Мыкышаев Елдар Тургалиевич
Нұр-Сұлтан қаласындағы
№49 орта мектептің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ақпараттық технологиялар оқу үрдісін жаңартуға мүмкіндік береді және оқыту нәтижелеріне қол жеткізудің жоғары тиімділігіне кепілдік болады. Ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдалану оқушыларды оқытып-үйретудің педагогикалық әдістерін айтарлықтай байыта түседі. Аталған технологиялардың (электронды оқулықтар мен Интернет жаһандық желісі) ақпаратты сақтау, іздеу және тарату жөніндегі мүмкіндіктері төмендегідей міндеттерді шешуге көмектеседі: сабақтың ақпаратқа толығушылығын арттыру, мектеп оқулықтарынан тыс ақпарат іздеу, сабақ мазмұнын толықтыру және тереңдету.
Сондықтан да дене шынықтыру сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігін теориялық тұрғыдан негіздеу және эксперимент жүзінде сынап көру — маңызды істердің бірі болмақ.
«Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты – білім алушыларды өз денсаулықтары мен психикаларын нығайтуға ынталандыру болып табылады. Оқушылардың дербес және жас ерекшеліктерін ескеріп, бойда қалыптасқан арнайы спорттық дағдылар мен сапаларды қолданып, сол арқылы олардың дене қабілеттерінің дамуларына ықпал ету [1].
ХХІ ғасыр жоғары ақпараттық технологияның дамыған ғасыры. Бұл білім беруді жаңғыртудың жаңа шарттарын талап етеді. Сондықтан да мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі — АКТ) қолдану объективті және табиғи процесс болып табылады.
Білім беру кеңістігінде болып жатқан интеграциялық үрдістер педагогикалық процестің түбегейлі өзгеруіне ықпал етті. Бұл өзгерістер білім беру мазмұнын, оқытудың технологияларын қолданудың жаңа жүйесін құрды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жолдауында «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек….» — деген болатын [2]. Аталған бағыттардың табысты іске асуы мектептен басталмақ.
Оқу процесінде АКТ-ны қолдану – оқу мотивациясын арттырудың бір тәсілі. АКТ оқушының ғана емес, мұғалімнің де шығармашылық тұлғасын дамытуға ықпал етеді, адамның негізгі қажеттіліктерін, яғни қарым-қатынас, білім беру, өзін-өзі жүзеге асыруға көмектеседі [3].
Жоғарыда айтылған мәселелер біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі. Ақпараттық технология ұғымына тоқталып көрелік.
Ақпараттық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталады.
Ақпараттық технология ұғымын ғылыми айналымға енгізген ғалымдардың бірі В.М.Глушков «ақпараттық технология-ақпарат өңдеумен байланысты ұғым» — деп дәлелдеген[4].
Ғ.К. Нұрғалиеваның пікірі бойынша, «Педагогикалық технология мұғалім аз күш жұмсап, ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталады» [5].
Қазақстандық ғалым С.М.Кеңесбеков «Білім беруді ақпараттандыру білім беру саласының теориясы мен практикасына ақпараттық -коммуникациялық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиеде оның психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктерін қолдану үрдісі» -деп айтқан болатын.
Ақпараттық технологияларды дене шынықтыру пәнінде қолдану оқушылардың төмендегі мүмкіндіктерін ашады:
- Коммуникациялық қабілеттерін дамыту;
- Ақпарат көздерімен жұмыс жасау;
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Оқу үдерісіне белсене қатысу;
- Оқу мотивациясын арттыру;
- Ақпараттық қоғам жетістіктеріне жақындау.
Әлемдік білім беру саласында соңғы жылдары ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану аясы кеңейді. Білім алу мүмкіндіктері артты: қашықтан білім алу, виртуальды кеңістіктегі әртүрлі тренингтер, онлайн-курстар, электрондық оқулықтар, бейнедәрістер, мобильді оқу, электрондық және цифрлық білім алу ресурстары, оқытудың әртүрлі платформалары т.б.
