Рабай Күнайым Түйешіқызы
Атырау қалаасы
Қ.Дүтбаева атындағы
Атырау гуманитарлық колледжі
психология және спорттық
психология пәнінің оқытушысы
Спорт психологиясы – жарыс және жаттығу әрекетіндегі адам психикасының білінуі мен дамуының, сондай-ақ топтық өзара әрекеттестіктердің заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы. Спорт психологиясының қазіргі уақыттағы негізгі міндеттері — спортшылардың спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар спортшы тұлғасын жан-жақты дамыту, оның жалпы және психологиялық мәдениетін көтеру болып табылады.
Спорттық жарыстардың алдында спортсмендердің психикасын сол үрдіске бейімдеп жаттықтыру және бәсекелестік мәселесінен жеңімпаз ететіндей нұсқалармен қаруландыру. Жарыс барысында өзін-өзі билеп, басқара алатын дәрежеге машықтандыру. Жаттығу кезіндегі спортшылардың экстремалды жағдайға ұшырауы жүйке күйзелісіне себепкер болады. Сол себепті жарыс кезеңінде өзінің шеберлігін дәлелдеу үшін спортшы келесі әрекеттерді істеуі қажет:
- Өзге адамдардың қысымына бағынбай, әртүрлі жағдайларда әрекет ету.
- Қателіктер саны аз болу үшін, керекті жаттығулар мен іс-әрекеттерді жоғарғы дәрежедегі нақты дәлдікпен істеу.
- Жарыс кезіндегі жағдайлар мен шешімдерді тез әрі дұрыс бағалау кезінде, көп ойланып толғанбау.
4). Өз бетінше жүйке жүйесінің өзгерісін бақылауда ұстау.
Тек дұрыс психологиялық дайындық арқылы қол жеткізуге болады. Осы тәсілмен спортшыларды дайындаудың мақсаты – олардың психикалық жағдайының жоғарғы дәрежеге жеткізуі осыған байланысты олар жарыстарда өзінің функционалдық және арнайы дайындығын жарыстарда толық түрде максималды мүмкіншілікке қол жеткізе алады. Көптеген жарыс алдындағы жарыстық факторға, теріс ықпал және келіспеушілік білдіретін функцияларға қарсы тұра білу, демек жарыс кезінде жоғарғы сенімділік көрсете біледі.
Спортшылардың психологиялық дайындығы деп спортшының жоғарғы ұйымшылдық және басқармалық іске асыру процессі, оның потенциалдық мүмкіншіліктер нәтижесіне тең болар мүмкіндіктерін айтады. Сондықтан психологиялық дайындық жалпы системалы – спорттық жаттығулардың қосалқы бөлігі болып табылады және оның физикалық, техникалық, тактикалық сияқты басқа түрлеріне тәуелді болып келеді. Физикалық тұрғыдан төмен дәрежеде жетілсе, оның психикалық регуляцияның жағымды әсеріне қарамастан, команда немесе спортшы жоғарғы көрсеткіш жетістіктерге жете алмайды. Мұндай жағдайда нәтижесі мүмкіндігіне тура келетін болады, демек жоғары емес.
Шартты түрде психологиялық дайындықтың үш түрі айқындалады:
— жалпы психологиялық дайындық;
— жарыстарға арнайы психологиялық дайындық;
— белгілі жарыста теріс ықпалға қарсы психологиялық көмек.
Жалпыланған түрінде өз алдында спортшының психологиялық адаптация арқылы жүктеме жасау. Ол екі түрмен жүзеге асады. Біріншісі, спортшының экстремалдық жағдайларда универсалды жағынан адамды техникалық жағдайларға үйретеді. Өз эмоцияларын бірқалыпты сақтау тәсілі, әсер етерліктей дәрежені іске қосу, назар аудару мен назарды ұстап тұру, еріктік және физикалық тырысудың қосылуы болып табылады. Екінші тәсіл өз алдында жарыстық қарбаластарға жағдайлардың ыңғайын келтіруді үйрету. Ол қарбалас сөздік модель арқылы жүзеге асырылады. Соның арқасында спортшы негативтік жағдайларға қарсы тұра алуға ықпал жасайды.
Арнайы психологиялық дайындық спортшының жарыстық іскерлікке әсерлі дайындалуына бағытталған, ол басты жеке мәселелерді шешеді. Олар:
- Спортшыға маңызы болар әлеуметтік құндылықтар.
- Спортшыда психикалық «Ішкі тіректің» қалыптасуы.
- Психологиялық кедергілерден асу, әсіресе белгілі қарсыласпен болатын жарыстарда.
- Алда болар күресті психологиялық жобалау.
- Жарыс алдындағы психологиялық істер жобасын дайындау.
