Home » Жаңалықтар » М.ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

М.ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Шәкір дайындайтын әрбір университеттің алдына сапалы білім беру мен саналы ұрпақ тәрбиелеудің мақсаты қойылады. Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік стандартқа сай жүзеге асыру да жаңашыл бастамалардың бірі. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті жаңашыл бастамаларды қолға алған алғашқылардың қатарында.

Биылдан бастап М.Қозыбаев университетінің түлектері ЖОО бітіргені туралы халықаралық стандарт бойынша орындалған жаңа үлгідегі диплом алады. Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін 92-93% деңгейіне дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма төрағасы — ректор Ерлан Шұланов мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ, облыс әкімдігінің қолдауымен университет бітіруші студенттерді жұмысқа орналастыру қолға алынды. Бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында өңірлік ірі кәсіпорын басшыларымен қоян-қолтық жұмыс атқарылуда.

Облысымызда «Серпін» бағдарламасымен оқуға түсіп, бітіріп шыққан түлектерге айырықша көңіл бөлініп отыр. Осы жоба арқылы биыл 237 түлек оқуын тәмамдайды. Білім алушылардың  әрқайсысы облыстық кәсіпорындар мен білім мекемелерінен арнайы бас ваканция үшін ұсыныс алып, жұмысқа орналасып жатыр.

Медициналық мамандықтағы түлектерді де жұмысқа орналастыру сапалы ұйымдастырылған. Сәуір айында облыстық ауруханалар мен емханалар басшыларының қатысуымен іріктеу  жүргізілді. Интернатураны 21 адам аяқтайды. ЖОО білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша үнемі белсенді жұмыс істейді. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингісіне сәйкес университеттің 20 ББ ел бойынша үздік ондықтың қатарына енді. Бұған, әрине, мықты профессорлық-оқытушылық құрамсыз қол жеткізу мүмкін емес.

Осы оқу жылы университетіміз үшін жемісті, жеңісті жыл болды. Екі оқытушымыз Қазақстан Республикасындағы «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын алды: Татьяна Ратушная, PhD докторы, ИжСТ деканы, сондай-ақ PhD докторы, доцент Тоқтар Мұрат. Сонымен қатар, ол ҚР БҒМ 7,6 млн. теңге көлемінде «Биокөмірдің сілтісіздендірілген қара топырақты, топырақтың құнарлылығына және жаздық бидайдың шығымдылығына әсері» атты ғылыми грантын жеңіп алды. Сондай-ақ,  ғылыми гранттарды Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, PhD докторы Гүлмира Мұхаметжанова — 38 млн тг және «Математика және информатика» кафедрасының доценті, PhD докторы Светлана Луцак-50 млн тг көлемінде грант ұтып алды.

Университетіміздің ғалымдары өңір үшін маңызды мәселелер бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алып отыр.

Басқарма басшысының мәліметінше, «2016 жылы университет базасында химия кафедрасының доценті Ирина Голодованың жетекшілігімен бір топ ғалымдар суды тазарту бойынша ғылыми технологияны коммерцияландыру жобасын бастады. «Биопруд» су жинағыш-су қоймасын альголизациялау бойынша қызметтерге «судың ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС-мен шарт жасасу қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.

Айта кетейік, «Судың ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС біздің университет базасында 2016 жылы ашылған. Қазіргі уақытта осы технологияны қалалық биосынаманы тазарту үшін пайдалану мәселесі пысықталып жатыр. Бұл ғылыми технология ЖОО зертханасында теңсеріліп, содан кейін өңірдің игілігі үшін жұмыс істейтін нақты кәсіпорындарға айналғаны барлық ғалымдар үшін жақсы бастама.

Университет беделінің негізгі көрсеткіштерінің бірі — шетелдік студенттердің болуы. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне үлкен сеніммен келген шетелдік студенттердің білім алуы, университет мәртебесін асқақтатып, мерейін өсіре түсті.

Бүгінде бакалавриатта 10 мемлекеттен 365 студент оқиды. Сондай-ақ, «Биыл университеттің ТЭжҚ факультет базасында сертификаттау орталығы ашылды, ол студенттерге өзінің академиялық бағдарламасы шеңберінде ЖОО дипломынан басқа 1С-бухгалтерия кәсіби сертификатын алуға мүмкіндік береді. Бұл жоғары оқу орындары базасында Қазақстандағы алғашқы осындай сертификаттау орталығы болып табылады. Біз өзімізге мұндай орталықтарды көптеп ашуды мақсат етіп отырмыз», — деп атап өтті Басқарма Төрағасы-Ректор Ерлан Шұланов.

Кокбас Жазира,
«BILIM AINASY»
СҚО

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.