Каль Кулаш,
Астана қаласы әкімдігінің
№56 «Береке» балабақшасы тәрбиешісі
Ғажайып киіз үй
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға киіз үй туралы түсінік беру. Атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылығымызды сақтауға баулу.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін дамыту, салт-дәстүрге деген қызығушылықтарын ояту, одан әрі дамытуға үйрету.
Тәрбиелік: киіз үй бөлшектерін танып білуге, ой-өрісін , тілдерін дамыту. Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Ұлттық құндылықты бала бойына сіңіріп, заманауи бағытында үрдісінде дамыту. Ой-санасын шыңдау. Балалардың саусақ маторикасын дамытып, ептілікке баулу.
Күтілетін нәтиже: Ұлттық тәрбие бала бойына қалыптасады. Ойын ойнай отырып, саусақ бұлшық еттері дамиды және ой-санасы шыңдалады.
Технология түрі: Ойын технологиясы
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер:
Біз қандаймыз, қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді біз білмейміз.
Қуанасың сенде,
Қуанамын менде.
Арайлап атқан күнге.
Амандасамыз бізде.
Сәлеметсіз бе! (үш тілде амандасу)
Сыр сандық ашылды,
Ішінен жібек шашылды. Қараңдаршы балалар, қандай керемет сандық. Ішін ашып көрейік. –Тақия бар екен. Ендеше басымызға киіп алайық.
Балалар өте жарасып кетті. Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ:
1.Қазір қандай мезгіл?
Қазір күз мезгілі.
2. Үйіңді қорғайды,
Үйге бірақ, қонбайды. Ит
3. Шуақты жақсы көреді,
Шырайланып күледі . Гүл
4. Жалғыз ғана иық,
Тұрады киім киіп. Ілгіш
5. Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз Зымыран
6. Үсті жазық,
Төрт қазық Үстел
7. Жараны шаншып күйдірсе,
Лезде емдей алады Йод
Жарайсыңдар балалар. Ендеше бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: Ғажайып киіз үй болмақ. Балалар Экранға назар аударайықшы.
(киіз үй туралы мәлімет көрсетіледі)
Ой, балалар қараңдаршы мында керемет қазақтың киіз үй бар екен.
Оның үш есігі бар екен.Біздің оқу қызметіміздің де тақырыбы ғажайып киіз үй болды.Бұл киіз үй ғажайыпқа толы. Балалар ішінде не бар екені сендерге қызықпа? Ендеше бірінші есігін ашып көрейік.
Ой, мында балалар тапсырма бар екен. Сендерге қызық па? –Ендеше тапсырманы орындап көрейік.
- Қамшы өру, Дорба, қоржын тігу, Сақинаға моншақтар жинау.
Ендеше шеберханамызға өтіп, тапсырмаларымызды орындауға кірісейік. Іске сәт.
Балаларымыз қамшы өріп, сақиналарын жинап, қоржындарын тіккенше қонақтармен миға шабуыл жасау ретінде қызықты ойын ойналық.
Ойын: «Орнын тап»
Шарты: Бірдей оюлы түстерді, бір қатарға жинау керек.
Балалар сендер шаршаған боларсыңдар.
Ендеше сергіту сәтін өткізіп алайық.
Сергіту сәті: Ән айтып, би билеп сергіп алайық.
- Жарайсыңдар балалар. Мен сендерге бұл киіз үй жай киіз үй деген жоқпын. Бұл ғажайып киіз үй. Ендеше екінші есігін ашып көрейікші. Ой, балалар мында хат бар екен. Қәнекей ашып оқып көрейік. Балалар мұнда жұмбақ жасырылған екен.
Жұмбақ
Сырып тігілетін төсеніш Сырмақ
Ендеше балалар шеберханамызға өтейік. Мұнда қазақтың киізіне басылған қазақтың оюы бейнеленген екен. Сендер түстеріне қарай оюды бір біріне сәйкестендіріп, орнын тауып қоюларың керек. Ендеше іске сәт балалар.
- Жарайсыңдар балалар. Ал енді Додекаэдр әдісімен қызықты сұрақтарға жауап беріп көрейік.
-Бата беру ( Бексұлтан)
-Амандасу
— Тілек айту (Аслан)
- Бүгінгі оқу қызметімізді қортындылау үшін мына текшені айналдырып, сұраққа-жауап беру.
-Киіз үйдің құрылысын рет-ретімен қойып бер.
-Қандай тапсырмалар болды?
-Ұл балалардың қазақ ұлттық киімдерін көрсет?
-Қыз баланың ұлттық киімдері?
-Балалар бүгінгі біздің оқу қызметіміз ұнады ма?
-Ғажайып киіз үйдің неше есігі бар екен?
-Бірінші есігінен қандай тапсырмалар орындадық?
-Қоржын, дорбаның қандай пайдасы бар,не салып алуға болады?
-Сақинаға не жинадық?
-Моншақты кімдер тағады?
-Ұлдарымыз не өрді, сендерге қамшы өру ұнады ма?
- Жарайсыңдар. Ғажайып киіз үйімізге оралайық. Мен сендерге айтқандай ғажайып киіз үйіміздің үшінші есігін ашып көрейікші. Сендерге базарлық бар екен. Бүгінгі оқу қызметімізге өте керемет қатысқандарың үшін, базарлықтарыңды таратып берейін.