Психологиялық қорғаныс тұлғаның тұрақтылық қалпын жүйеге келтіру жүйесін жөнге келтіруге, үрей сезімдерін төмендетуге, оның ұрыс пен байланыста болуына қарсы бағытталған. Бұл негізінде жедел түрде психологиялық-педагогикалық жағынан жаттықтырушының араласуы немесе спортшының негативік жағдайының өтемақысы болып табылады. Спортшының белгілі сайысқа жалпы психологиялық дайындығы, оның өз қатысуындағы мүмкіндіктерінен бастап, соңында қатысу финалымен аяқталады. Осы уақыт аралығын жүйелі түрде үш кезеңге бөлген дұрыс:
1-кезең. Алда болатын жарыстар туралы алынған хабарламадан бастап, жеребе кестесін алуына дейін.
2-кезең. Жеребе нәтижелерімен танысқаннан бастап, жарыстың бірінші кезең басталуына дейін.
3-кезең. Жарыстың басталуының бірінші кезеңінен соңына дейін. Психологиялық дайындықта белгілі қазіргі таңдағы психологтар әдіс-тәсілдерінің мазмұнын, мысалдарын кеңінен қолданады. Оны төмендегі дәрежелеу анықтайды:
Психологиялық дайындықтың әдіс-тәсілдерін келесісін айқындау:
Қолдану мақсаты бойынша: іске қосушы, корригерлеуші, түзеуші, демалдырушы. Мазмұны бойынша: психолого-педагогикалық (сендіруші, көбіне бағыттаушы) әсіресе психологиялық, түрлендіруші (сөз және тұлға арқылы әсер ету), әлеуметтік ойын арқылы: психофизиологиялық-ақпараттық, психо-фармакологиялық, тыныс алушы, жинақтаушы (қозғалысты тыныс алушылық).
Ықпал етуі бойынша: интелектуалдық аймақты түзелеуге, эмоционалдық аймаққа әсер етуі тәсілі, ақылдылық аймаққа еш нәрсе етпеу.
Мекен-жайы бойынша: Жаттықтырушының психикалық жағдайына бағытталған күштер, командаға және спортшыларға басшылық ету.
Қолдану уақыты бойынша: Жарыс алдындағы ескертуші, жарыстық, жарыстан кейінгі ескерту.
Қолдану түріне байланысты: Өзінің ұстау (ауто әсер ету), гетерореттеу (өзге психологопедагогикалық процесс иелерінің қатысуымен – жаттықтырушы, психологтар, дәрігерлер, уқалаушылар, педагогтардың әсері). Жеке тұлғамен жұмыста спортшының жеке психологиялық қабілеттерін ескермесек, ешбір жаттығулар, оқу тәсілдері керекті нәтижеге жеткізбейді. Индивидуалдық дайындық кезіндегі шешетін белгілі мәселелер – адамның барлық потециалдық мүмкіншіліктерін қолдану, барлық жеке күшін сарп ету, адамның мінезін, психикалық жағдайда шешілетін мәселелердің мақсатын ескере отырып, қолдануға болатын тәсілдерді пайдалану.
Тұлғалықтың дәрежесі, оқу-жаттығулықтың тәрбиелік жұмысының түрлері әртүрлі болады. Біріншіден, бәріне бірдей мүмкіншілігінше қисынын табу. Бұл жағдайда тұлғалыққа бөлінудің мәнісі қажеті жоқ болады. Екіншіден, қол астындағылармен жұмысты олардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып істеу. Бұл жерде жеке тұлғамен жұмыс екені көрінеді. Үшіншіден, ұқсастығына байланысты мүмкіндігінше спортшыларды топтарға бөлуге болады. Жеке тұлғалық оқу, спортшыларды әртүрлі мәселелерге бағыттап жұмыс істету – назар аударуға тұрарлық. Осындай шешімді пайдаланып, спортшының жеке қабілеттерін еске сақтау керек. Әрі практикалық нұсқауларды арнайы психологиялық әдебиеттерден іздеп тапса болады, кеңесті психолог маманнан алуға болады. Тұлғалық ыңғаймен қатар, дифференциялық ыңғай туралы айтсақ болады. Бұл жерден спортшылардың істейтін арнайы жұмыстарын, олардың айырмашылықтары мен жалпы түсінігін ескереді: жынысы бойынша, білімі, тәжірибиесі бойынша. Бұл тұлғалықтан бұрын пайда болды. Дифференциалдық ыңғай онша зерттелмеген. Дифференциалдық ыңғай туралы жалпы мәліметтер көп.
