Home » Мақалалар » Оқушыларды оқу үдерісіне қалай ынталандыра аламыз?

Оқушыларды оқу үдерісіне қалай ынталандыра аламыз?

Елдесбаева Динара Амантаевна
Шымкент қаласы,
Ж. Аймауытов атындағы
№64  мектеп-гимназиясының

ағылшын тілі мұғалімі

   Ынта іске қызығушылықтың негізгі ұйтқысы болып саналады. Оқушы оқу қажет болғанда емес, өз еркімен оқуға ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. Ол үшін оқуды мүмкіндігінше белсенді, қызықты және маңызды ету арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Білім алуды жандандыратын аспектілердің бірі оқушыларды ынтылындыру. Ынталандыру теориясын қолдану үшін мұғалім өз жұмысында өзіне бірнеше мәселелерді түйіп алуы қажет.

Мінез- құлық тәсілдері

Қалаулы мінез-құлықтың қайталануы үшін оқушылардың жетістіктерін шартты түрде нығайту.

Пайда болған дәрменсіздікті түзетуге болатындығын,  жетістіктер мен сәтсіздіктерге мойымау қажеттігін  білу.

Танымдық тәсілдері

Әр түрлі ақпарат көздерін пайдаланып, оқушылардың мінез-құлықтарының негізгі факторларын білу.

Оқушылардың іскерлікті жақсартуға бағытталуы арқылы ынтасын арттыру айрықша тиімді екенін түсіну.

Әлеуметтік оқыту тәсілдері

Жоғары белсенділік өзіндік бағасына әсер ететінін есте сақтау.

Басқалардың жетістігін байқауы және қиын жағдайларды түйсінуі  өзіндік бағасына әсер ететінін есте сақтау.

Оқушылардың  тиімділік туралы бағалары олардың ынтасына  ықпал ететінін мойындау.

Адамгершілік тәсілдері

Оқушылардың біліміне ғана емес, сондай-ақ оның жағдайына да ерекше көңіл бөлу.

Егер мұғалім топтың бұрыннан қалыптасқан дәстүрлеріне қайшы келетін әрекет жасаса, белгілі бір топ мүшесі болуды қажет ететін оқушылардың қиындыққа ұшырып, ынтасы төмендейтінін түсіну.

Мұғалімнің жеке көзқарастары мен құндылықтары оқушының ынтасына елеулі ықпал ететінін мойындау.

Менің ойымша осы теория негіздерін бағытқа ұстана отырып, сабақты шәкірттің өзі оқу үдерісіне қызығушылық танытатындай және  ұстазбен, басқа оқушылармен  сөйлесуге қуанышты болатындай етіп ұйымдастырылуы керек. Оқуда зеріктіріу, бірсарындылық сезімдерін болдырмай, балаларды мақсатты түрде  эмоционалды түрде ынталандыру керек. Осы орайда мен сабақта қолданған  оқушылардың зейіні мен қозғалыс жылдамдығын дамытуға бағытталған “Күн! Тас! Қоршау! ” деген ойынды қолдандым. Осы сөздерді кезек-кезек айтасыз. “Күн! ” сөзі айтылса, алақандарын ашып, саусақтарын тарбитып, қолдарын жоғары көтереді, “Тас!” сөзінде қолдарын түюлі жұдырықтарымен көтереді. “ Қоршау! ”  сөзінде алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ саусақтары тығыз жанасып тұруы керек. Қозғалыс  жылдамдығы біртіндеп  жоғарылап отырады. Мұндағы  “Күн! ”сөзі баланың ынтасы болса, “ Тас! және Қоршау! ” сөздері кедергілер екені мәлім. Бұл жаттығуды  бар ынтасымен қызыға орындап шықты, әрі балаларды шабыттандырып, ішкі уәжін арттыра түседі деп ойлаймын. Сонымен қатар мұғалімнің сөйлеген сөзінің эмоцоналдығы, оның оқушыға қарым-қатынас сипаты және де ұсынылған ақпараттық материалдың  құндылығы да баланың ынтасына әсер етеді.

Оқу материалының мазмұнын таңдау қабілетіне байланысты кезеңінде ынталандыруға  қалай қолайлы жағдай жасай аламыз ? Сабақта балаларды сұрақ қоюға шақыру маңызды.Деректерге сүйенсек төрт жасар бала күніне 400-ге жуық сұрақ қояды екен. Ал мектеп жасындағы бала ше? Көбірек білуге, деген ұмтылысты көрсететін жақсы сұрақтары үшін қолдауымыз керек. ”Балалардың білгені, тапқан таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты балалардың белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік болады. Өмірінше ұмытпайды” ( Ж. Аймауытұлы, 1929). Оқушылар өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын  іс жүзінде  өз тәжірибесінде және шынайы өмірден алынған негізге байланысты болса олардың оқуға деген ынтасы арта түседі.    Оқушылардың егжей-тегжейлі орындаған жұмысы үшін мақтаймыз. Ал оқушы жұмысты толық орындамаса, тіпті ол жұмысты жақсартқанның өзінде  оқушыны көп мақтамау дұрыс па? Осындай уәжі төмен оқушының сәл ғана жетістігін мадақтау қажет деп ойлаймын. Себебі олар ішкі уәжін жоғалтып алады, оны ояту қиынға соғады. Тіпті ол  аз ғана ілгерілеу қадамын жасаса да, жағымды жақтарын көрсете отырып  мадақтау қажет.Бұл олардың жаңа мүмкіндіктерге деген сенімділігін, өзін- өзі бағалауын өзгерте алады.

Сөз соңында мен мына келесі сұрақпен және ұсынымдармен қорытындылағым келеді.  Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қалай ынталандыра аламыз ?

— қолайлы жағдай жасау, ішкі оптимистік көңіл-күй қалыптастыру;

-оқу үдерісін ұйымдастырудың сараланған тәсілі: оқушының мүмкіндіктері мен қабілеттері деңгейінде оқыту;

-танымдық ойындарды қолдану: ойын –бұл имитацияланған жағдайда шешім қабылдау үшін нақты шындықты модельдеуге бағытталған оқыту әдісі;

-жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану: ақпаратты түсіндіру және кері байланыс түрлерін әртараптандыру.

Әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық I, Үлестірме материалдары 40-бет

  1. https://articlekz.com/kk/article/16006
  2. http://orleu-uko.kz/journal/?p=416

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.