Home » Жаңалықтар » Мен әлемді танимын

Мен әлемді танимын

 «Өрлеу  «БАҰО» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы базасында «Мен әлемді танимын» тақырыбында халықаралық  ғылыми-зерттеу жобалары байқауының жеңімпаздары мен номинанттарын  марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш конкурсқа 3-11 сынып оқушылары мен олардың ғылыми жетекшілері қатысты. Байқауға қатысушылар өз жобаларын үш тілде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынды.  Аталмыш байқауға Қазақстаннан басқа Ресей, Украина, Беларусь елдерінен 79 үміткер бақтарын сынады.

Халықаралық деңгейдегі осындай байқауды өткізудің мақсаты: шетелдік әріптестікті қолдай отырып, оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін арттыру болып табылады, — дейді ұйымдастырушылар.

Ал байқаудың өзектілігі туралы «Өрлеу  «БАҰО» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директоры Алма Жәкімқызы: «білім берудің ұлттық жүйесін реформалаумен және педагогикалық ғылым мен практиканың интеграциясымен байланысты инновацияларды дамыту қажет. Соған байланысты заманауи білім беру ортасында педагогтердің зерттеу мәдениеті мен оқушылардың зерттеушілік дағдыларының  жетілдіру және ғылыми шығармашылықтарын ТМД елдерінің мектептерінде насихаттау болып табылады»,- дейді.

Ғылыми жобалар байқауы 3 кезеңде өтті. Бірінші кезең іріктеу 2021 жылдың 23 тамызынан 10 қыркүйегіне дейін аралықта өтті.

Байқаудың екінші кезеңі (презентациялық) 21.09.2021 ж.

Байқаудың үшінші кезеңі (финалдық) 22.09.2021 ж.

Байқауға барлығы 100-ден астам өтінім келіп түсті. Бірақ тек 79 қатысушы конкурстың екінші және үшінші кезеңдеріне жолдама алды. Соңғы екі кезеңнің қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ дипломдармен және арнайы тағайындалған номинациялармен марапатталды.

Оқушылардың ғылыми жұмыстарына «түпнұсқа идея», «мәселенің ең жақсы шешімі», «перспективалы зерттеу», «зерттеудің көпқырлылығы», «ғылымға берілгендік», «ғылымға деген үміт», «зерттеудегі есім», «зерттеудегі тәлімгерлік», «таным даналығы», «таным сұлулығы» деген номинациялар арқылы  жеңімпаздарды анықтады.

Бұл номинациялардың осылай аталуы оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар жоба жазудағы танымдық қабілеттеріне байланысты зерделенді. 

Көкбасқызы Жазира
«BILIM AINASY»,
СҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.