Home » Мақалалар » Психикалық дамуы тежелген балалардың таным қабілеттерін дамытуға арналған түзеу-дамыту сабағы

Психикалық дамуы тежелген балалардың таным қабілеттерін дамытуға арналған түзеу-дамыту сабағы

Калиева Дина Жакуповна
Батыс Қазақстан облысы
Бәйтерек ауданы
Өркен жалпы орта білім беретін
мектептің педагог-психологы

Сабақтың мақсаты: зейін, қабылдау, еске сақтау, ойлау, сөйлеу, қиял қабілеттерін дамыту, коммуникативтік дағдыларын, эмоционалды ерік-жігер өрісіндамыту

Керекті құралдар: үлестірмелі материалдар

Сабақтың барысы:

І. Ширату. «Көңіл -күйді бейнелейік»

Балаға көңіл-күйді бейнелеу керектігі сұралады. Кіп-кішкентай, жиі жауған жаңбырдай, тамшылайық, ал енді ауыр, үлкен тамшылардай тамшылайық боз торғай сияқты ұшайық, ал енді шағала, бүркіт сияқты ұшайық. Кәрі әжей сияқты жүрейік, содан кейін көңілді сайқымазақ сияқты секірейік.

ІІ. Жаттығу «Сезім»

Балаға түрлі сезімдер оқылады, сөйлемдерді қалай аяқтайтыны туралы сұралады.

Менің алдымнан адам шыға келсе, одан мен …… сезінемін

Кішкентай баланы көргенде, мен ….. сезінемін

Танымайтын адамды көргенде, мен…… сезінемін

Бірге оқитын сыныптасымды көргенде, мен…… сезінемін

Мен сәлемдестім, ол мені байқамай қалды, мен…… сезінемін

Менің танысым тоқтай қалып, қалайсың қарады, мен….. сезінемін

Мен біреумен сәлемдестім, бөтен болып шықты, мен…. сезінемін

ІІІ. Тапсырма. «Сөйлемді құра»

Балаға бейнеленген заттарды қолданып, сөйлем құрауы сұралады. Нұсқалар кезегімен беріледі.

1-нұсқау: мысық, жіп

2-нұсқау: гүл, ыдыс су құятын

3-нұсқау: дәптер, қарындаш

4-нұсқау: қала, троллейбус.

5-нұсқау: нан, ірімшік

ІV. Ширату. «Жел соғады оған»

Балалар шеңбер бойында үстелдерге отырады, ал жетекшілік орындығы жоқ, ол тұрып тұрады. Жетекші белгі бергенде, яғни, «Жел таңертең тіс тазалаған адамға соғады», сонда ойыншылар орындарынан тұрып басқа бос орындықтарына отырулары тиіс. Өз орындықтарына отыруға болмайды. Егер ойыншы үлгермей қалса, жетекші болады.

  1. Тапсырма«Сөзді құра»

Балаға сөздер тауып беріледі. Оларды жалғау арқылы сөйлем құрау сұралады. Мысалы: түлкі — ірімшік

балық — су

құйрық — мысық

пирог — капуста

мектеп — білім

теңіз – тамшы

. Психогимнастика. «Қарлығаш»

Қарлығаш керілді (қолдарымызды жоғары көтереміз), қолдарын жазды (қолымызды екі жаққа жазамыз). Еңкейді (төмен қарай иілеміз, қолымызды түсіреміз). Шайқалды (екі жаққа қарай теңселеміз). Алтын кілтті таптыда (қолымызды айқастырамыз). Үйіне қайтты (қолымызды жоғары көтереміз де бір орында тұрып, адымдаймыз).

VІІ.Тапсырма «Анықтама бер» жаттығуы

Балаға бір таныс зат аталады және осы затқа нақты анықтама беруі сұралады. Мысалы:

Стакан бұл………(ішуге арналған ыдыс, шыныдан жасалған)

Алма ағашы ……..(алма өсетін ағаш)

Шам бұл ……..(жарықтандыруға арналған электрлі құрал) т.б.

VІІІ. Психогимнастика: «Аспанға қалай жетуге болады?»

Не істеуге болады? (иығымызды түзетіп, қолымызды жазамыз)

Аспанға жету үшін? (қолымызды көлегейлеп, жоғарыға қараймыз)

Алдымен тамаққа отырып (үстелге отырамыз)

Дәмді ботқаны жейміз (тамақ ішуді бейнелейміз)

Жасыл орманға барып (тұрып адымдаймыз)

Биік ағаш табамыз (қолымызды жоғары көтереміз)

Бұтақтары арқылы ақ бұлттарға барамыз (қолымызбен жоғары шығып, бара жатқанымызды бейнелейміз)

Бізге ешкім жете алмас! (қолымызды екі жаққа созамыз)

Күнді ұстап аламыз (қолымызбен күннің формасын ұстап аламыз)

Енді міне кері жол………. (сағатқа қараймыз)

Қолымызды күнге қарап бұлғаймыз (алақанымызбен бұлғаймыз)

Үйге қарай ұшамыз (ұшып бара жатқанды бейнелеп, орнымызға отырамыз)

Рефлексия

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.