Жыныстық айырмашылық: кеңінен жайылған мәлімет; ер адамдар әйел адамына қарағанда спортқа жақын, спорттық күреске икемді, бәсекелестік рухы жоғары, алдына қойған мақсатқа жете біледі, күйзеліске тұрақты, көңіліне алмайды және төзімді, ұрыс-жанжалға жақын емес, бәрін бірдей тыңдай бермейді. Әйелдерде спорттық байланысты бірсыпыра жақсы мінездеме болады. Олар: зергерлік нақтылық істерді жоғары нәтижеге көрсетеді. Бірқатар бірқалыпты, жолықтырар жұмысты атқарады, тәртіпті болады, бірақ олар қиын мінезді келеді, ұрыс-жанжалға жақын келеді өздеріне жаттықтырушының көп назар аударғанын қалайды. Жастық айырмашылық: спортта жоғары мәртебелі дәрежеге қазіргі кезде көп спортшылар жас шағында (16-18жас) жетеді, бірақ бұл жаста адам әлі тұлға ретінде толық қалыптасқан жоқ; оның сезімі қалыптаспаған, пікірі тұрақты емес, көзқарасы, қарым-қатынасы және т.б.
Спорттық тәжірибе. Тәжірибесі мол спортшылар, командаға жаңадан келген спортшыларға көбірек көңіл бөліп, қамқорлық танытуды қажет етеді. Себебі олардың әлеуметтік қорғанысы аз. Психологиялық дайындығы мен қорғаныш сезімі әлсіз болғандықтан олар өздеріне айтылған нұсқаулар мен ескертпелерді ауыр қабылдайды. Осыған байланысты осындай спортшыларды жаттықтыру кезіндегі жаттықтырушының басты мақсаты – спортшылар санасына өзін-өзі жоғары бағалау сезімін қалыптастыру. Оны қолдау арқылы, тәжірибелі спортшылардың тәжірибесі кейінгілерге дұрыс қарауы арқылы әлеуметтік қорған болады. Жеке тұлғаның психологиялық дайындығының бірінші және өте жауапты қадамы деп спортшының жеке психологиялық өзгешеліктерін тану болып табылады. Олар спортшылардың физикалық, сондай-ақ психикалық жаттыққандығын, эмоциялық-еріктілік, этикалық, моральдық-адамгершілік және ұжымдық дайындалғандығын кемелдендіруге бағытталады.
Тұлғаның бағытталуы: қызығушылық, сендірушілік, патриоттық, борышты болу және т.б.
Көзқарас: адамдарға (ұйымға, жаттықтырушыға, жолдастарға, қарсыластарға, жұмыстарға (спортқа, еңбекке, өзіне); өз-өзіне (өзімшілдік, мансап қуушылық, өзін-өзі ұстау, өзін-өзі тәрбиелеу, қуаныш пен қайғысына, сынға, марапатқа, сый мен жазаға).
Психологиялық даму: жүйке жүйесіне тән қасиеттердің білінуі, темперамент, психологиялық қасиеттер. Жаттығу кезіндегі қарым-қатынас пен тәртіп: абайлау, тәртіпшілдік, жинақтылық, еңбекқорлық, белсенділік, жақсы көңіл-күй, ұнайтын және ұнамайтын жаттығулар, тапсырмалар, әртүрлі жағдайлар, жиі сапарға көзқарасы, керекті заттардың ауысуына, жаттықтырушының көмегі мен сөздеріне көзқарасы. Жарыс кезіндегі қарым-қатынас пен тәлім-тәрбие: кәдімгі старт алдындағы жағдай, жарыс кезеңіндегі түс, спорттық күрес кезіндегі жүйкенің таусылуы, басында және жауапты сәтінде, әсіресе жаттығу кезінде жарыс кезеңіндегі психикалық жағдайдың жақсы жаққа өзгеруі, спорт төрағасына деген көзқарас, әсіресе кеңес берерде.
Еліміздің ертеңі, болашағы дені сау, салауатты өмірді қолдайтын жастардың қолында десек, сол жас ұрпақты, спортшылар мен спорт командаларының құрамындағы жастарды жарыс алдындағы психологиялық дайындығы ұстаздардың еншісінде болары сөзсіз.
Әдебиеттер:
1.Адамбеков Қ.І. Балалар мен жасөспірімдердің дене қасиеттерін тәрбиелеу және оның тиімділігін бағалау. – Алматы, 1993.
2.Ақпаев А.Т. Спортшылар мен спарт командасының психологиялық дайындықтар негізі — Алматы, 2003.
3.Ақпаев А.Т. Дене шынықтыру дайындығының негіздері — Алматы, 2002.
4.Алексеев А.В. Ключи к резервам психики.- Краснодар, 1995. Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Начальная школа и физической культуры», № 3 (30), 2011 г. 6
5.Мапкин В.Р. Управление психологической подготовкой в спорте. — Екатеринбург, 2001. 6. Психология ФКиС / Под ред. Родионова А.В. – М., 2007. 7. Родионов А.В. Практическая психология ФКиС. – Махачкала, 2002.