Home » Мақалалар » ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ ТҰЛҒАСЫ: ӘЛ-ФАРАБИ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ ТҰЛҒАСЫ: ӘЛ-ФАРАБИ

Нарбаева Ұлжан Рәпілбекқызы,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы,
Тараз қаласы

Өркениет ойшылы, ұлы даланың ұлық тұлғасы Фарабидің қазіргі қазақ жерінде дүниеге келіп, ғаламдық тұлғаға айналатындығын кім білген?! Ол заманда бүгінгідей білім мен ғылымды игеру оңай болмады. Соған қарамастан бала Фарабидің дарындылығы, білімге құштарлығы, еңбекқорлығы оны биік деңгейге жеткізді. Ал бабамыз өмірге келген жер, бүгінгі Түркістан облысы өркениеттің, білім мен ғылым, мәдениет пен сауда-саттықтың орталығы болғандығын дәлелдеп қана қоймай, қала мәдениетінің, азаматтық қоғамның жетілген үлгісі екенін айғақтайды.

Ерте дәуірдегі ұлылық пен тектіліктің эталоны қандай болады деген көкейге сауал ұялағанда, көз алдымызға бірден Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың келуі заңдылық. Сол дәуірдегі барша ілім мен білімді бойына жиған, парасат пен пайымы кең әрі маңыздылығын күні бүгінге дейін жоғалтпаған шоқтығы биік туындыларымен күллі адамзат баласының өркениетке басуына негіз қалаған бабамыздың мұралары халқымыздың рухани игілігіне айнала беретініне сеніміміз мол.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі болу керектігін атап көрсеткеніндей, қазіргі дүниені неғұрлым дұрыс танып-білу және адамгершілік пен ізгілікті дамыту біз әр уақытта, әр дәуірде өзімізге дейінгі өткен тың идеялар мен қағидаларды негізге алғанымыз жөн. Осы орайда, Фарабидің дүниеге көзқарасы мен оның адамның танымына тікелей байланысы туралы идеялары қазіргі біздің ұстанымымызбен сәйкес келеді деуімізге толықтай негіз бар.

Әл-Фараби «Философияны білу үшін не білу керек?» деген еңбегінде нағыз тәрбиеші ұстаздың бойындағы он екі қасиеттің бірі ретінде дүниетанымы кең ұстаз нағыз тәрбиеші бола алатындығын нақтылай түскен. Сондай-ақ баланың ой-санасының дұрыс қалыптасып дамуы үшін айналадағы шындықты танып-білуі маңызды екендігін дәйектеуі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасымен үндесіп жатыр. Әл-Фараби адамның дүниетанымы тек тәрбие мен білім арқылы келетінін тұжырымдай отырып, дүниені мәңгілік деп тануды ұсынған. Ғалым қайда жүрсе де өзінің туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігін жоғары орынға қойған.

Ғалым трактатында адамның әрбір әрекетінің түпкі мақсаты бақытқа жету екендігін тұжырымдай келе, бұл тұрғыда білім қажет екендігін жазған. Әл-Фараби – адам тәрбиесінің бастау көзі еңбек екендігін ғылыми дәлелдеген алғашқы ғалым. Ғалым еңбектің әр адамның өмірінде алатын орнына терең талдаулар жасап, өнерлі болудың бірден-бір жолы осыдан бастау алатындығын дәйектеген.

Батыс пен шығысты терең білімімен бас идірген Əбу Насыр əл-Фарабидің ғылыми еңбектері мың жылдан асса да бүгінгі күнге дейін жетті. Оның рухани мол дүниесінің қолдан қолға өтіп, бізге аман келуі ғалымның ұлылығының, данышпан әрі білімпаздығының тағы бір айғағы болып табылады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.