Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданының Базартөбе ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Белгілі журналист әрі зерттеуші ғалым, жерлесіміз «Ғасырға сыр»( 2001) , «Ғасырдан тәбәрік» ( 2004), «Жәңгір хан» ( 2014, 2020) « Еңбекші қазақ» әндері» (2019) т.б тарихи танымдық кітаптарының авторы.
«Батыс Қазақстан» энциклопедиясы авторларының бірі, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері, әр жылдары республикалық «Қазақстан мұғалімі» , «Егемен Қазақстан» газеттерінде бөлім редакторы , Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кеңесі аппаратында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің баспасөз қызметінде, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде қызметтер атқарған Тілекқабыл Боранғалиұлы — ның естелігінен
«Иә, мен-4 класты Қызылжар мектебінен ( Базаршолан ) бітірдім. Ол кезде сегіз жылдық еді. Директоры Ғабдолла Махамбетов. № 2- ферманың барлық дерлік қыстауы мен құдықтарын жайладық. Ерте қайтқан анамның зираты орталықтан 12 шақырымдағы Таутөбедегі жол бойындағы обаның басында, құлпытасы жоқ. Әкем Базаотөбенің қырындағы Жұмыр Сасық күмбездерінің тұбіне қойылған. Атақты шабандар Бисекен Шымыров,Қабдығали Оразов,Бақтыгерей Мұхсимов,Бисен Ашықбаев секілді адамдармен қырда,қыстауда талай көрші болдық, құдықтас, аралас өстік.
Шығыр,Шымыр,Қарақұдық секілді жерлер маған мәлім. Итесте төрт бұрышты ұзынша мәйіт болатын, бір әулеттің ортақ қорымы болса керек. Жаз кезінде жан жақтан ақшыл оттар жарқырып, созыла жанғандай, кейде жылжып жүргендей көрінетін. Үлкендер « қырдағы көп мола- қорымдардан шығатын от» дейтін. Қалдығайты да қой тоғыттық, Қарақұдық, Итесте қой қырқу пункіті болады, күпке құйылады, сырғалау, егу, сахман деп бүкіл қыр жақ қысы -жазы дүрілдеп тұратын! Қырға келетін мащина, водовоздарды күндіз шаңыынан, түнде бортының, цебінің салдырынан танитын кез! Қазір бәрі маң дала болар…
Әкем ғасыр басында туған үлкен кісі, жұртты руымен, жердің атын «бірінші ауыл» , « үшінші ауыл» деп сөйлейтін. Ру болғанда ,оның ішіне кіріп: е, ол «әлтеке ғой», а анау «байторы да», ол « қаратоқай ғой», «есенғұлма», ылғи «тоқбастар» жиналып деп деп сөйлейтін. Ол кісілер барша адамның руын білетін. Е, оның әкесі ана жылы ұсталып кеттіғой: деп әңгіме айтып отырғанда баламыз ғой: сотталды дегенді неге үсталды деп айтады деп ойлап сұрауға батпайтын едік. Сөйтсек екеуі екі түрлі оқиға екен- ау! Біз жиенбет танамыз, Тасбаев Мұрат,Аймырза, Құсайын, Имаш, т.б бізбен ағайындас болса керек. Бисекен ағай менің әкемді аға деп, ал шешеммен жеңге деп сөзбен де , кейде жұлысып та қатты ойнайтыны есімде .
Мен бірақ ол ауылдан Базаршоланнан он екі жасымда кеттім. Менің кластастарым :Тілеш, Жоламан, Салық, Ғизат, Жолбатыр, Сағима, Ақырыс, Зәуреш, Күләш, Асыл, Алтынай, Мая , т.б аға апаларың … Ол жылдары Базаршоланда орыстар да тұрды, олар түгел қазақша сөйлейтін, балалары кішкене күнінен екі тілді бірдей білетін. Қызылжар сегізжылдық орыс қазақ мектебінде 1-4 кластарда қатар оқыдық, достарымызыдң бірқатары орыс класына барды. « Ақшкол», «қызыл школ» деген екі корпусы болды, тіпті патша заманында , уез ,болыстық кезде салынған екен. Кезінде болыстық мектеп аталған. Бір жетістігі сол 1950-60- ншы жылдардың өзінде барша пән кабинеті талапқа сай жабдықталған, кино қондырғысы, клубы, буфеті бар еді. Базаршолан ауылы үш шағын ауданнан тұратын. Мектеп тұрған орта тұсы Қызылжар, совхоз кеңсесі орналасқан жағы Центр, төменгі ауыл Баянтөбе аталды. Аудан орталығы ол кезде Калмыково кенті, арғы бетте пароммен өтеді , паром екі жағаға керілген сым арқан арқылы қолмен тартылады, яғни жолаушылар өздерін өзі тартып өткізеді. Біздің әкелеріміз Калмыковты басқаша, бір кездегі ескі атауымен «Князь» деп атайтын. Бір шаруалармен « Кньязге» барып келемін деп кетіп баратын. Біздің балалық шағымыз осылайша ескі заманның әңгімесін куәгерлердің өз аузынан естіген, жаңа кезеңге өтердегі шежіре көпір секілді қызықты уақыттар еді.
Мен қазір жиырма үш жылдан бері Астана- Нұр- Сұлтан қаласында тұрамын. Елорданың әрбір ғимараты көз алдымызда бой көтерді, жаңа қаланың қанат жайғанына, көкке өрлегеніне бір кісідей куә болдық.
Әсем Астанада отырып сонау Базаршоланның қырында өткен балалық кезден ойда қалған бірер сөз естелік қой , — деп ағамыз өткен күндерін сағынышпен еске алды.
Елбасымыз Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр, деп болашақ жастарға сенім артқан. Кез келген мемлекеттің болашағы жастар. Олай болса, болашағымызды жарқын ету , ауылымның өркендуі үшін көзі ашық ,көкірегі ояу білімді тұлғамыз Тілекқабыл Боранғалиұлын мақтан тұта отырып деректерін « Біздің тұлға» тақырыбымен жариялауды жөн көрдім.
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы Базаршолан ауылы
Ғабдолла Махамбетов атындағы ЖОББМ
«Өлкетану» үйірмесі және
«Шежіре» мұражай жетекшісі:
Байжиенова Бакытгул Аманғалиқызы.