Хуатбек Калуа
Ақмола облысы Зеренді ауданы
Ақадыр орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жаңа технология – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол оқытушыны алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды. Жаңа технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізі қағидалары: білім алушыға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; білім алушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; білім алушының өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; білім алушының танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр білім алушының оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық білім алушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін білім алушының сезінуі.
Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
XXI ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Оқушы қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар тиімді қолдануға тиістіміз. Сол себепті мен өз білімімді сіздермен бөліскім келді.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» — деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту – мұғалім басшылығымен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
Коммуникативтік байланысы технологиясы. Коммуникативтік байланыс технологиясы – шеттілдер мен байланыс негізінде оқыту. Ол сабаққа іскерлік бағдар береді. Сабақтың практикалық жағына бағытталады. Сөйлеу жаттығулары арқылы лексика мен грамматикалық ұғымдар кең көлемде бірқалыпты, және тез мөлшерде жинақталады. Коммуникативтік оқыту қарым-қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік береді.
Деңгейлік саралау технологиясы – саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлерімен модельдерін қарастырады:
— мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
— оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады.
Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін, әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ). ОҰӘ – оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы. ОҰӘ принциптері:
- жоғары жетістікке талпыну;
- алынған мәліметті бір-біріне лезде кідіріссіз жеткізу;
- оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;
- әртүрлі деңгейлік;
- тақырып пен тапсырмалардың әртүрлілігі;
Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
Оқытудың компьютерлік технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады. Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру процестері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір модельдерді пайдалануға негізделеді.
Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.
Ойлау қызметін этаптар бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық этаптарында бақылап отыру – технологияның ең маңызды компоненттерінің бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.
Жеке пәндік педагогикалық технологиялар.
Ерте және интенсивті сауаттылыққа оқыту технологиясы.
Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты активтендіре отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.
Бұл міндеттрді шешу үшін әр оқытушының күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да, әр оқытушы өз әрекетінде қажетті өзгерістерді, әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады.
I кезең — оқып үйрену;
II кезең — меңгеру;
III кезең — өмірге ендіру;
IV кезең — дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: оқу үрдісін қарқынды жүргізуді жаппай қолға алу; білім алушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік ұйымдастыру-шылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарттарымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру тенологиясын игеру арқылы білім алушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіруді үнемі басшылыққа алу, өйткені оқыту — тәрбиенің негізі болып табылады.
Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда:
- қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
- нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т.б.)
- қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс- әсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөз екінші сөзбен алмастырылған. Бұрын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков т.б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.
Егер әдістемелерде білім алушылардың білімді меңгеріп, бекітуі үшін білім алушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға баса назар аударылса, технологияда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және оның нәтижесін тексеру қатар жүреді. Бұлар өзара байланысты. Олардың біреуіне жете көңіл бөлмеу, педагогикалық жүйені бұзады.
Педагогикалық технология білім сапасын тексеруді жеке алып қарауға, оны жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Білім алушылар материалды қаншалықты деңгейде меңгергені анықталып, атқарылатын жұмыстар белгіленеді. Оқытушы оқу материалын бекіте алады, бірақ оны меңгермеген жеке білім алушылармен оқу жұмыстары ұйымдастырылады. Ал оқу материалын білім алушылардың көбі меңгермесе, онда өткен материалды бекітумен қатар оны меңгермеу себептері анықталады. Ол үшін диагностикалық құралдар (тест, бақылау жұмыстары, сұхбат, әңгімелесу) қолданылады.
Сонымен технология әдістемеден өзге, себебі ол білім алушылардың материалды меңгеру іс-әрекетін басқарады, олардың үлгермеу себептерін анықтауға ерекше назар аударады. Технологияға білімді сапалы түрде меңгеру үрдісін басқару және білім сапасын тексеру блоктары, кері байланыс жүйесі енеді. Кері байланысты мұқият түрде жан-жақты жасау керек. Ең бастысы, оқу материалын білім алушының меңгеруі. Педагогика ғылымында білім сапасы бірінші орынға шығады. Оны көтеру педагогика мен психология ғылымдары алдында тұрған маңызды міндет.
Пaйдaлaнғaн әдебиеттеp:
- «Білім тypaлы» Қaзaқcтaн Pеcпyбликacының Зaңы. Acтaнa, Aқopдa, 2007 жылғы шілденің 27-cі. № 319-ІІІ ҚPЗ
- Шaмoвa Т.И. Aктивизaция учeния шкoльникoв / Т.И. Шaмoвa. М.: Пeдaгoгикa, 2002. 208 c.
- Элькoнин Д.Б. Пcихoлoгия oбучeния млaдшeгo шкoльникa. М.: Знaниe; 2004. 64 c.
- Дaвыдoв В.В., Cлoбoдчикoв В.И., Цукeрмaн Г.A. Млaдший шкoльник кaк cубъeкт учeбнoй дeятeльнocти //Вoпрocы пcихoлoгии. -1992. № 3-4. М45. Джeмc У. Мышлeниe. Хрecтoмaтия пo oбщeй пcихoлoгии: Пcихoлoгия мышлeния. — М.: Изд-вo МГУ, 1981.