Home » Мақалалар » Менің педагогикалық ұстанымым

Менің педагогикалық ұстанымым

Кайрошова Бибігүл Кайржановна
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы Сафон ауылы
Қадыр Мырза Әли атындағы
жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

«Ел есінде бір жыл  қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» — дейді халық даналығы. Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол – ұстаздық.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — деп ұлы Абай атамыз айтқан осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма 8 жылдан аса уақыт болды. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.

«Ана мейірімі мен ұстаз мейірімі егіз» демекші, адам баласының өміріндегі қасиетті ананың бірі болып табылатын ұстаздық қызмет соның ішінде бастауыш сынып мұғалімі болу аса жауапкершілікті іс деп білемін.

«Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек» — демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің бойында сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау сияқты қасиеттер тоғыса келе, олар мейірімділік атты ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана біздің еңбегіміз өз мәресіне жетіп, «Ұлы ұстаз» деген ардақты атаудың шын иегері болатынымызға кәміл сенемін.

Менің ойымша жаңа заман мұғалімі шебер, шығармашыл, ой-өрісі кең болуы керек. Демек мен өз бойымдағы барлық жақсы қасиеттерімді оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үйлестіре отырып, мінсіз оқушы шығаруым керек. Ол үшін еңбек етуге дайынмын.

Осы мақсаттарыма жету үшін ары қарай жұмыс істеу, шебер мұғалім болу тек қана өзіме байланысты. Сол себепті көп жұмыс істеуім керек. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.