Демек, қоғамдағы қарқынды даму қадамдарының жыл сайын жаңа өмір салтын құруына орай, мектеп мұғалімдері де орын алған өзгерістерді дұрыс қабылдап, өз әлеуетін көтеруге ұмтылуы қажет. Мектептің тұтас педагогикалық үрдісі осы мүмкіндіктерді дамытуға септігін тигізеді.
Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі инновациялық технологияларға сүйене отырып, оқушының ақпараттық құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік жасау. Бұл мүмкіндіктер дене шынықтыру пәні арқылы да жүзеге асады.
Дене шынықтыру пәні мектеп бағдарламасында маңызды пәндердің бірі болып табылады. Пәннің мақсаты оқушының денсаулығын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды үйретеді.
Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы маңызды пәндердің бірі болып табылады.
Мұғалім дене тәрбиесі пәнінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың шығармашылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Мектеп бағдарламасында дене тәрбиесі негізгі үш бағытқа бөлінеді. Атап айтсақ, жалпы дене дайындығы, кәсіптік-қолданбалы дайындық, спорттық дайындық. Дене тәрбиесі пәнінде жаңа технологияларды пайдалану Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді, спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады.
Сондықтан да мұғалім жаңа инновациялық технологияларды тиімді қолдануы қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты, спортқа бейім оқушылармен белсене жұмыс жасауды, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдайлар туғызуды, еңбектенуді үйретеді. Дене тәрбиесі пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың әртүрлі дағдыларын дамытуға болады. Себебі, дене тәрбиесі интеграциялық пән ретінде, салауатты өмір салтын қалыптастыру, валеология, анатомия, медицина сияқты пәндердің негізін үйретеді. Дене шынықтыру сабағында қимыл-қозғалысты ғана дамытып қоймай, «Кластер», «Ми шабуылы» сияқты белсенді әдістерді сабақ үрдісінде қолдану арқылы оқушылардың логикалық ойлау дағдысын дамытады. Сонымен қатар әртүрлі тақырыпқа арнап, оқушыларға жоба жазуға болады. Мысалы, «Оқушылардың ссалауатты өмір салтын қалыптастыру», «Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды қолдану», «Дені сау қоғам құру» т.б.
Жобаны жазу барысында оқушылар тақырыпқа байланысты фактілер мен аргументтер іздестіреді. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыдан ақпаратты жүйелеу және талдау, фактілерді, құбылыстарды жалпылау, қорытынды жасау қабілеті талап етіледі.
Жаңа сабақты қайталау кезеңінде Синквейн құрастыру маңызды. Тақырып бойынша оқушылар қысқаша мәліметтер келтіреді. Синквей құрастыру оқушының коммуникативтілігін айқындайды.
Оқыту үрдісінде мұғалім мен оқушының қарым -қатынасы гумандық педагогиканың принциптеріне негізделеді. Бірақ, мұғалім педагогикалық үрдістің негізгі ұйымдастырушысы болып табылады.
Қорыта айтқанда, дене тәрбиесі сабағында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру әртүрлі ақпараттық технологиялардың негізінде жүзеге асады. Соның бірі онлайн сабақтары. Қашықтан оқыту технологиясы негізінде дене тәрбиесі пәнінен әртүрлі жазба жұмыстарын платформаға орналастыруға болады. Жазба жұмыстарына реферат, баяндама, эссе, жоба, мақала т.б жатады.
Осылайша жұмыс тәжірибемізге сүйене отырып, пайымдайтын болсақ, қазіргі дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру және өткізу кезінде АКТ міндетті түрде пайдалану қажет, бұл дене еңбегін ой еңбегімен табысты ұштастыруға, мектеп оқушыларының интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жалпы дүниетанымын өрістетуге мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиеттер
- Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Дене шынықтыру» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы, — Астана, nao.kz
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қaзaқcтaн xaлқынa Жoлдaуы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. — Астана, 2012 //http:akorda.kz
- Абилова Л.К.Оқу үдерісінде АКТ-ны қолдану арқылы білім мазмұнын жетілдіру //www.zkoipk.kz/kz/2016smart5/2445-conf.html
- Глушков В.М. Компьютеризация в сфере образования: проблемы и перспективы. – М.,1987.
- Нургалиева Г.К. Ценностное ориентирование личности в условиях информатизации образования. – Алматы, 2004.