған көмектесесіңдер ме?
— Иә!
— Ендеше менің тапсырмамды орындасаңдар тор ашылады.
Сергіту сәті
Ептеп, ептеп, жерден бидай терейік,
Тергеніңді торғайларға берейік.
Торғай, торғай томпаң-томпаң секірсін,
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал
Енді міне әңгімеге құлақ сал.
1- тапсырма Қыстап қалатын құстарды көк шеңберге, жыл құстарын қызыл шеңберге жина.
— Жыл құстары неге жылы жаққа ұшып кетеді? (Балалардың жауабы)
— Ал қыстап қалатын құстар қиындыққа кездесе ме? (Балалардың жауабы)
— Сондықтан қыстап қалатын құстарға қыстан аман-есен шығу үшін, қалай көмектесеміз? (Балалардың жауабы)
Сөздік жұмысы: Отырықшы құстар – қыстап қалатын құстар.
Жыл құстары – жылы жаққа ұшып кететін құстар
2-тапсырма. «Құстарды құрастыр» Мақсаты: құс пазлын құрастыру
3- тапсырма. Жұмбақтар шешейік
Қара түсті қарқылдақ,
Ұшып-қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем іздейді там-тұмдап. (Қарға)
Еркін самғап ұшсын деп
Мәпелейміз баптаймыз
Бейбітшілік құсы деп
Қайсы құсты мақтаймыз.
(Көгершін)
Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сондай қарқылдақ
(Қарға)
Ауылда, қалада мекені
Жолаушы жүрсек шығарып салады
Алдыңнан шығады
Жаныңды еркелетеді (Көгершін).
4-тапсырма. Балалар қыста құстар немен қоректенеді? Кане балалар құстарға Тамақ берейік.
Көгершін — тары.
Торғай — зиянкес құрттар және дәнді дақыл, нан қиқымдармен қоректенеді.
Қарға — тағам қалдықтары, жеміспен көкөністің ашылған қабықтарымен қоректенеді.
Шымшық — жазда жәндік және жидектермен қоректенеді, түрлі дәнді дақылдар да –олардың қорегі.
Сауысқан — құрт-құмырсқалар, қоңыздар, бұзаубас, шегірткелер.
— Орманшы: рахмет сендерге, менің құстарым тордан босады.
— Балалар, біз орманшының қандай тапсырмаларын орындадық? (балалардың жауабы)
— Енді балабақшаға қайтайық.
Ойын: «Жақсы – жаман»
Мақсаты: балаларды құстарға қатысты жақсы және жаман мінез-құлықты ажырата білуге үйрету.
Жақсы Жаман
Құстарға тамақ беру, Құстардың ұясын бұзу,
Құстарға қамқор болу. Құстарға тас ату.
Құстарға үй жасау. Құстардың балапандарын ал